Кафедрасы: «Мәдениеттану»



бет2/3
Дата13.04.2023
өлшемі82,54 Kb.
#82609
1   2   3
Эгоистік суицид. Эгоистік суицидтердің жоғары қарқыны адамдар жеке коғамның үлкен әлеуметтік бірліктеріне сәтсіз интеграцияланған коғамдарда немесе топтарда кездеседі. Интеграциянын бұл кемшілігі адам коғамнын бөлігі емес екенін сезінуіне әкеледі, дегенмен бұл қоғам адамнын бөлігі емес екенін де білдіреді. Дюркгейм адамзаттың ең жақсы қасиеттері Моральдық ұстанымдарымыз, құндылықтарымыз және мақсатымыз туралы ой-пікірлеріміздің барлығы біздің бойымызға қоғамнан сіңіп, даритынына сенді. Интеграцияланған қоғам бізді осы құндылықтармен қамтамасыз етін, күнделікті кездесін отыратын кішігірім кемсітушіліктер мен елеусіз түңілулерді женуге қажет моральдық колдаудың жалпы сезімін қамтамасыз етеді. Онсыз біз қоғамдағы елеусіз ауытқулар кезінде суицидтік әрекетке баруға дайынбыз.
Атап өтетін жайт, Дюркгейм әлеуметтік күштердің маңыздылынын тіпті әлеуметтік шектеулерден босатылган эгоистік суицид жағдайында да колдай- ды. Акторлар ешқашан ұжымдық күштен босатылмайды: «Алайда жеке-дара- лыққа қол жеткізген адамның ұжымнан алшақтауы әрдайым оны уайымға ба- тырады, тіпті шамадан тыс оқшаулану күйзеліс пен меланхолияны тудырады. Осы ұжымдастыққа жетудің басқа жолы болмаған жағдайда, ол онымен қай- ты-қасірет арқылы тілдеседі». Эгоистік суицидтік мысалы тіпті ең даралық сипаттағы жеке іс-әрекеттерде әлеуметтік фактілер негізгі фактор болып табылатынын көрсетеді.
Альтруистік суицид. Дюркгейм талқылаған суицидтің екінші түрі - альтруистік суицид. Әлеуметтік интеграция өте әлсіз болған жағдайда эгоистік суицид орын алса, альтруистік суицид «әлеуметтік интеграция тым күшті» болған жағдайда туындайды. Индивид суицидке баруга мәжбүр болады. Альтруистік суицидтің бір мысалы 978 жылы Джонстоундагы Гайана ка- ласында Джим Джонс ізбасарларының жаппай өздерін өлтіруі. Олар уланган сусынды әдейілеп алып, кейбіреулері балаларына да осы сусынды ішкізген. Джонстын фанат ізбасарлары бұл қауымдастыққа тәуелі болғаны соншалық осындай әрекетке баруга бел буған. Осындай себеппен 2001 жылғы 11 қыркү- йекте Америка Құрама Штаттарында және 2014 жылғы 13 қарашада Парижде болган террорлық шабуылдардағыдай, шейіт болуға ұмтылатындардын әреке- тін де Дюркгеймнің тұжырымдамасы бойынша түсіндіруге. Тұтастай алғанда, альтруистік суицидке баратындар бұл әрекетті өздерінің міндеті деп сезінеді. Дюркгейм бүл әсіресе интеграция дәрежесі жогары әскери салада болуы мүмкін құбылыс екенін айтады, индивид оз кесірі- нен букіл топты сәтсіздікке ұшыратып, жолдастары алдында жауапкершілігін актай алмай өкінгенде, осындай әрекетке баруы ғажап емес.
Эгоистік суицидтің жоғары қарқыны «діңкелеп шаршаудан және қайғылы депрессиядан» басталса, альтруистік суицидтің ықтималдығы «үмітті ақтауға, бұл өмірден тыс керемет болашаққа деген сенімдерге» қатысты. Интеграция денгейі төмен болган жагдайда индивидтер өздерін коғағга пайдасыз сезініп, өз-өзіне қол жұмсайды. Ал егер интеграция жоғары болса, олар өз кабілеттерін одан да маңызды нәрсеге жұмсауга дайын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет