Кафедра мәжілісінде қаралды хаттама №1 «27» тамыз 2021 ж



бет16/24
Дата14.03.2022
өлшемі79,21 Kb.
#27922
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
Верификация принципі – шындықты жасаймын деген мағына береді, позитивизмдегі кез-келген теорияның фактілер арқылы расталуын талап ету.

Герменевтика – Қазіргі заман философиясындағы бағыт, негізін қалаған Гадамер, негізгі мәселесі – қолжазба, мәтіндерді талқылау, түсіндіру.

Гносеология – таным туралы ілім.

Гилозоизм – дүние түгел жанды деп санайтын көзқарас.

Гуманизмадамгершілік, адамға құрмет туралы көзқарастар жүйесі.

Дао – Ежелгі Қытай философиясындағы даосизм бағытындағы дүниенің түпнегізі, «жол», «тағдыр», «заң» деген мағына береді.

Дүниеге көзқарас (дүниетаным) – тұтас дүние және ондағы адамның орны туралы түсініктер жүйесі.

Дхарма – Ежелгі Үнді философиясындағы заң, тәртіп, борыш дегенді білдіретін ұғым, Үнді мифологиясындағы заң мен әділет құдайы.

Диалектикажалпы даму туралы ілім, грек тілінен аударғанда «әнгіме айту өнері, дауласу» деп аталады. Болмыс пен танымның қалыптасуы мен дамуы туралы философиялық ілім және осы ілімге негізделген ойлау әдісі. Философия тарихында диалектиканың бірнеше түсініктері берілген: болмыстың үнемі қалыптасуы және құбылмалылығы туралы ілім (Гераклит); диалог өнері, пікірталас арқылы шындыққа жету (Сократ), абсолют идеяның даму заңдылығы (Гегель), материалистік диалектика (Маркс); негізгі заңдары мен категорияларын алғаш тұжырымдаған Г.Гегель.

Детерминизм – құбылыстардың себепке тәуелділігі туралы көзқарас, детерминант – себеп.

Деизм – Құдай дүниені жаратады, бірақ қоғам өміріне араласпайды деп санайтын ағартушылық көзқарас.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет