Оқушының әңгімелеп бере білу қабілетін қалыптастыру. Әңгімелеудің түрлері: суреттеу және мазмұндау



бет1/2
Дата01.03.2023
өлшемі19,08 Kb.
#70694
  1   2

Оқушының әңгімелеп бере білу қабілетін қалыптастыру.
1. Әңгімелеудің түрлері: суреттеу және мазмұндау
«Суреттеу – бейнелеудің кеңістіктегі дамуы болса, әңгімелеу – мезгілдік дамуы, ал, ойталқы – логикалық дамуы... Шығарманың композициялық құрылымы осы айтылған сөйлеу формаларының түрліше байланысып қиысқан өрмегінен тұрады. Бір-біріне байланыса, кіріге отырып, сөйлеу формалары көркем шығарманың одан да ірі композициялық құрылымдарына бірігеді. Әңгімелеу, суреттеу, ойталқы нақты шығармада бірнеше сөйлемнен құрылған тұтас мәтіннің үзінділерін құрайды.
КСФ-лар мынадай белгілерге ие болып келеді: олар айрықша мағыналық категория болып табылады; идеалдық мағынаға ие және материалды таңбалардан тыс өмір сүре алмайды. Мәтіннің материалды таңбалық сипаты оның сыртқы қабығы болып саналады; КСФ – бұл тілдің емес, ойлаудың логикалық формасы. Бұл қандай да бір берілген мазмұнның, шындық өмір туралы берілген ақпараттың формасы, ал оны біз тілдік таңбалар арқылы тани аламыз; КСФ – қалыптасқан типтік формалық сипатқа ие. Нақты сөйлеуден тыс барлығына бірдей, жалпыланған, тілдік тұрғыдан сұрыпталған жүйе, сөйлеу композициясының біртектес қалыптасқан формасы болып табылады. Күнделікті сөйлеу барысындағы сөздеріміз осындай КСФ-лардың идеялық формаларының нақты көрінісі болып есептеледі.
КСФ – ойлау үдерісінің құрылымын, типін және ойлау бөлшектерін өзара және бір-бірімен байланыстырудың тәсілдері мен жолдарын бейнелейтін форма болып табылады. Ойлауды құрайтын маңызды бөлшектерге уақыт пен кеңістік және себеп-салдар жатады. Материяның формасы және оның жасалуы әр түрлі болғаны сияқты оның ұйымдасуының да түрлі жолдары бар. Алайда оларды екі құрылымға бөліп қарастыру қалыптасқан: уақыт құрылымы және кеңістік құрылымы, экстенсивті және интенсивті құрылымдар. Экстенсивті құрылым кеңістікте өмір сүрсе, интенсивті құрылым уақытқа байланысты өмір сүреді. Экстенсивті құрылымға бірыңғай заттарды байланыстырудың қалыптасқан түрлері тән болса, интенсивті құрылымға себеп-салдарлық сипат тән. Осыған сүйене келіп құрылымдық байланыстың екі түрін ажыратуға болады: «әңгімелеу» (интенсивті құрылым) және «суреттеу» (экстенсивті құрылым).
Егер де оқиғаның, іс-әрекеттің уақыт ішіндегі өрбуі тұрғысынан интенсивті құрылымды әңгімелеуге тән құрылым десек, ойталқыға логикалық құрылым тән болып келеді. Кеңістік – қатарлас нәрселердің орналасу тәртібін көрсетсе, уақыт – қатарлас нәрселердің бірін-бірі ауыстыруын, себеп-салдар – бірінен екіншісінің пайда болуына әкелетін құбылыстардың байланысын көрсетеді. КСФ-ның бұл типтік түрлерінің модификациясы әрқалай. Құрылымы жағынан олар «классикалық» үлгіде немесе күрделі, аралас, өзгермелі құрылымды болып келуі мүмкін. Алайда, мәтіннің қандай да бір модификациясы (қалып алуы, формалануы) сөйлеушінің субъективтік ұстанымына тығыз байланысты болады. КСФ – табиғатынан екі жақты құрылым. Ол – ойлаудың бір түрі, яғни сөйлеу әрекетін жүзеге асырады, әрі сөйлеу әрекетінің бір түрі, яғни қатысым түріне жатады. «Описательные ССЦ предназначены для характеристики явлений природы, предметов, лиц и т.д. путем перечисления их признаков. В зависимости от предмета, который характеризуется, они делятся на пейзажные, на ССЦ портретной характеристики и др... В повествовательных ССЦ дается представление о развитии описываемых событий, об их последовательности. На первый план выдвигается порядок протекания действия. В каждом ССЦ типа рассуждения четко вычленяются три части: а) тезис, б) доказательство (аргументация) и в) вывод». Берілген анықтаманың өзінен КСФ-ға тән құрылымдық, мағыналық ерекшеліктер мен композициялық ұқсастықтарды анық байқаймыз.
КСФ-лар мәтіннің контекстік-вариативтік бөлшектерін құрайды. Бұлар – мәтін құрылымының негізін құраушы тұрақты элементтер. Сондықтан көркем мәтіннің мазмұны да КСФ-лардың кезектесіп, араласып келіп, өзара тұлғалық, мағыналық байланысуы арқылы беріледі. Көркем мәтіннің біртұтастығы осы сөйлеу формаларының ұласымы нәтижесінде ұғынылады. Кейбір көлемі шағын шығармалар тек бір сөйлеу формасы арқылы құрылуы әбден мүмкін, не болмаса мәтіннің негізгі баяндау қабаты бір сөйлеу формасы арқылы ұйымдасады. Мәселен, М.Әуезовтің «Қыр суреттері» әңгімесі негізінен суреттеу арқылы баяндалса, Р.Сейсенбаевтың «Үкім» әңгімесінде негізгі баяндау тәсілі ретінде әңгімелеу қолданылады. Сол сияқты Ш. Айтматовтың «Кассандро таңбасы» шығармасында ойталқы мәтіні басым екені байқалады. КСФ-лардың әр мәтіндегі басымдылығы авторлық стильдік мақсаттағы қолданысын танытады.
Көркем шығармада әңгімелеу, суреттеу, ойталқы мәтіндері аралас жұмсалады. Көркем шығармада әңгімелеу мәтіні көп жағдайда суреттеумен қатар жұмсалады. Сонымен қатар ойталқы мәтіні мен суреттеу және әңгімелеу мүшелерінің бір мәтін ішінде араласып келуі де көркем шығармада кездесіп отырады. Жүргізілген талдаулар әр мәтіннің өзіндік артықшылықтары мен баяндаудағы тиімділігін түсінуге мүмкіндік береді. Ал олардың көркем шығармадағы қолданысы туралы мынадай тұжырым жасауға болады: көркем шығармада суреттеу мәтіндері қоршаған ортадағы заттарды, кейіпкердің бейнесін, портретін, мінезі, құбылыстың сырт пішінін, табиғатты, мекенді суреттеу үшін; әңгімелеу мәтіндері оқиғаға негіз болған белгілі бір уақыт шеңберінде бірінен кейін бірі жүзеге асқан әрекетті бірізді бейнелеп көрсету үшін; ойталқы мәтіні авторлық ой-толғанысты, кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты авторлық көзқарасты білдіруде, адамгершілікті дерексіз категориялық мәселелер туралы баяндауда жұмсалады.
Екінші тарау «Әңгімелеу мәтінінің көркем шығармадағы ұйымдасу ерекшелігі» деп аталып, мұнда әңгімелеу мәтінінің тілдік-құрылымдық сипаты, тақырыптық-мағыналық түрлері мен композициясы және стилистикалық ұйымдасу ерекшелігі көркем прозалық мәтіндер негізінде талданды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет