Орындаған:Жарбосын Ернұр
Қабылдаған:
Топ:127 ЖМ
Кафедра: Гистология
Жүрек-қантамырлар жүйесінің
эмбриогенезі және жасқа
байланысты морфологиясы
ЖОСПАР:
• Кіріспе
Негізгі бөлім:
Жүректің өткізгіш жүйесі
4
Қан тамырлардың дамуы
1
2
Тамырлардың адамның жасына байланысты өзгерістері
Жүректің құрылысы және дамуы
3
Жүректің адамның жасына байланысты өзгерістері
5
Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ:
• Жүрек-қан тамырлар жүйесі кұрамында қоректік және биологиялық белсенді заттар,
газдар мен метаболизм өнімдері бар қан мен лимфаның организмде таралуын
қамтамасыз ететін мүшелерден (жүрек, қан және лимфа тамырларынан) тұрады. Қан
тамырлары тасымалдау қызметін атқаратын, мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуін
және қан мен тіндер арасындағы зат алмасуды реттейтін, диаметрі әр түрлі
тұйықталған түтікшелер. Жүрек қан тамырлар жүйесі – ағзада иммундық қорғаныс
реакцияларға қатысады. Зат алмасудан пайда болған, соңғы қалдық өнімдерді
ағзадан сыртқа шығарады. Сонымен қатар, тасымалдау қызметін атқарып, қан мен
лимфа сұйығы ағзадағы мүшелерге, тіндерге қоректік заттарды, тыныс алуға оттегін
мүшелерге тасымалдап, көмірқышқыл газын мүшелерден алып шығады.
Мүшелерді бір бірімен байланыстырып, жүйелер түрінде ағзаның біртұтастығын
сақтайды. Қан айналым жүйесі жүйке, эндокринді және иммунды-қорғаныс
жүйелерімен тығыз байланыса отырып, ағза мүшелеріне, оның тіндері мен
жасушаларына қажетті медиаторларды, биологиялық белсенді
заттарды, гормондарды бөліп, әрі тасымалдай отырып, қанмен қамтамасыз етеді.
ҚАН ТАМЫРЛАРДЫҢ ДАМУЫ
• Алғашқы қан тамырлары эмбрионалдық дамудың 2—3 аптасында сарыуыз қапшығының
қабырғасында мезенхимадан және хорионның қабырғасында қан аралшықтарының құрамында
пайда болады. Аралшықтың шетінде орналасқан ангиобласттық қабілеттері бар мезенхималық
жасушалар орталық бөлікте орналасқан жасушалармен байланысын жойып, пішіні жайпақтанып,
алғашқы қан тамырларының эндотелиоциттеріне дифференцияланады. Аралшықтың орталық
бөлігіндегі жасушалардың пішіні дөңгелектеніп, қан жасушаларына дифференцияланады.
Кейінірек қан тамырларының сыртында орналасқан мезенхималык жасушалардан жазық бұлшык
ет жасушалары, перициттер, тамыр кабырғасының адвентициялық жасушалары, фибробласттар
дамиды. Ұрыктың денесінде пішіні түтікше және қуысты кеңістіктер тәрізді алғашқы қан
тамырлары мезенхимадан пайда болады. Құрсақ ішілік дамудың 3-ші аптасының соңында ұрық
денесінің тамырларының ұрықтан тыс мүшелердің тамырларымен байланысуы басталады. Қан
тамырларының қабырғасының әрі қарай өсуі қан айналымы басталғаннан кейін дененің әр түрлі
бөлімдерінде қалыптасатын гемодинамикалық жағдайлардың (қан қысымы, қан ағымының
жылдамдығы) әсер етуіне байланысты өтеді, ал ол мүшелердің ішінде және мүшелердің сыртында
орналасқан тамырлардың қабырғасының арнайы ерекшеліктерінің пайда болуына әкеледі.
Эмбриогенез кезінде алғашқы тамырлардың қайта кұрылуы барысында олардың жартысы кері
дамиды.
Тамырлардың адам жасына байланысты
өзгеруі
• Тамырлардың кұрылысы адамның өмірі барысында үздіксіз өзгерістерге ұшырап отырады. Тамырлардың
қызметтік жүктемеге байланысты дамуы шамамен 30 жасқа қарай аяқталады. Кейін
артериялардың қабырғасында дәнекер тіні өсіп, оның тығыздалуына әкеледі. Бүл үдеріс басқа артерияларға
қарағанда эластикалык артерияларда басымырақ болады. Барлық артериялардың ішкі қабықшасында 60—70
жастан кейін коллаген талшықтарының ошақтық тығыздалуы байқалады, оның нәтижесінде ірі
артериялардың ішкі қабықшасының қалыңдығы ортаңғы қабықшаның қалыңдығына жақындайды. Ұсақ және
орта көлемді артериялардың ішкі қабықшасы аз ұлғаяды. Ішкі эластикалық мембрана жасқа байланысты
біртіндеп жұқарады және жойылады. Ортаңғы қабықшаның бұлшықет жасушалары семуге ұшырайды.
Эластикалық талшықтар түйіршікті ыдырауға ұшырап, фрагменттерге бөлінсе, коллаген талшықтарының
мөлшері көбейеді. Бұл өзгерістермен қатар егде шақта ішкі және ортаңғы қабықшаларда липидтердің және
әктердің шөгуі пайда болады, олардын мөлшері адамның жасы ұлғайған сайын арта түседі. 60—70 жастан
асқан адамдарда сыртқы қабықшада бойлай орналасқан жазық бұлшықет жасушаларының шоғыры пайда
болады. Көктамырлардың қабырғасында дамитын өзгерістер артериялардағы өзгерістерге ұқсас. Бірақ,
көктамырлардың қабырғасында өзгерістер өмірдің бірінші жылында-ақ басталады. Адам туар алдында сан
көктамыры мен аяқтың тері асты көктамырларының ортаңғы қабықшасында тек айналмалы орналасқан
бұлшык ет жасушаларының шоғыры ғана болады. Аяғын басып, тұра бастаған (алғашқы жылдың соңына
қарай) және дистальды гидростатикалық қысым жоғарылаған кезден бастап қана бойлай орналасқан
бұлшықет жасушаларының шоғыры дамиды. Балаларға қарағанда (1:1), ересек адамдарда көктамырлардың
диаметрі артериялардың қуысынан үлкен (2:1) болады.
• қуысының кеңеюі
• Көктамырлардың
•
олардың
•
қабырғасының төмендігіне,
серпімділігінің
ересектерде қан қысымының
жоғарылауына байланысты. 50—60 жасқа дейін тамырдың тамырлары орташа тарылған күйде
болады, 65—
70 жастан кейін олардың қуыстары
ашылады. Егде жастағы адамдардың көптеген мүшелерінің лимфа тамырлары көп мөлшерде ұсак
варикозды кеңеюлер және бұлтиып шығулардың болуымен сипатталады. 35 жастан асқан
адамдарда ірі лимфа сабауларының және кеуделік өзектің қабырғасының ішкі
қабықшасында
коллаген талшықтарының саны
жоғарылайды. Бұл үдеріс 60—70
жасқа қарай едәуір артады. Осы
мезгілде онымен қатарласа бұлшық
ет жасушаларының және эластикалык талшықтардың саны азаяды.
Микроайналым арнасының тамырлары (Ю. И. Афанасьев
бойынша кесте): 1 — артерия; 2 — кектамыр; 3 —
артериолалар; 4 — қылтамырлар; 5 — венулалар; 6 —
артериоловенулярлық
қосылыстар
; 7 — лимфалық
қылтамыр; 8 — лимфа тамырлары. Жуан сызықтармен қан мен лимфаның ағу бағыты; жіңішке
сызықтармен — трансқылтамырлық алмасу бағыты көрсетілген
Жүректің дамуы
• Жүректің дамуы. Жүректің қалыптасуының дәйекті үш сатысындағы ұрықтардың көлденең кесіндісі
(Штраль, Гисс және Борн бойынша):
а — жүректің жұп бастамалары; б — олардың жақындасуы;
в — бір тақ бастамаға қосылуы. 1 —эктодерма; 2 — энтодерма;
• — спланхнотомның париетальды жапырақшасы;
• — спланхнотомның висцеральды жапырақшасы; 5 — хорда; 6 — жүйке табақшасы;
•
7 — сомит; 8 — дененің екіншілік қуысы;
• — жүректің эндотелийлік бастамасы(жұп);
• — жүйке науашығы; 11 — жүйке үйемелері; 12 — төмендеуші қолқа(жұп);
•
13 — қалыптасып келе жатқан басты ішек; 14 — басты
ішек; 15 — арқалық жүректік шажырқай; 16 — жүрек қуысы;
17 — эпикард; 18 — миокард; 19 — эндокард; 20 —жүрек қабы; 21 — перикардиалдық қуыс
22 — кері дамушы қурсақтық жүректік шажырқай
Жүректің құрылысы
•
Жүректің қабырғасы 3 қабаттан тұрады: сыртқы эпикард (грек. эпи - үстіңгі + кардиа -
•
жүрек), ортаңғы -миокард (грек. миос - бүлшық ет + кардиа) және ішкі -эндокард (грек. эндон
- ішкі + кардиа). Жүректің еті -миокард- ерекше құрылымды көлденең жолақты ет
ұлпаларынан тұрады. Оның калыңдығы жүректің әр жерінде әртүрлі. Ең жұқа жері
жүрекшенің қабырғасында 2-3 мм, ал ең қалың жері -- сол жақ қарыншаның қабырғасының қалыңдығы бұдан 3-4 есе артық. Миокард ырғақты
жиырылып және босап, қанның үздіксіз ағуын қамтамасыз етеді. Бұл жүрек еттерінің қалыпты жиырылуы.
•
Эндокард. Эндотелий – жалпақ полигональды жасушалардан құралған Эндотелийасты- аз дифференцияланған жасушаларға бай БТД ұлпа.
•
Миокард- жүректің ортаңғы ең қалың қабығы.ол жүректің типті қысқарғыш бұлшықет жасушаларынан-жасушалы кардиомиоциттерден тұрады.
Сонымен қатар миокардта атиптік,
•
жүректің өткізуші жйесінің миоциттері орналасады. Миокардтың бұлшықет элементтері
арасында БТД ұлпаның жұқа қабаттары , коронарлық тамырлар, нерв ұштары бар.
•
Эпикард- жүректің сыртқы, сероздық қабығы перикардтың висцеральды жапырағы болып
•
есептелінеді. Эпикард дәнекер ұлпаның астындағы миокард пен тұтасып бітетін нәзік қабаты.
Бұл эпителий өндіретін сұйықтық перикардиалды қуысқа бөлініп майлау рөлін атқарады.
Перикардтың паиретальді жапырағының негізін жақсы дамыған дәнекер ұлпасы құрайды. Оның да перикардиальді қуысқа қараған беті
мезотелиймен қапталған. Эпикард пен перикардта көптеген нерв ұштары аяқталады.
Адам жасына байланысты өзгерістері
• Онтогенез барысында жүректің гистологиялық құрылымдарының өзгерістері жүретін үш кезеңге бөлуге болады:
дифференциялану кезеңі, тұрақтану кезеңі, инволюция кезеңі. Ұрықтық кезеңде басталған жүректің
гистологиялык кұрылымдарының дифференциялануы 16—20 жасқа қарай аяқталады. Кардиомиоциттердің
дифференциялануына және қарыншалардың морфогенезіне гемодинамикалық жағдайлардың өзгеруі — кіші
қан айналу шеңберіндегі қан қысымы мен кедергінің төмендеуіне, ал үлкен қан айналым шеңберінде қысымның
көтерілуіне әкелетін, сопақша тесік пен артериялық өзектің жабылуы үлкен әсер етеді. Онымен бір мезгілде, оң
карынша миокардының физиологиялык семуі және сол қарынша миокардының физиологиялык гипертрофиясы
байкалады. Дифференциялану барысында жүрек миоциттерінде саркоплазма көбейіп, ядролық-цитоплазмалық
арақатынас төмендейді. Миофибриллалардың саны қарқынды көбейеді. Өткізгіш жүйенің бұлшықет
жасушалары, жиырылғыш кардиомиоциттерге қарағанда, тез дифференцияланады. Жүрек стромасының
дәнекер тінінің дифференциялануы барысында ретикулярлық талшықтардың санының біртіндеп азаюы және
олардың жетілген коллаген талшықтарымен алмасуы байқалады.Қалыпты қызметтік күштеме жағдайында 20—
30 жас араларындағы адам жүрегі салыстырмалы тұрақтану сатысында болады. 30-40 жастан асқан адамның
миокардының стромасында дәнекер тінінің мөлшерінің өсуі байқалады. Сонымен бірге, жүрек қабырғасында,
әсіресе эпикардта, адипоциттер пайда болады.Жүректің жүйкелену дәрежесінің деңгейі де адамның жасына
байланысты өзгеріп отырады. Аумақ бірлігінде жүрекішілік өрімдердің ең көп және медиаторлардың
белсенділігінің жоғары болуы жыныстык жетілу кезеңінде байқалады. 30 жастан кейін адренергиялык жүйке
өрімдерінің тығыздығы және олардағы медиаторлар мөлшері ұдайы азайса, холинергиялық жүйке өрімдерінің
тығыздығы мен олардағы медиаторлардың мөлшері бастапқы деңгейде дерлік сақталады. Жүректің автономды
жүйкеленуіндегі тепе-теңдіктің бүзылуы патологиялық жағдайлардың дамуына әкеледі. Егде шақта жүректің
холинергиялык өрімдерінде де медиаторлардың белсенділігі төмендейді.
Қорытынды
• Жүрек қантамыр жүйесі насостық қызмет, эндокринді және информациялық
қызмет атқарады. Сонымен қатар жүрек қантамыр жүйесінің жасқа байланысты
өзгерістері байқалады. Тамырлардың аморфты қабырғасында жасқа байланысты
мына өзгерістер байқалады: склеротикалық процестердің нәтижесінен тамырдың
ішкі қабығы тез арада қалыңдайды. Бірыңғай салалы миоциттердің атрофиясынан
ет қабығы жұқарады. Эластинді каркасы бұзылып, бөлшектене бастайды. Осы
өзгерістерге байланысты тамырлардың диаметрі кішірейеді,
қабырғасының серпімділігі нашарлап, бейімделі мүмкіндігі өзгереді.
Қабырғасының региттілгінің қасиеті өседі, бұл болса атеросклероз бен қан
тамырлар қабырғасының кальциленуіне әкеліп соғады.Тамырлардың толық
қалыптасуы 12 жасында байқалады. Ал, 30 жаста атқаратын қызметіне байланысты
қайта қалып тасуы аяқталады.
Қолданылған әдебиеттер
• 1. Афанасьев Ю.И, Кузнецов С.Л, Юрина Н.А
Гистология
, цитология
және эмбриология.
• 2.Аяпова Ж.О. Алматы, 2007
• 3.Кузнецов С.Л., Мушкамбаров Н.Н. 2007
Достарыңызбен бөлісу: |