Пәні: Түзету- дамыту
Мерзімі: Сыныбы:
Пән мұғалімі: Жунисова М
Сабақтың тақырыбы: «Бұлай отыру қызықсыз» ойыны.
Сәлемдесу. Баламен сәлемдесіп болған соң белсенді іс әрекетін арттыруға бағытталған ойын ұйымдастырылады. «Бір ғана әріп». Балалар шеңбер бойында дөңгеленіп отырады. Балалар өз беттерімен бір әріпті таңдап алады. Бөлме ішіндегі бір заттың атауы сол әріптен басталу керек. Әрбір бала өзі таңдап алған әріптен басталатын затты сағат тілі бойынша атайды. Ең соңғы ойыншы таңдалған әріп бойынша затты атай алса, сол бала жеңімпаз атанады.
Мақсат:қимылдардың еріктілігін дамыту, реакциялардың жылдамдылығын, бақылағыштықты , ұйымдасып жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Қарсы қабырғаның бойында балалардың орындықтар тұр. Олардың саны бала санынан біреуге кем. Балалар келесі қабырғаның бойындағы орындықтарға тез арада жетіп орындалу тиіс. Орындық жетпей қалған бала ұтылады.
Кеңестер: Тақпақ аяқталмай тұрып қозғалуға ,бірін-бірі итеруге , орындыққа бірінші болып отырған баланы тұрғызуға рұқсат бермеу керек.
Мына отырыс қызықсыз,
Бір-бірімізге қарай беру қызықты емес.
Өзгерістің сәті келді.
Орындарымызды ауыстырайық.
Содан кейін балалар қарама-қарсы қабырғаның бойындағы орындықтарға тез арада жетіп орын алуға тиіс. Орындық жетпей қалған бала ұмтылады.
Кеңестер: тақпақ аяқталмай тұрып қозғалуға, бірін-бірі итеруге , орындыққа бірінші болып отырған баланы тұрғызуға рұқсат бермеу керек
Қоштасу. Үйге тапсырма: Өтілген тақырып бойынша ата-аналарға тапсырма: балаға таяқшалар беріп, қарапайым заттар жасату (үй, шарша, үшбұрыш, жалау,т.б.)
Осы фигураларды жауып қойып,қайталап құрастыруын сұрау.