№15 тақырыбы: Тілдердің генеологиялық классификациясы. Тілдердің типологиялық классификациясы
Мақсаты: Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы, тілдердің типологиялық классификациясы, тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы жайлы түсінік беру.
Әдістемелік нұсқаулар:Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы деген дүние жүзі тілдерін өзара бір-бірімен туыстығына қарай салыстырмалы-тарихи тұрғыдан топтастыру. Соған байланысты алынған тілдердің топтары тілтану ғылымында тіл жанұялары деп аталады, олар өзінің ішінен жақын туыстығына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Тіл жанұялары алыстан бірігетін макрожанұяларға топтастырылады. Қазіргі кезде әлем тілдері төмендегідей тіл жанұяларына бөлінеді: 1. Үндіевропа тілдері, 2. Афразиат тілдері: 3) Дравид тілдері,
4) Орал тілдері, 5) Алтай тілдері, 6) Чукот-камчат тілдері жатады. Осы аталған ірі алты тіл жанұясын нострат тілдері деп атайды.
2. Тілдердің типологиялық классификациясы Тілдерді фонетикалық грамматикалық құрылысына қарай бірнеше типке бөлуге болады. Сондықтан тілтану типологиясы, немесе салғастырмалы лингвистика ғылымы тілдерге әртүрлі тұрғыдан келеді: 1. Фонетикалық типология, 2. Синтаксистік типология. 3. Морфологиялық типология.Бұлайша топтастырудың тілдер арасындағы туыстыққа тікелей қатысы жоқ.
Бақылау сұрақтары: 1. Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы.
2. Тілдердің типологиялық классификациясы.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973,1978,1993,2002, 2010
2.Кодухов В. Н. Введение в языкознание. М.,1979,1987
3.Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А.,1997
4.Хасенов Ә. Тіл білімі. А.,1996,2002