Жұмыстың мақсаты: химиялық реакцияның жылдамдығына әр түрлі факторлардың әсерін зерттеу.
тәжірибе. Химиялық реакция жылдамдығына реагенттердің концентрациясының әсері
Тапсырмалар: 1) Натрий тиосульфаты концентрациясының оның күкірт қышқылымен әрекеттесуіндегі реакция жылдамдығына әсерін байқаңыз.
2) Реакцияның сыртқы байқалатын белгілерін көрсетіңіз; жылдамдықтың кинетикалық теңдеуін және осы реакцияның химиялық теңдеуін жазыңыз.
3) Натрий тиосульфаты ерітіндісі концентрациясының үш мәніндегі реакция жылдамдығын есептеңіз және алынған нәтижелерді график түрінде бейнелеңіз.
Құралдар және реактивтер. 50 мл-лік көлемдегі өлшеуіш сынауықтар, секундомер, дистиллденген су H2O, натрий тиосульфаты Na2S2O3, күкірт қышқылы H2SO4 ерітінділері. Тәжірибенің орындалуы. Na2S2O3-тің H2SO4-пен әрекеттесуі нәтижесінде түзілетін тиокүкірт қышқылының H2S2O3 ыдырауымен мынадай теңдеу бойынша жүреді: Na2S2O3 + H2SO4 Na2SO4 + S + SO 2 + H2O Алдымен сапалық тәжірибені орындаңыз, ол үшін сынауық алып, бірдей көлемдегі ерітінділерді (2мл-ден) Na2S2O3 пен H2SO4 араластырыңыз. Бірнеше уақыттан кейін әлсіз опалесценция (көгілдір ерітінді) пайда болғанын байқаңыз. Ары қарай тұнбаға түскен бос күкірттің (S) әсерінен ерітіндінің лайланғанын байқаңыз. Бұл нәтижені журналға жазудың қажеті жоқ. Одан ары Na2S2O3 ерітіндісінің әр түрлі үш концентрациясын дайындаңыз. Ол үшін 1-ші кстеде көрсетілгендей үш өлшеуіш сынауыққа тұз ерітіндісінің өлшенген көлемін Na2S2O3 және H2O құйыңыз.
1-кесте. Реакция жылдамдығына реагенттердің концентрациясының әсері
Басқа үш сынауыққа 2мл-ден H2SO4 ерітіндісін құйыңыз. Na2S2O3 және H2O құйылған сынауыққа1- сынауықтағы H2SO4 қосыңыз және алғашқы және соңғы реакция уақытын белгілеу үшін секундомерді қосыңыз ( ерітіндіде анық опалесценция жүргенше). Мысалы, t1=15мин 20с; t2=16мин 10с ; ^t=(16мин 10с -15мин 20с )=50с 2-ші және 3-ші жұп сынауықтармен де жоғарыдағыдай ұқсас тәжірибені жасаңыз.
Реакция жылдамдығына қайтымды реакция жүруінің шамасын алуға болады. Тәжірибе нәтижесі реакция жылдамдығының (1/∆t) натрий тиосульфаты Na2S2O3 концентрациясына тәуелділігін график түрінде көрсетіңіз.