К. С. Лебендинскаяның психикалық дамуы тежелген балалардың этиопатогенетикалық классификациясы «Психикалық дамудың тежелуі»



Дата27.02.2023
өлшемі21,08 Kb.
#70311
Байланысты:
К.С. Лебендинскийдің психикалық дамуы тежелген балалардың этиопатогенетикалық классификациясы


К.С. Лебендинскаяның психикалық дамуы тежелген балалардың этиопатогенетикалық классификациясы
«Психикалық дамудың тежелуі» түсінігі орталық нерв жүйесінің органикалық және функционалдық жетіспеушілігі кезіндегі бала әрекетіне байланысты қолданылады. Бұл балаларда есту, көру, сөйлеу, тірек-қимылдың бұзылуы, интеллектінің бұзылуы болмайды. Психикалық дамудың тежелу клиникалық картинасы тәртіптің күрделі формаларының дамымауы, мақсатты түрдегі әрекетке түсудің жетіспеушілігі, энцефалопатиялық бұзылулармен түсіндіріледі. Аталған симптомдардың патогенетикалық негіздерін Г.Е.Сухарева, Т.А.Власова, М.С.Певзнер, К.С.Лебединская, В.И.Лубовский, И.Ф.Марковская зерттеулері көрсеткендей, орталық нерв жүйесінің аурулары, олардың резидуалды-органикалық зақымдануы құрайды.
Психикалық дамудың тежелуі ұрықтық кезеңдегі ОНЖ-нің зақымдануынан, инфекциялық, созылмалы аурулардан болуы мүмкін. Психикалық дамудың тежелуінің этиологиясы биологиялық факторлармен емес, әлеуметтік факторлардың да әсерінен болуы ықтимал.

Тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген К.С.Лебединскаяның (1980) классификациясы төрт түрге бөлінеді:

  • сомотогендік мінездеме бойынша;

  • психогендік мінездеме бойынша;

  • церебральды-астениялық мінездеме бойынша;

Аталған төрт типтің өзіне тән ерекшелігі бар. Олардың арасындағы айырмашылық эмоционалдық жетіспеушілік пен танымдық қабілеттің жетіспеушілігі болып табылады. Одан басқа соматикалық және неврологиялық жағынан қиындықтар туындау да мүмкін. Бірақ аномальды дамудағы негізгі екі құрамдас бөлім — инфантилизмдік мен барлық психикалық функциялардың дамуындағы ерекшеліктер.
Психикалық дамудың конституционалдық мінездемесі бойынша ПДТ баланың эмоционалдық-ерік аймағы физикалық және психикалық дамудың ерте кезеңіне сай келеді. Тәртібінде ойын мотивациясының басымдығы байқалады, тез шаршау анықталады. Жалпы білім беретін мектептегі білім алатын балалардың өзінде ойын әрекеті басым болады. ПДТ-дің бұл формасында гармониялық инфантилизмді психикалық инфантилизмнің негізгі формасы ретінде қабылдауға болады. Оқымыстылар гармониялық инфантилизмнің егіздерде жиі кездесетінін айтады. ПДТ-дің бұл формасындағы балалар арнайлы коррекциялық мекемелерде білім алады.
Психикалық дамудың сомотогендік мінездемесі бойынша ПДТ-дің себептері қайталанбалы, инфекциялық аурулар, балалар арасындағы невроздық жағдайлар, туа пайда болған және жүре пайда болған аурулардан болады. ПДТ-дің бұл формасында балалардың физикалық жағдайын ғана емес психологиялық статусында тұрақты түрде төмендетуге себеп болатын астениялық жағдайлар анықталады.
Психогендік түрдегі ПДТ ерте даму кезіндегі бас миының соққы алуынан болған невроздық жағдайлармен түсіндіріледі.
ПДТ балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдар ең алғаш рет У.В.Ульенкованың басшылығымен 1973 жылы Нижний Новгород қаласында ашылды. Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған типтік бағдарламалар 1990 жылы ғана (26 қараша 1990 ж. 37-14/2) құжат түрінде шығарылды. Осы типтік бағдарлама негізінде ПДК балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдарға (К.С. Лебединскаяның классификациясымен) қабылдау жүргізіледі. Топтарға ПМПК арқылы 10-12 баладан қабылданады. Балаға қойылатын диагноз бен қорытындыны анықтаудың қиындығы туындаған кезде бала бақылау тобына белгілі бір уақытқа жіберіледі. Қорытынды комиссияның жұмысы хаттамаға тіркеледі. Арнайы мекемеге қабылдаудағы ескерілетін жағдайлар ақыл-ой дамуының кешеуілдеуі, энурез, шизофрения, эпилепсия, есту, көру, тірек-қимылдағы ауытқулар байқалса, балалар аталған мекемеге қабылданбайды.
Арнаулы балабақшадағы топтарға 5 жастан бастап қабылданады. Түлектердің білім алуы ПМПК қорытындысымен шешіледі.
ПДТ балаларға арналған балабақшаның міндеті баланы жалпы мектепке немесе ТДО кластарында оқуға дайындау. Қажет болған жағдайда VII түрдегі немесе VIII түрдегі арнайы мектептерге оқуға нұсқаулар береді.
VII түрдегі мектептің ТДО сыныптарындағы коррекциялық-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру мәселесі XX ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап қалыптасты.
Аталған мәселенің өзектілігі мектеп оқушыларының 50%-ы үлгермеушілік көрсеткендіктен, зерттеу жүргізіліп6 оларды психикалық дамудың артта қалуымен түсіндіріліп отырды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет