К ә с І п т І к б І л І м б е ру г. В. Ярочкина электротехника негіздері



Pdf көрінісі
бет157/243
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#11318
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   243
7.1. ЭЛЕКТРЛІК МАШИНАЛАРДЫҢ 
КЛАССИФИКАЦИЯСЫ МЕН ӘРЕКЕТ ЕТУ 
ПРИНЦИПІ                                                                              ,
  
 
Электрлік 
машиналар 
электрлік 
станцияларда, 
ӛндірісте, 
транспорттарда,  авиацияда,  автоматтандырылған  реттеу  және  басқару 
жҥйелерінде кең тҥрде қолданылады. Мҧндай машиналар механикалық 
энергияны электрлікке және керісінше тҥрлендіре алады.  
Механикалық  энергияны  электрлікке  тҥрлендіруші  машинаны 
генератор  деп  атаса,  электрлік  энергияны  механикалыққа 
тҥрлендіретін машинаны қозғалтқыш деп атайды.  
 Электрлік машина, сонымен қатар бір тҥрдегі токтың энергиясын 
басқа  тҥрлі  токтың  энергиясына  тҥрлендіруде  (ауыспалы  ток 
фазаларының  жиілігі,  саны,  тҧрақты  токтың  кернеуі)  қызмет 
атқаруы  мҥмкін.  Мҧндай  электрлік  машиналар  тҥрлендіргіштер 
деп аталады.  
Электрлік  машиналар  тҧрақты  және  ауыспалы  ток  машиналарына 
жіктеледі.  Ауыспалы  ток  машиналары  бір  фазалы,  сондай-ақ  кӛп 
фазалы бола береді. Аса кең қолданысқа ҥшфазалық синхрондық және 
асинхрондық машиналар ие болды.  
Электрлік  машиналардың  әрекет  ету  принципі  электрмагниттік 
индукция  және  электрмагниттік  кҥштердің  физикалық  заңдарына 
негізделген.  Осы  заңдарға,  сондай-ақ  Ом,  Джоуль-Ленц  заңдарына 
сәйкес,  электрлік  машиналардағы  жҧмыс  ҥрдісін  сипаттаушы 
ӛлшемдер арасындағы негізгі қатынастарды алуға мҥмкіндік береді.  
Магниттік  ӛрістен  туындатушы  электрмагниттің  екі  полюсі  7.1-
суретте  кӛрсетілген.  Магниттік  ӛрісте  полюстер  арасында  қимасы 
шеңбермен  бейнеленген  ӛткізгіш  орналастырылған.  Егер  тҧрақты 
магниттер  немесе  электрмагниттердің  полюстерінің  магниттік 
ӛрістеріне ӛткізгішті орналастырғанда және оны қандай да бір кҥшпен 
қозғалтқанда,  онда  мәні  келесі  формуламен  анықталатын  ЭҚК 
туындайды: 
 
 
 


 
7.1-сурет.  Электрлік  машинаның 
әрекет ету принципі 
 
мҧндағы B — ӛткізгіш орналасқан 
орындағы  магниттік  индукция;  l 
—  ӛткізгіштің  белсенді  бӛлігі, 
яғни  магниттік  ӛрісте  орналасқан 
бӛлігі;  v  —  магниттік  ӛрістегі 
ӛткізгіштің қозғалу жылдамдығы. 
 
Бҧл  қатынас  ӛткізгішті  ӛріс  сызығындағы  магниттік  кҥштерге 
бағытталған перпендикулярлы тҥрде қозғалатындығын болжайды. 
ЭҚК бағыты оң қол ережесімен анықталады.  
Егер  осы  ӛткізгішті  электрлік  энергияның  қандай  да  бір 
қабылдауышының  кедергісіне  тҧйықтаса,  онда  тҧйықталған  тізбекте 
ЭҚК  әсерінен  ӛткізгіштегі  ЭҚК  бағытына  сай  келетін  электрлік  ток 
жҥретін болады.  
Ӛткізгіштегі  токтың  I  магниттік  ӛріспен  әсерлесуі  нәтижесінде 
бағыты  сол  қол  ережесімен  анықталатын  электрмагниттік  кҥш 
туындайды Р
эм
, яғни, бҧл кҥш магниттік ӛрістегі ӛткізгішті қозғалтушы 
кҥшке қарсы бағытталатын болады.  
F  =  Р
эм
  кҥштерінің  тепе-теңдігі  жағдайында  ӛткізгіш  тҧрақты 
жылдамдықпен қозғалатын болады.  
Мҧндай  қарапайым  электрлік  машинада  ӛткізгішті  қозғалтуға 
жҧмсалатын механикалық энергия электрлік энергияға тҥрленеді. Яғни 
мҧндай машина генератормен жҧмыс істейді.  
Егер электр энергиясының тҧрақты кӛзінен ӛткізгіш арқылы токты 
ӛткізгенде,  онда  ӛткізгіштегі  токтың  магниттік  ӛріспен  әсерлесуі 
нәтижесінде  энергияны  қандай  да  бір  механикалық  қабылдауыштың 
тежеуші  кҥшін  ӛте  отырып,  магниттік  ӛрісте  ӛткізгіштің  қозғала 
бастауына  әсер  етуші  электрмагниттік  кҥш  F  туындайды.  Мҧндай 
режимде машина қозғалтқышпен жҧмыс істейді.  
Генератор  режимінде  (7.2-сурет)  электрмагниттік  мезеті  М
 
біріншілік  желілік  қозғалтқыштың  (турбина,  дизель  және  т.с.с.) 
мезетімен  теңдесе  отырып,  айналуға  қарсыласады.  Қозғалтқыш 
режимінде  электрмагниттік  мезеті  М
 
айналу  бағыты  бойынша  әрекет 
етеді  (7.3-сурет).    Біркелкі  айналу  кезінде  механикалық  қондырғыдан 
(станок, сорғы, желдеткіш  және  т.с.с.) іске  келтірілетін кедергі мезеті 
М  қарсыласады.  
 


 
 
7.2-сурет. Генератор режиміндегі 
электрлік машинаның жҧмысы 
 
         7.3-сурет. Қозғалтқыш     
        режиміндегі электрлік    
      машинаның жҧмысы 
 
 
   Кез-келген электрлік машина генератор және қозғалтқыш ретінде де 
қолданылуына  болады.  Электрлік  машинаның  ӛзі  тҥрлендірген 
энергиясы  бағытын ӛзгерту қасиеті машинаның қайтарымдылығы деп 
аталады.  
   Электрлік  машиналардың  қайтарымдылық  принципі  орыс  академигі 
Э.Ленцпен  1833  жылы  орнатылған  болатын.    Қҧрылымдық  тҧрғыда 
электрлік машина екі негізгі бӛліктен қҧралады: айналуы — ротордан 
(лат. rotor — айналуы) және қозғалыссыз — статордан (лат. stator — 
қозғалыссыз). 
 
   Есте сақтаңыз 
 
■ 
Магниттік  ӛріс  пен  тогы  бар  ӛткізгіштердің  болуы  энергияны 
тҥрлендіруші  ретіндегі  электрлік  машинаның  жҧмысы  ҥшін 
қажетті  шарт  болып  табылады.  Ал  олардың  арасындағы  тҧрақты 
әсерлесуге айналма қозғалыспен қол жеткізіледі.  
■ 
Электр  машина  қайтарымдылық  принципіне  ие,  яғни  генератор 
ретінде де, қозғалтқыш тҥрінде де жҧмыс істей алады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет