Кафедрасы: «Мәдениеттану»



бет3/3
Дата13.04.2023
өлшемі82,54 Kb.
#82609
1   2   3
Аномиялық суицид. Дюркгейм қарастыратын негізгі үшінші суицидтің түрі - аномиялық суицид — қоғамның реттеуші күштері бұзылған жағдайда пайда болады. Мұндай жағдайда адамдарда қанағаттанбаушылық сезімі тууы мүм- кін. Себебі олардың толық бостандықта шексіз өрістей беретін құмарлықтары бакылаусыз болады. Аномиялық суицидтің көрсеткіштері қоғамдағы ауытқу сипаты он (мысалы, экономикалық өсу) немесе теріс (экономикалық құлды- рау) болған жағдайлар бірдей болуы мүмкін. Кез келген ауытқулар барысында ұжым өз өкілеттігін жеке тұлғаларға қолдануға уақытша қауқарсыз болады. Өзгерістер адамдарды ескі нормалардың енді қолданылмайтын, бірак жана нормалар әлі әзірленбеген жана жағдайға әкеледі. Аномия насихаттық пен нормадан тыс көңіл күй толкынын бұзатын кезең ағымы және бұл ағымдар аномиялык суицид мөлшерінің артуына алып келеді.
Әлеуметтік өмір мемлекеттік реттеуден босатылған кезендерде аномиялық суицидтік өсуі Дюркгеймнің индивидтердің сыртқы шектеуден толық босаты- лып, жеке құмарлыққа берілудің зиянды әсері туралы көзқарасына сәйкес ке- леді. Осылайша, реттеуден босатылған адамдар өз құмарлығының құлы болып, нәтижесінде, Дюркгеймнің пікірі бойынша, көптеген жойқын әрекеттерге, тіпті өздерін өлтіруге дейін барады.
Фаталистік суицид. Суицидтің соңғы фаталистік суицид атты төртінші түрі Дюркгеймнің «Суицид» еңбегінің сілтемесінде ғана қарастырылады. Аномиялық суицид реттеу тым әлсіз болған жағдайларда туындауы мумкін екенін ескерсек, фаталистік суицид осы реттеудің шамадан тыс артык болуымен байланысты. Дюркгейм фаталистік суицидке баратындарды «қатал қысым жасау арқылы құмарлықтары мен әрекеттері толық басқарылатындар» деп сипаттайды. Үмітсіздіктен және әрбір әрекеті бақыланатындықтан, суицидке баратын құлдардың жағдайы бұған классикалық мысал бола алады. Тым қатал реттеу мен қысымшылық меланхолия ағымын дамытады, бұл, өз кезегінде, фаталистік суицидтің өсуіне әкеледі. Дюркгейм әлеуметтік бағыттар суицид көрсеткіштерінің деңгейіне әсер етеді деп санайды. Жеке суицидтерге осы негізгі эгоизм, альтруизм, аномия және фатализм багыттары әсер етеді. Дюркгеймнің пайымдауынша, бұл бағыттар тек жеке индивидтердің жиынтығы ғана емес, сонымен бірге оларды sui generis (бірегей, өзіндік) куштер деп мойындау кажет, өйткені олар жеке тұлғалардың шешімдеріне ықпал жасай алады. Осы болжамсыз кез келген нақты қоғам үшін суицид корсеткішінің тұрақтылығын түсіндіруге болмайды.
Қорытынды
Қорытындылап айтқанда, Дюркгейм кейбір суицидтік әрекеттердің қалыпты жағдай екенін мойындайды, бірақ ол заманауи қоғамда эгоистік және аномиялық суицидтер көрсеткішінің өсіп отырғанын байқайды. Оның позициясымен «Коғамдагы енбек бөлініcі» шығармасында кеңінен танысуға болады, онда қазіргі заманғы мәдениеттің аномиясы енбек бөлінісінің өзара байланысқа негізделмей, керісінше, оқшаулануға бағытталганы айтылады. Демек, қажет болған жағдайда, қазіргі заманнын артыкшылыктарын сақтай отырып, суцидтерді болдырмаудың жолы бұл әлеуметтік бағыттарды теңестіру тәсілі. Біздің қоғамымызда, Дюркгеймнің пайымдауынша, бұл бағыттар теңгерілмеген. Атап айтқанда, әлеуметтік реттеу мен интеграция тым төмен, бұл аномиялық және эгоистік суицидтердің қалыптан тыс мөлшерде өсуіне әкеп соғады. Адам мен қоғамды байланыстыру үшін құрылған көптеген институттар сәтсіздікке ұшырады және Дюркгейм де олардың жетістіктеріне үміт артпайды.
Қазіргі мемлекет жеке адамның өміріне жеткілікті дәрежеде әсер ете алмайды, өйткені ол қоғамнан тым алшақ. Шіркеу бір уақытта ойлау бостандығына шектеу жасамай, өзінің интеграциялық әсерін іске асыра алмайды. Тіпті отбасы қазіргі заманғы қоғамдағы ең интеграцияланган институт ретінде бұл міндетті орындауда сәтсіздікке ұшырайды, себебі отбасы институтының озі суицидтің шыгу кездерінің бірі болып табылады. Керісінше, Дюркгеймнің пікірінше, кәсіптік топтарға негізделген басқа мекеме кажет.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі



  1. Автор: Эмиль Дюркгейм. Название: Самоубийство. Издательство: Издательство АСТ. Год: 2019. ISBN: 978-5-17-111956-0. Страниц: 520. Перевод книги: А. Н. Ильинский. Язык: Русский

  2. Ритцер Дж., Степницки Дж. «Әлеуметтану теориясы» [Мәтін] / ауд. Г.О.Әбдікерова, Д.К.Бұрханова, С.С.Серікжанова [ж.б.т.] // Рухани жаңғыру. Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық.- Алматы, 2018. Бет 101-105

  3. https://kk.warbletoncouncil.org/suicidio-10350

  4. https://old.syrboyi.kz/kogam/15147-suicid-sebepter-anday.html


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет