Бақылау сұрақтары: 1. Кезекпе-кезек есептеу әдісін тұжырымда. Кезекпе-кезек есептеу әдісі былай тұжырымдалады: кез-келген тармақтағы тоқ әрбір жеке схеманың ЭҚК шақыратын тоқтардың алгебралық қосындысына тең болады, бұл принцип барлық сызықты электр тізбектеріне сәйкес келеді.
Осы әдіспен тізбекті есептегенде келесі шарттар орындалады:
а) әрбір ЭҚК әсерінен пайда болатын тоқтарды ойша қалған схемаларды алып тастап отырып кезек-кезек есептейді;
б) тармақтағы тоқтарды жеке-жеке алгебралық қосу арқылы табу.
2. Кезекпе-кезек есептеу әдісінің басқа әдістермен салыстырғанда артықшылықтары мен кемшіліктері. Кезекпе- кезек тәсілінің құндылығы, ол теңдеулер жүйесін шешуді қажет етпейді, ал оның кемшілігі есептеу дәлдігінің жеткіліксіздігіне, әсіресе тармақтағы тоқты шамалас келген құраушы тоқтардың айырмасымен тапқанда.
3. Кезекпе-кезек есептеу әдісін қандай схемаларда қолдану тиімді? Көбінесе, бұл тәсіл тізбектегі энергия көздері санаулы ғана болған кезде тиімді. Кей кезде, тізбектегі ЭҚК-і өзгеріп бірнеше мәнге ие болғанда, мұндай тізбектің жұмысына таңдау жасағанда есептеу нәтижелігі ұлғаяды.