«Өзін-өзі өлтіру», яғни суицид сөзінің өзі біздің сөйлеуімізде шексіз көп қолданылатындықтан, оның нақты мағынасы баршаға түсінікті деп күтуге болатын сияқты. «Өзін-өзі өлтіру - жәбірленушінің өзі жасаған оң немесе теріс әрекетінің тікелей немесе жанама нәтижесі болып табылатын әрбір өлім, егер ол оны күтіп тұрған нәтижелер туралы білсе.» - деп Эмиль Дюркгейм өзінің атақты «Самоубийство» шығармасында жазған болатын. Дюркгейм суицидтің себептері жайлы бірқатар балама тұжырымдар жасап, оларды салыстырды.
Өзін-өзі өлтіру — өзін өмірден қасақана айыру (суицид).Бұл ұғымға 19 ғасырда Француз социологы Э.Дюркгейм анықтама берген. Қазіргі таңда өзіне-өзі қол салу мінез-құлқы біржақты патологиялық тұрғыдан қарастырылмайды. Бұл әрекет көп жағдайда есі дұрыс адамның мінез-құлқы. Сонымен қатар,суицид термині итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “өзін-өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді.
Суицидтің негізгі себептері: депрессия, яғни жан дертіне ұшырау және стресс, яғни психологиялық күйзеліс. Осындай күйзелістердің көмегімен жастарды психологиялық індетке жетелейді. Казіргі жастардың көпшілігі жоқшылыққа, қиыншылыққа төзе алмайды. Бос уақыттары көп, сабақ оқымайды, пайдалы істермен айналыспайды, не жеймін, не киемін деп қайғырмайды, басына түскен проблемаларды жеңгісі келмейді, сондыктан да олар өз өмірлері үшін күрескеннің орнына, мәңгілік сапарға аттанғанды жеңіл көреді. Осындай қиын кезде адам, ең алдымен, депрессия, стреске ұшырайды, ең соңында «суицидке» жол береді.Балалардың бақытсыздығына, олардың өз-өзіне қол салу әрекеттеріне баруына көп жағдайда отбасындағы жайсыздық пен мектепте түсінбеушіліктің орын алуы себеп болады. Балаларға жай ғана киімін, тамағын тауып беру аз, олар үнемі ата-ананың жылуын сезініп, жақсы көретінін біліп өсуі тиіс. Ал әке-шеше өз дәрежесінде көңіл бөлмейтін бала ешкімге керексіздігін түсініп, психологиялық стреске тап болады.Түсіністік болмаған жағдайда осы жас аралығындаѓы балалар түрлі жағдайларға ұрынып жатады. Олардың сабаққа құлқы болмай, өзге оқушылармен де қарым-қатынасы нашарлап кетеді. Өзін ұстауы мен мінез-құлқында өзгерістердің орын алуы мұғалімді де, ата-ананы да алаңдатуы тиіс. Осы өзгерістерге бей-жай қарамай, психологтың көмегіне жүгіну арқылы көптеген проблеманың алдын-алуға болады. Балалар мен олардың отбасына деген арнай (психологиялық кеңес беру, көмек көрсету, тіпті кей жағдайларда тек қана көңіл бөлуді қамтитын) іс-шаралардың ұйымдыстырылуы қажет.
Дж. Ритцер еңбегіндегі суицидтің негізгі түрлерін талдау
Ритцер Дж., Степницки Дж. авторларыеың «Әлеуметтану теориясы» атты еңбегінде Дюркгеймнің ең маңызды мақсаты әлеуметтану атты жана ғылымның қуат-қарымын дәлелдеу болды деп айтылған. Әдетте суицид - адамнын барынша жеке және дербес жүзеге асырылатын әрекеттерінің бірі. Дюркгеймнің ойынша, егер ол суицид сияқты индивидуалистік іс-әрекет табиғатын түсіндіруде әлеуметтанудың маңызы зор екенін дәлелдей алса, онда баска да әлеуметтік кұбылыстарды молынан камтып, әлеуметтану саласын кенейту әлдеқайда жеңілдей түседі деп сенді. Әлеуметтанушы ретінде Дюркгейм қандай да бір нақты индивидтің суи- цидке бару себебін зерттеуді көздеген жоқ (for a critique of this, see Berk, 2006). Бұл мәселені психологтердің құзырына тапсыру қажет деп білді. Онын орнына, Дюркгейм суицид корсеткіштерінің айырмашылықтарын түсіндіруге көңіл бөлді; яғни оны бір топтағы суицидтің көрсеткіштері неліктен екінші топтағыдан жоғарырақ деген сұрақ мазалады. Психологиялық және биологиялық факторлар белгілі бір топтағы индивидтің суицидке барғанын түсіндіре алса, Дюркгеймнің көзқарасы бойынша, әлеуметтік фактілер ғана суицидтің топтар арасындагы көрсеткіштерінің әртүрлі болу себебін анықтай алады.
Дюркгеймнің суицид жайлы теориясы суицидтің түрлері мен оның екі негіз- гі әлеуметтік фактісі интеграциясы мен реттеу арасындагы катынастарды қарастыратын болса, түсініктірек көрінеді. Интеграция біздің ко- гамга деген байланыстың күшіне тікелей қатысты. Ал реттеу адамдарға сырттан койылатын шектеу дәрежесіне байланысты. Дюркгейм үшін екі әлеуметтік ба- гыт үздіксіз айнымалылар болып табылады және осы бағыттардың біреуі тым төмен немесе тым жоғары болғанда, суицид коэффициенті көтеріледі. Демек, суицидтің төрт түрі бар. Егер интеграция жоғары болса, Дюркгейм оны «альтруистік суицид» түрі деп атайды. Төмен интеграция эгоистік суицидтердін өсуіне әкеледі. Фаталистік суицид жоғары реттеумен байланысты және аномиялық суицид төмен реттеумен байланыста болады.