Каучук және резеңке Оқытушы: Милисова Н. Б



бет1/5
Дата15.12.2023
өлшемі3,8 Mb.
#138851
  1   2   3   4   5

Каучук және резеңке

Оқытушы: Милисова Н.Б.


С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Казахский Национальный Университет имени С.Д.Асфендиярова
Алматы, 2021
Инженерлік пәндер кафедрасы
Резеңке (лат. resina «шайыр») — каучукты вулканизациялау арқылы алынған эластикалық материал.
Каучук — эластикалық, су және электр өткізбеушілік қасиеттерімен сипатталатын табиғи немесе синтетикалық эластомерлер, оларды вулканизациялау арқылы резеңкелер мен эбониттер алуға болады.
Тарихы
Каучук пен европалықтар алғаш рет ХV ғасырдың аяғында танысқан. 1493 жылы Христофор Колумб екінші саяхатында Оңтүстік Америкадағы Гаити аралының тұрғындарының ойнайтын добы мен хош иісті шайнайтын сағызына назар аудырады. Бұл зат каучук еді. Х.Колумб саяхатында кездескен бұйымдармен бірге каучукты да европаға ала келді. Бірақ ХVIII ғ. дейін европада каучуктың сырын ешкім біле алмады. Каучуктың сырын 1735 ж. француз оқысымтысы Шарль Де Ля Кандалин ашты. Париж академиясы жер меридианының доғасын өлшеу үшін Оңтүстік Америкаға географиялық экспедиция жібереді. Кандалин өз жұмысын орындай жүріп. Каучукты да зерттеп, европаға келгеннен соң каучутың касиеттері туралы еңбек жазады. Осы еңбек арқылы европалықтар каучукты алу жолы және оның қасиеттерімен танысады. Каучук деген сөз Бразилияның “као - очу” ағаштың көзі жасы деген сөзінен шыққан. Каучук өсімдіктері Оңтүстік Америка, Африка, Малая сияқты экватордың тропикалық аймақтарында өседі. Каучуктың ең көп беретін биіктігі - 45метр.

Түрлері

  • Табиғи
  • Табиғи каучук көксағыз, таусағыз сияқты кейбір өсімдіктердің сүтті шырындарында болады. Табиғи каучукты, негізінен, Бразилияда өсетін гевея ағашынан алады. Каучук алу үшін өсімдіктің қабығын кертіп тіледі. Сол тіліктен ағатын сүтті шырынды (латексті) — каучуктың коллоидті ерітіндісін жинап алады. Сосын ерітіндіге электролитпен әсер етіп немесе қыздырып коагуляциялап (ірілендіріп) каучук жасайды. . Қазақстанда каучук өсімдіктері – көк сағыз және тау сағыз өседі.
  • Жасанды
  • Жасанды каучук алу мақсатымен 1826 ж. ағылшын физигі М.Фарадей каучуктың молекулалық құрылысын анықтады. Жасанды каучук, этил, метил спирті, мұнай, табиғи газ, бутадиен, стирол, изобутилин сияқты органикалық заттарды полимерлеу арқылы алады. Елімізде жасанды каучукты көбінесе дивинилден алынады. Дивинил торф, ағаш сияқты органикалық заттардан алынатын спирттерден өндіріледі. Техникада жасанда каучуктың мына түрлері жиі қолдланылады – хлоропенді каучук, натрий бутадиен каучугі, силиконды каучук.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет