Мәдениет және өнер факультеті



Дата28.05.2022
өлшемі170,89 Kb.
#35812
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
ЕСЕП МИНЕЗДЕМ Е нуралы


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті.


Мәдениет және өнер факультеті,
«Вокалдық өнер» білім беру бағдарламасының
З-курс студент-машықкері
Бақытжан Нұралы Саматұлының
кәсіби сараманнан өту
КҮНДЕЛІГІ.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
мәдениет және өнер факультеті 6В02102 «Вокалдық өнер» білім беру бағдарламасының 3-курс студентінен


Есеп.
Мен, Бақытжан Нұралы Саматұлы 01.04.2022 -01.05.2022ж. мерзім аралығында Дина Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебінен кәсіби сараманнан өттім.

Бірінші күні балалар музыказ мектебімен және вокал сыныбының оқытушысы Муржанова Асель Біржанқызымен таныстық. Мен музыка мектебінің 1-сынып оқушысын бақыладым.


Оқушы – Алтаев Тахир. Оның сабақ кестесі сәрсенбі күні, сағат 10:00-11:00-де.

Кейінгі сабақтарда толық сабақ барысымен таныстым. Сабақта ең алдымен дем алуды үйретеді, кейін дауыс пен дикцияға арналған жаттығулармен басталады. Нақты түрде айтсам дауысты дамытуға арналған жаттығулар.


Одан кейін сабақ психологиялық жаттығулармен жалғасады.
Психологиялық жаттығулар:
Аааааааааа
Эээээээээээ

Кейін дауыспен жұмыс.Дауыспен жұмыста жеңіл жаттығулар жасалады, көмейді шаршатпау үшін. Жаттығулар нақты, ырғақты, жәй жылдамдықта орындалады.


Жаттығулар «М» дыбысын жинақы әрі тегіс сыңғырмена айту.
Әндете «ми,мэ,ма,мо,му» дыбыстарын орындау, және т.б.
Келесі – тыныс алу (постановка дыхания) Дұрыс тыныс алу арқылы диапазон мен дауыс тембрін дамытуға және әртүрлі вокалдық техникалар дағдылауға болады. Вокал сыныбын оқу барысында ең маңызды этап тыныс алу болып табылады. Әрі қарай сабақ вокалдық жаттығулармен (распевка) жалғасады.

Асель Біржанқызы сабақты дауыс жаттығуларын екі системада өткізеді.


Біріншісі «Мычим», «Пылесос», «Моторная лодка», «Сирена» және т.б
Екіншісі
«Ми-мэ-ма-мо-му» бір нотада, жай көтеріп.
«Мм-мм-мм-мм» / «Мо-Ми-Мо-Ми-Ма» үшдыбыста (екі рет) .

Шығармаларына келсек, Тахирда «Моя мама», «Салем Қазақстан » , «Раз ладошка, два ладошка» және т.б шығармалар бар. Осылайша менің 1-айға созылған кәсіби сараманым аяқталды.



Машықкер: Бақытжан Н.С

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан
университеті Мәдениет және Өнер факультеті
«Вокалдық өнер» білім бағдарламасының
3-курс студенті Бақытжан Нұралыға


Мінездеме

Бақытжан Нұралы Саматұлы 01.04.2022 -01.05.2022ж.ж аралығында,


Д.Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебінен сараманынан өтті.
Нұралы алғашқы күннен бастап берілген берілген тапсырмаларды уақытылы орындап, сабақ жоспарларын, шаралар жасау дағдыларын үйреніп, өзіне мол тәжірибе жинақтай алды. Барлық сабақтарға толықтай қатысып жүрді. Оқушылармен өте жақсы қарым-қатынаста болып,тез тіл табысып кетті.
Вокал сабағын өткізу кезінде оқушыларға балалар дауысына арналған арнайы дауыс жаттығуларын жасап, жас ерекшелігіне сай әндер үйретіп, сабақтарды өте жақсы деңгейде өткізді. Барлық сабақтарға толықтай белсене атсалысты.
Машықтан өту кезінде оқушыларға әртүрлі вокализдер, дауыс жаттығуларын үйретіп, әртүрлі көрнектіліктер қолданып, қабілеті мен өзінің болашақ нағыз маман ретінде біліктілігін шыңдады.
Д.Нұрпейісова атындағы БММ директоры: Қ.Н.Мәдіров
Вокал сыныбының оқытушысы: А.Б.Муржанова


Дина Нұрпейісова атындағы
балалар музыка мектебі, домбыра бөлімінің
2-сынып оқушысы Алтаев Тахирға


Мінездеме
Домбыра бөлімінің 2-сынып оқушысы Алтаев Тахир музыка мектебіне 7-жасында келді. Мектепте 2-сынып оқушысы.
Тахир мінезі ашық, өте алғыр, мейірімді, оқушы. Білімге талабы бар, жаңа нәрсені тез үйренуге ынтасы бар оқушы. Үй тапсырмаларына дайындықпен келеді, әндерін тез жаттап алады. Дауыс жаттығуларын, тыныс жаттығуларын тез түсініп алады. Өте талантты, табиғатынан өнерге құштар, музыкаға деген құлшынысынан байқалады
Кішілерге қамқор көрсетіп, үлкендерге құрмет көрсетіп жүреді.
Қорытындылай келе айтарым, Тахир болашақта алға қойған мақсатына жетіп, білімді де білікті, үлгілі еліне адал қызмет ететін азаматша болатынына сенемін.
Машықкер: Имашева А. Ж

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет