Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


-дәріс. Латын графикасына негізделген қазақ жазуы



жүктеу 1.76 Mb.
Pdf просмотр
бет21/28
Дата28.12.2016
өлшемі1.76 Mb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28

12-дәріс. Латын графикасына негізделген қазақ жазуы
А.Байтұрсынұлының   әліпбиін   1913ж.   Стамбулда   өткен
кеңесте  түрік, араб, иран жазуы  үлгі етуге  уағдаласып, қазақ
жазуы   ресми   түрде   1924ж.   бекіткенімен,   әліпбиге   берілген
жоғары бағаға қарамастан түркі халықтарынан әзербайжан жа-
зуы 1922ж. көшкеннен бастап басқа түркі жазулары да әр-сәрі
күйде қалды.
Сөйтіп, 1926 жылы 26 ақпан мен 5 наурыз аралығында Бакуде
өткен   түркітанушылардың   съезінен   кейін   6   наурызда   қазақ   жа-
зуын латын графикасына көшіруді қолға алу тапсырылады.
1926 жылы 26 ақпан мен 5 наурыз аралығында Бакуде
өткен   түркітанушылардың   съезінде   қаралған   жазу
мәселелері.
Қазақ тілінің түпкілікті  жазуы  болады деген төте жазу-ды
латын   жазуына   ауыстыруға   түрткі   болған   І-бүкілодақтық
түркітанушылар құрылтайының жұмысы туралы айта кетудің
226
227

жөні бар. Өйткені съезд барша түркі халқының 600-ден ас-там
зиялылары,   К.Юдахин,   Н.Ф.Яковлев,   А.Н.Самойлович,
В.В.Бартольд, Н.И.Ашмарин, Л.В.Щерба сынды Ресей ғалым-
дары, А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, Н.Төреқұлов, Т.Шонанұлы,
Б.Сүлейұлы тәрізді қазақ білімпаздары бас қосқан, түркі халық-
тарының тілі мен жазуын жаңа белеске көтерген аса ірі тарихи
оқиға болып саналады.
Съезде емле, жазу мәселелері бойынша Л.В.Щерба, Н.Ф.Яков-
лев,   Л.И.   Жирков,   Ғ.Шараф,   А.Байтұрсынұлы,   Н.Төреқұлов,
Е.Омаровтар   баяндама   жасайды.   Түркі   тілдерінің   ішінде   латын
жазуына  көшуді   бірінші  болып  әзірбайжандар  көтергені   белгілі.
Оның себебін Н.Ф.Яковлев былай деп көрсетеді: мұнда қалалық
әзірбайжан – 13% болса, халық сауаттылығы 1% ғана болды, бұл
татар   халқымен   салыстырғанда   25%   төмен.   Ал   қалалық   та-тар
халқы 4% еді. Сондай-ақ ғалым жазу дінмен терең байла-ныста,
діні   күшті   халық   жаңа   жазуды   алмауға   тырысады   деді.   Бұл
Е.Д.Поливановтың жазуын реформаламаған халық жаңа графикаға
әуес   келеді,  оңай  ауысады,   ал  жазуын  жөндеп  отырған  тіл  өзге
графиканы құп көрмейді деген сөзімен үндесіп жатты.
Н.Ф.Яковлев,   Л.И.Жирков   сынды   ғалымдар   араб   жа-зуы
функциясының   кемігендігін,   жаңа   тілдерді   жаулап   алу
бағытынан тайғанын сондықтан жаңа прогресс, техника үшін
латын жазуының қолайлылығын айтса, Л.В.Щерба әр халық өз
тұрғысынан шешуі, жөн деп, бейтарап позиция ұстады. Араб
жа-зуын   жақтаушы   Ғ.Шараф   Н.Ф.Яковлев   пен   Л.И.Жирков
латын графикасын дәріптегенмен, түпкі ойы басқа, олар орыс
алфавиті   де   латын   жазуынан   кем   емес   деген   мазмұндағы
мақалаларын жариялап жүр дейді.
Жалпы, съезде шығып сөйлегендердің дені латын жазуының
техникалық артықшылығы:
- қолдың ыңғайы,
- көздің көруі,
- техникалық жағы,
- бас әріптің қызметі, араб 
жазуының кемшілігі:
- реформаланған араб әліпбиінің түпнұсқадан ауытқуы,
- оңнан солға қарай жазылуы,
- баспа қиындығы,
- әріптердің танылмауы,
- бас әріптің жоқтығы туралы сөз етеді.
Араб графикасын жақтағандарға (әсіресе, А.Байтұрсын-ұлына)
психологиялық   шабуыл   жиі   жасалады   (отырғандар   күліп,
даурығып,   кекетіп,   тыңдамауға   тырысады),   латын   графикасын
жақтағандарды қолпаштап, ұзақ қол шапалақтап отырады.
А.Байтұрсынұлы   төл   жазудың   жетілмей   қалғанына   басқа
халықтың жауап беруі дұрыс емес, әр халық жазуының өз жолы
мен деңгейі бар дейді. Орыс графикасын пайдаланып келе жатқан
халықтардың латынға көшу себебіне күмәнмен қарайды.
Съезде   А.Байтұрсынұлынан   басқа   сөз   алған   Ғ.Шараф,
Г.Х.Алпаровтар   әзірбайжан   жазуы   латын   графикасының
барлық   таңбаларын   пайдаланып   отырған   жоқ,   бар-жоғы   47-
56% -ын ғана қолданады, ол латын жазуы емес, өзгерген латын
жа-зуы, бұл жазудың ғұмыры қысқа болады дейді. Дегенмен,
да-уыс   беру   нәтижесінде   101   дауыс   латын   графикасына,   7
дауыс  араб графикасына, 9 дауыс  қалыс қала отырып, латын
жазуы қабылданады.
Құрылтай қарарында қабылданған емле ережелері.  Латын
графикасын қабылдайтын түркі тілдеріне ортақ емле ережелері де
осы жиында қабылданды. Олар төмендегідей болды:
- орыс графикасының әріптерін алмау,
- бірдей дыбыстарға әріп алмау,
- диакритикалық таңба алмау,
- созылыңқы дауыссыздарды белгілемеу,
- қосар әріп алмау,
- жіңішке дауыстыға таңба алмау,
- морфологиялық принципті ярпақ-япрақ, торпақ-топрақ
деген сияқты сөздердің әдеби вариантын табу үшін пайдалану,
-
дұрыс айту нормасын қалыптастыру,
-
кірме сөздерді айтылуы бойынша игеру (орыстар буын жа-
зуы бойынша игерген еді, енді айтылуы бойынша игереді),
- кірме сөздерді түпнұсқа тілдегі айтылуы бойынша алу (вол-
кан, вулкан емес, маскерад),
-
кірме сөздерді үндесім заңына бағындыру,
- кірме сөздер үшін әріп алмау (мысалы, орыс тілінде ғ, һ, ө, ь
болмағандықтан Неіnе  Гейне, Ньgо  Гюго болып жазылады),
-
халықаралық сөздердің соңындағы дауыстыны қысқарту:
вакансия – ваканс, пианино – пианин, фортепиано – фортепи-
ан,
-
кірме сөздерде о әрпі тұрса, [о] дыбысы етіп айту.
Алғашқы латын-қазақ әліпби жобалары. Сөйтіп, 1927-
228
229

1928жж. “Еңбекші қазақ”, “Лениншіл жас”, “Тілші” газеттерін-
де   жаңа   латын   әліпбиінің   жобасы,   сол  графикамен  басылған
тақырыптар   жариялана   бастайды.   Ең  алғаш   жарияланған  ла-
тын әліпбиінің жобасында 24 әріп, 1 дәйекше болды (яғни төте
жазудың жүйесінен ажырамады). Олар: a, b, c, d, e, h, g, j,
і, k, l, m, n, o, p, q, r, s, t, u, v, y, z және ‘ (Тілші, 17.09.27).
Мұндағы ћ – <ғ>, у – - фонемаларын таңбалады. Кейінгі
жоба (Лениншіл жас, 30.11.28) <ғ> – q, <ы>,<і> – ъ етіп берді.
Z – таңбасы сызықсыз жазылып, дәйекше ^ – деген таңбасымен
ауыстырылды.
1927   жылы   (24.04)   Мәскеуде   өткен   қазақстандық
студенттер-дің   жалпы   жиналысында   жасаған   баяндамасында
Н.Төреқұлов жазуды ауыстыруға  әлі ерте, оған он жыл керек
дегенмен, ла-тын жазуына көшу басы ашық мәселе болғаннан
кейін,   өзінің   авторлығымен   әліпби   жобасын   жасайды.   Ол
Е.Д.Поливанов еңбегінде “Аслат’а” деп аталған.
Н.Төреқұловтың әліпбиінде 28 әріп, бір дәйекше болды: а
<а>, е <е>, і <ы>, <і>, о <о>, <ө>, u <ұ>, <ү>, р <п>, в <б>, m
<м>, f <ф>, w <у>, t <т>, р <ғ>, d <д>, s <с>, z <з>, c <ш>, j
<ж>, n <н>, l <л>, r <р>, у <й>, k <к>, g <г>, q <қ>, х <х>, ћ
<ћ>, ŋ <ң>, ә <ә>, ‘
Әліпбиде <ф>, <х>, <ћ>, <қ>, <ғ>, <к>, <г> дыбыстарының
әрпі бар. Ал  <ә>  фонемасы басқа жұп дауыстылардан бөлек,
латын   графикасында   жоқ   таңбамен   белгіленеді,   яғни   1926ж.
құрылтай қаулысына сәйкес емес ә, р, ŋ таңбаларын жасайды.
Н.Төреқұловтан   кейін  Х.Досмұхамедұлы  латын   графикасын
қолдамаса   да,   қызмет   бабының   ыңғайымен,   саналы   түрде   жаңа
әліпбиге көшуді ұсынып, латын әлпбиінің жобасын құрады. Бірақ
науқан түрінде емес, қазір қолданып отырған әліпби мен емлені
жетілдіріп,   жаңа   графикаға   біртіндеп   өтуді   ойластырады.
“Қолданбасақ та латын харіфтерін біз де тілімізге үйлестіріп көру
керек.  Тез арада,  әсіресе әкімшілік  әдіспен көшіру мәдениет ісі
үшін залалды ћәм саяси тұрғыдан да байыпты емес” дейді.
Х.Досмұхамедұлы   әліпбиінде   14   әріп   латын   алфавитіне
сәйкес алынады да, апостроф (’) пен дәйекше ауыстырылады:
a, b, d, e, g, і, j, k, l, m, n, ө, о, p, r, s, sh (ц), t, u, y, z, к’, h, ch
(щ), tsh (ч), f, k, g’, n’. Әліпбиде <ч>, <ф>, <ц>, <щ>  сияқты
орыс тілі дыбыстарына таңба арналған,  <к>, <г>, <ң>  фоне-
малары  к’, g’, n’  арқылы белгіленеді. Бірақ аталған әліпбиде
апостроф жіңішкелікті екінші мәрте көрсететін кезі бар: ’k’өr
– көр,  сондай-ақ басқа функцияда да  (n’<ң>)  жұмсалды.  Шет тіл
дыбыстарына қосар таңба алынды да, бұл І түркітанушылардың
құрылтайында қабылданған қаулыға сәйкес келмеді.
Жалпы, латын жазуына көшу Орта Азия түркі халықтарын-да,
әсіресе   татар   халқы   мен   қазақ   даласында   бірауыздан   қол-дау
тапқан жоқ. Процесс өте баяу, жай өрбіді. Сондықтан 1928 жылы
18-23   желтоқсан   аралығында   Қазанда   жаңа   түркі   әліпбиі-нің
бүкілодақтық   орталық   комитетінің   ІІІ   пленумы   шақыры-лады.
Қазақстаннан Асфендияров, О.Жандосов, Нұрмақов, Т.Шонанұлы,
Тоғжанов, Т.Рысқұлов сынды білімпаздар қатына-сады. Пленумда
көтерілген мәселелер негізінен латын әліпбиіне көшу баяулығы,
әзірбайжан   жазуы   қабылданған   әліпби   не-гізінде   өзге   түркі
халықтарының   әліпбиін   бірдейлестіру,   жазу   тарихындағы   сол
дәуірді мұрағат ретінде сақтау, бас әріп мәсе-лесі, емле принципі,
фонетикалық   пен   морфологиялық   прин-ципті   қатар   ұстау  деген
мәселелер   төңірегінде   болды.   Н.Ф.Яков-лев   унификацияның
графикалық,   фонетикалық,   орфографиялық   түрлері   болады.
Негізгі бірлестіру фонетикалық болып табыла-ды, ол әр таңбаның
ортақ дыбыстық мағынасы бар болу деген сөз деді. О.Жандосов
Қазақстан   латын   жазуына   көшуді   кешеу-ілдетіп   отырса   да,
бірлестіру жағынан Әзірбайжаннан алда  тұр, бірлестіру негізіне
бір жазуды алу деген дұрыс емес, өйткенде әр халық өз жазуының
дұрыстығын дәлелдейді. Толық унифика-ция жасау мүмкін емес,
дауыссыздарды да бірлестіру керек деді автор және Қазақстанда
ескі   арабшылдардың   күні   таяды   деген-ді   былай  білдірді:   “было
время,   когда   казахский   крестьянин   по   поводу   любого   вопроса,
имеющего   большое   общественное   зна-чение,   спрашивал,   что
скажут   Букейханов   и   Байтурсынов.   Это   два   толпа   казахского
прошлого,   казахского   национализма,   смесь   патриархальных
предрассудков
 
с
 
буржуазно-националистичес-кими
представлениями”.
Сөйтіп, 1929 жылы қазақ жазуының араб әліпбиінен латын
графикасына түпкілікті көшкенін хабарлайтын “Жаңа алфавит
туралы қаулы”  шықты. Мұндағы әліпбиде 29 әріп болады (3-
кесте).
230
231

3- кесте – 1929ж. латын графикасына 
негізделген қазақ әліпбиі
рет
әріп
фонема
рет
әріп
фонема
саны
саны
1
а
<а>
16
в
<б>
2
ь
<ы>
17
d
<д>
3
о
<о>
18
g
<г>
4
u
<ұ>
19
ƣ
<ғ>
5
е
<е>
20
z
<з>
6
ә
<ә>
21
č
<ж>
7
і
<і>
22
h
<һ>
8
ө
<ө>
23
m
<м>
9
у
<ү>
24
n
<н>
10
р
<п>
25
ŋ
<ң>
11
t
<т>
26
v
<у>
12
k
<к>
27
l
<л>
13
q
<қ>
28
r
<р>
14
s
<с>
29
j
<й>
15
c
<ш>
Әліпби сипаты. Әліпбиде қазақ тілінің өзіне тән 9 дауысты-
сы мен 20 дауыссыз фонемасына әріп арналды. <қ>, <ғ>, <к>,
<г> дыбыстарының жеке таңбасы болды. ь <ы> таңбасы орыс
алфавитінен   алынды,  
ƣ  <ғ>,   č<ж>,   ŋ<ң>   таңбалары   болды
және одағайларда ғана қолданылатын шығыс кірме сөздерінде
жазы-латын   һ   <һ>   дыбысының   әрпі   бар.   Алфавитте   бұдан
басқа кірме сөздерде кездесетін әріп қатары болған жоқ.
Пысықтау сұрақтары
1. Латын  графикасына   өтудің  тілдік   және  тілдік   емес   себептері
қандай?
2. Жазуды ауыстыру қашан, қандай оқиғадан кейін басталды?
3. Латын әліпбиінің алғашқы жобаларына ортақ қандай ерекшелік-
терді атар едіңіз?
4. Қазақ-латын   әліпбиіндегі   әріп   саны   қанша   және   графикалық
ере-кшеліктері қандай болды?
5. Баку конференциясында қабылданған әліпби мен емле талапта-
рынан қандай тұжырымды байқайсыз?
1-тапсырма.
Берілген сөздерді 1929 жылы қабылданған латын алфа-
виті бойынша жазыңыз:
Социалист, программа, химия, банк, холдинг, пресс-конфе-
ренция, хат.
2-тапсырма.
Бос орындарды 1929 жылғы әліпбидегі тиісті әріптерді
қою арқылы толтырыңыз:
P_jonis, qar_vlь, o_ьnçьq, qol_at, әlipbi_, ca_ьmpaz, dokt_r.
3-тапсырма
1929 жылғы латын әліпбиі бойынша берілген мәтіндегі
қателерді табыңыз.
Cana   teqьnalog   -   pedagogtьn   mymkindigin   kyçejtetin   qural,
biraq  ol   muğalimdi   almastьra  almaidь.   Kampvter  mymkindikteri
pьsьjqologьja men dьjdaktьjk turğьsьnan taldanьp, kerek kezinde
pedagogjkalьq talaptarğa saj qoldanьluvь kerek.
Bilim beryv cyjesindegi qajta quruvlardьn negizgi suvbektisi -
muğalim.   Qazirgi   mektepke   çьğarmaçьlьq   izdenis   qabileti
damьğan, cana pedagogьjkalьq tehnalogьjalardь cete mengergen,
mamandьq çeberligi qalьptasqan muğalimder qacet.
Cana   aqparattьq   teqьnalogьjmen   orьndalatьn   qьzьmet   өzinin
kez   kelgen   naqtь   formasьnda   tijimdirek   orьndaladь,   adam
өrkenijetti bola bastajdь.
4-тапсырма
1929ж   әліпбимен   жазылған   термин   сөздердің,   төл
сөздердің, күрделі сөздердің, қосымшалардың емлесіне тал-
дау жасаңыз:
обылыс,   бөлшебектік,   Петірпауыл,   пұрсент,   не   дәуір,   әлде
қашан,   өктәбір,   Галашөкін,   партыйа,   кәмійтет,
апортұншылдық, айаусыз, қызұу, кірісүу, алды мен, ұрұу, қалқоз,
бастырұу,   жөнелтүу,   аударұу,   тійісті,   кектір,   жатұу,   пәкті,
жойұу,   нойабір,   үйел,   піленүм,   тұуғызұу,   піленүм,   де-ректбі,
Қазағыстан, қаупы, жыйын, сыйпыр, сыйақты, ұклон, айаусыз,
ағұс, Әулійе ата, «Нобйайажыйзын», өндіріс үушаскесі, кәмесер,
бірігаділер, быйылғы, кәзір, айақталұу, оң
232
233

түстік, ауылшарұуашылық, тәжірійбе стансалары, спаттал-
ды,   егілүу,   тійісті,   пебырал,   әрійне,   айақсытқандық,
әкәдемійе, сесійе, қабар, үйін, каушық, тұуралы, жана басқа,
Ленінгірат,   бірігаді,   респөблійке,   қалық   кәмесерлері,   әртел,
ауыл-пәсөлке, кәперетсе.
5-тапсырма
1930 жылғы газеттерден алынған төмендегі сөздердің ор-
фограммаларын топтастырып, емлесіне сипаттама беріңіз:
qosuv - қосұу, qьzuv - қызұу, kirisyv - кірісүу, uruv – ұрұу, вastьruv,
бастырұу, çөneltyv - жөнелтүу, avdaruv - аударұу, aluv
–   алұу,   orьndaluv-орындалұу,   dajьndaluv-дайындалұу,   cuv   -   шұу,
çatuv - жатұу, bilyv – білүу, boluv - болұу, otьruv - отырұу, saluv
– салұу, bastaluv-басталұу, turqьzuv-тұуғызұу, çiberyv-жіберүу,
uvlastьrmaj – ұуластырмай, oвьlьsь – обылысы, qazaqьstan –
Қазағыстан, ajьrьqca – айырықша, ajausьz – аяусыз, maja - мая,
uja - ұя, sьjaqtь - сияқты, çojuv - жою, qojuv - қою, ujat – ұят,
partьja – партыйа, kәmijtet – кәмійтет, tijisti – тійісті, әvlije
–   әулійе,   bьjьlqь   –   быйылғы,   tәçirijbe   –   тәжірійбе,   әcijin   –
әшійін, әrijne – әрійне, çьjnav - жыйнау
Оқуға арналған материалдар
Латын әліпбиін қабылдауға байланысты 
туындаған емледегі қиындықтар
Одақтың жаңа әліпби комитетінің ІІІ пленумында қатысқандар
жаңа әліпбиді “Жұмысшы – қара шаруа әліпбиі “ деп айту керек
деп   ұсыныс   айтты.   Латын   әліпбиін   енгізу   шаралары   іске   асты.
Мысалы, Ораз Жандосұлы “Жұмысшы қара шаруа әліпбиі “ де-ген
мақаласында мынандай міндеттерді көрсетеді:
1. Жаңа әліббиге көшуді шындап қолдап, оны іске асыруды
үкімет жолы мен міндет қылу сияқты тиісті үкімет шараларын
тез қолдану керек;
2. араб   әліпбиіне   жұмсалатын   бар   қаражат   бұлағын   жаңа
әліпбиді өркендетуге жұмсау керек;
3. жаңа   әліпби   мен   көп   етіп   әліпби   кітаптарын   жана   әрі
арзан, әрі елге ұғымды кітаптар бастырып тарату керек.
4. Алдымен қала-қалада  жаңа  әліпби сауатсыздығын  және
ісін қолға алу керек.
5.   Мәдениет   майданында   қатар   түзеп,   қаладан   ауылға
аттаныс жасау, сүйтіп жаңа әліпбиді мүлиендеген қара шаруа
бұқарасы арасында тарату керек.
Одақтық   жаңа   әліпби   кіндік   комитеті   құрылды.   Кіндік
комитетінің әр түрік республикасынан өкілдері болды. Кіндік
комитетінің төрағасы Самат Ағамалыұлы болды.
1929   жылдың   жаңа   оқу   жылынан   бастап,   Қазақстанның
барлық   оқу   орындарында   оқуды   жаңа   әліпбимен   жүргізуге
шешім   қабылданды.   1929   жылдың   20   ақпанынан   бастап
“Еңбекші   қазақ”   газетінде   “Уроки   казахского   языка   для
европейцев”   де-ген   атпен   жаңа   әліпби   сабағы   (   80   сабақ)
жүйелі   түрде   басы-лып тұрған.  Сонымен  қатар  газет  бетінде
наурыз   айынан   бастап   кей   мақалалар   латын   графикасында
беріле бастаған. Мысалы: Т.Шонанұлының “Шет сөздер імләсі
жайында” т.б. мақалалар латын графикасымен жарық көрген.
Жаңа   әліпбиге   көшуге   байланысты   емле   мәселесінде
бірқатар   таластар,   қайшылықтар   болды.   1929   жылғы   18
ақпанда “Еңбекші қазақ” газетінің бетінде Қазақстан Орталық
жаңа   әліпби   комитетінің   емле   мәселесі   туралы   тіл
білімпаздарына, оқушыларға, барлық жазушыларға ашық хаты
жарияланады.   Онда   1929   жылдың   20   наурызында   Қазақстан
оқу комиссиа-риаты шақыратын білімпаздар съезіне дейін емле
мәселелері   талқылануы   керектігін   ескерте   келіп   жан-жақты
емлеге   ен-ген  өзгерістерге   оқушылардың   пікірлерін   сұрайды.
Ондай өзгерістер:
1) ұзын   “ұу”,   “сұу”,   “асыулар”   бір   түрде   (UY)   жазылып,
(жіңішке естілгенде де) бір түрлі UY жазылсын;
2) бірнеше түбірден құралған бір мәнді сөз (бас алқа,  от
арба,   жел-бау,   көзі   қорақты,   жол   соқты,   аты   сұрау,   қан
сұрау, күн елту, әр кім, бір жола, еш деңе) тұтас жазылсын;
3) “Кенжеғұл”,”Аягөз”, “кетпен”, “жоңқа”, “Бұрамбай”
сияқты бір мәнілі сөздердің ішіндегі дүдәмал дыбыс естілуін-
ше жазылсын;
4) бір мәнілі сөз деп қандай сөздерді айтуға болады? Кей бір
дыбыстары жоғалып, екі түбірден кірігіп қысқарған сөзді айта-
мыз ба? Сөйлем ішіндегі мәнісіне (сұрауына) қарап, бір мәнілі
деп табу керек пе? Болмаса, басқа өлшеуіш бар ма?
5) тұтас сөздің ішіндегі “з”,”ж”,”ш”,”с” дыбыстары естілуін-
ше емес, түбірінше жазылсын (тас -тасша, таз- тазша, тәж
– тәжша, ас – асша);
234
235

6) түбірдің дыбысына жалғау, жұрнақтың дауыссыз дыбысы
ықпал етпесін (түн-түнгі боп жазылсын, естілуінше түңгі боп
жазылмасын);
7)
л, р, у, и ден басталатын сөздерде ( қап, лосу, рабай, рұқсат,
уақыт, іине) ы, у дыбыстары сөз басында дүдәмал естілсе жа-
зылмасын; 8) есімшені” “тұн” жұрнағы (баратұн, келетүн
естілуінше
“тін” боп жазылсын. “Үшін”, “үркер” сияқты сөздерде
ү, ө, і,
е жазылсын;
9) демеу жалғауының қосалқы қосымша сөздер (ғой,  ғана,
мен) дыбыстары естілуінше, түбір сөздер сызықша мен айыры-
лып   жазылсын   (берді-ғой,  рас-қой,  шақ-қана,  жүрсек-те,
алды-ма, келіп-бе, адам-мен, еп-пен);
10)
сын есімді күшейтетін үстеу буындар (қап-қара, оп-оңай)
естілуінше қосылып жазылсын;
11) ау, ай одағайлар сөзге тіркелгенде (япырмау, жанымай)
бірге жазылсын, сөзден бұрын келгенде, бөлек жазылсын (Ай,
Асан);
12) еке (аға, еке) жұрнағы өзге жұрнақтарша түбірге бірігіп
жазылсын (ағаеке);
13) кейбір көмекші етістіктер (бар, жүр, еді, ген еді ) етістік-
пен бірге иә сызықша мен айырылып жазылсын;
14) “сын”,”сық”   боп   қысқарып   айтылатын  соң  сөзге
келгенде бірге жазылсын (барғансоң, онсын).
Осыған   байланысты   “Еңбекші   қазақ”   газетінің   бетінде
ұсыныстар   жасаған,   айтысқан   т.б.   көптеген   мақалалар   жарық
көреді. Мысалы: Байтұрсынұлы А. “Емле туралы” (1929, 27 на-
урыз); “Қазақстан мен Қазағыстан туралы”, Дулатұлы М. “Емле
өзгерту   жайында”,   “Емле   жайындағы   пікірлер”;   (Ақдәулетұлы
Әбділда,   Мұқанұлы   Сәбит,   Есенғали   Манабайұлдарының   пікір-
лері)   (1929,   28   наурыз);   Қайменұлы   І.   “Емлені   түзету   туралы”
(1929,   10,19   наурыз);   Мамытұлы   “Емле,   пән   атаулары   туралы”
( 1929, 19 наурыз); Марғұланұлы Ә. “Жазу мәселесі” ( 1929, 16-17
тамыз);   Аймауытұлы   Ж.   “Әліпби   емлесіне   түсінік”   (   1929,   18
ақпан); “uv,v,іv,yv” ( 1929, 9 наурыз); “Әдеби тіл мен емле” ( 1929,
12   мамыр),   Аймауытұлы   Ж.   “Емле,   әріп   жайында”,   “Емлені
өзгертуге   жоба”,   “Тағы   да   емле   туралы”,   Аманжолов   С.   “Жаңа
емленің   кейбір   дыбыстарын   өзгерту,   емле   мен   термин-дерді
дұрыстау туралы”, Омаров Е. “Айнымалы дыбыстардың жазылу
мәселелері”, Уәлитов Ш. “Емлені өзгерту жайында”,
Шаймерденов Е. “У” мен “И”, Байтоғайұлы Б. “Қос сөздер ту-
ралы, Омаров Е. “Емле мәселесі”, Шонанов Т. “Шет сөздердің
імләсі жайында” т.б. атауға болады.
Бас   әріп   мәселесі   латын   әліпбиіне   көшкеннен   кейін   кейін
талқыға түсті. Әсіресе бас әріпті алу-алмау мәселесі туралы газет
бетінде біраз таластар болған. Бұл мәселеге әсіресе оқытушылар
белсене   үн  қосқаны   байқалады.   Ондай  мақалалардың   қатарына:
“Бас әріпті  былай алайық” (1929, 26  қараша);  “Бас  әріп туралы
айтыс” (1929, 2 желтоқсан); Ш.Тоқжігітов “Бас әріптің керегі жоқ”
(1929, 2 желтоқсан); “Бас әріп керек” (1930, 4 ақпан); “Бас әріп
керек   не,   жоқ   па?”   т.б.   жатқызуға   болады.   Бұл   мәселе   латын
графикасына   көшуге   байланысты   туындағаны   белгілі.
Бүкілодақтық   Орталық   жаңа   түркі   әліпбиі   комитетінің   І   пле-
нумында бас әріпті жою не сақтау туралы мәселе қойылып, онда
бас   әріпті   алмау   туралы   шешім   қабылданады.   Көп   ұзамай   бас
әріпті   кіргізу   мерзімі   жайында   1930   жылы   2   маусым   айында
Қазақстан   Орталық   Атқару   комитетінің   қаулысы   бойынша   алы-
нады (Еңбекші қазақ. 1930. 20 октябрь. №232). 1930 жылдың 11
сәуірінде Қазақстан Орталық атқару комитетінің “Бас әріпті алу
туралы” қаулысы шығады. Онда 1931/32 оқу жылына арналған оқу
құралдары бас әріппен басылсын, барлық мерзімді әдебиет 1931
жылдың бірінші қаңтарына шейін барлық оқушыларын бас әріптің
түрі мен ережесімен таныстырып болсын да, сол күннен бастап
бас   әріпке   көшсін,   1931   жылдың   қаңтарынан   бастап   оқу
құралдары бас әріппен басталсын т.б. қаулыларды қабылдайды.
О.Жұбаева, Қ.Күдеринова, Н.Әміржанова «Латын графикасы
негізіндегі қазақ әліпбиі: тарихы, тағылымы және болашағы»
(Алматы, 2007) жинағынан.
12-семинар. 1929 жылғы Қызылордада өткен ғылыми 
орфографиялық конференция материалдары
Сөйтіп, жаңа жазудың графикасы мен орфографиясы және емле
принциптерін айқындау және қазақ тілі емле ережесін талқылау,
қабылдау үшін 1929 жылы 2-4 маусым аралығында Қызылордада
ғылыми   орфографиялық   конференция   шақырылады.
Конференцияға   Е.Омаров,   Юдахин,   Т.Шонанұлы,   Вундцетель,
Байділдин, Қ.Кемеңгерұлы, Әлібаев, Байманов,
Тоқтыбаев, Е.Д.Поливанов, Қ.Жұбанов қатынасады.
236
237

Қазақ орфографиясына қатысты бұл алғашқы ғылыми кон-
ференцияда мынадай негізгі мәселелер сөз болып, ұсыныстар
айтылды.
Емле принципі туралы:
- Емле   фонетикалық   принципке   негізделеді.   Фонетикалық
принцип былай түсіндіріледі: “Наш фонетический принцип
– не принцип фонетической академической транскрипции. Мы
понимаем под словам фонетическиим принципом пере-дачу без
искажения   смысла   слова,   звуков   нашей   речи”.   Яғни
фонетикалық   принцип   сөз   мағынасын   айыратын   фонеманы
ғана таңбалайды дегенге саяды. Және морфологиялық принцип
те   фонематикалық   негізде   түсіндірілді.   “Но   и   там,   где   мы
применя-ем   морфологический   принцип,   под   этот   принцип
подводим   фо-нетическое   объяснение,   ибо   по   нашим
наблюдением  нет такого пункта  в нашем  правописании  и  не
должно быть такого место в нашем языке, которой возможно
было бы объяснить фонетичес-ки” (Т.Шонанұлы).
- қазақ   тілінде   диалект   болмағандықтан   морфологиялық
принциптің   қажеті   жоқ   (Т.Шонанұлы,   К.Юдахин,   Е.Омаров);
түбірді фонетикалық, қосымшаны морфологиялық принциппен
жазуды тіл табиғаты қалайды, бірақ морфологиялық жазуды 15-
20 жылдан кейін енгізу (Е.Омаров);
- шет   сөзін   түпнұсқа   принципімен   жазып,   өз   тіліміздің
дыбыстық   құндағында   (Н.Уәлиұлының   термині)   оқу
(Е.Омаров);
құрлы,   қой,   қана  сөздерін   морфологиялық   принциппен
жазу (Е.Омаров), (К.Кемеңгеров);
-шы жұрнақтарын (барсайшы) түбірмен бірге жазу (К.
Кемеңгеров);
ғана, ғой, ма, көрі шылауларын фонетикалық принциппен
жазу (Е.Омаров);
-барлық   түркі   тілдерінде   палатал   үндесім   жетекші,
сондықтан емлеге осы үндесімді негіз ету (Т.Шонанұлы) деген
пікірлер болды.
Ал ерін үндестігі туралы мынадай қарама-қарсы пікірлер
айтылды (стенограммадағы сөйлеу стилі өзгертілген жоқ):
-   ерін   үндесімі   бұдан   50-60   жыл   бұрын   күшті   болса
(В.В.Радлов), бүгінде құрып барады (Т.Шонанұлы, Әлібаев) //
ерін үндесімі мүлде құрығаны ғылыми түрде дәлелденген жоқ,
сондықтан ойласу керек (Юдахин); // еріндіктерді бірін-
ші буыннан артық жазбау // eрін үндесімінің күші қазақ тілін-де
ІІ   буынға   дейін   сақталуы   тиіс   және   солай   жазылуы   қажет
(К.Кемеңгерұлы).
- ерін үндестігін сақтау тиімсіз, бірақ шет сөздерді игерген-
де екінші буынға да жазу (Е.Омаров) // кірме сөздердің соңғы
буынындағы   еріндікті   алдыңғы   буынға   шығарып   жазу
(висмут-вұспит) (Т.Шонанұлы).
Қысаң езуліктердің емлесі туралы:
- сөз   аяғындағы  ы,  і  езуліктері   қосымша   жалғағанда
түсірілсе, түбірде де жазбау (Т.Шонанұлы);
- қысаң езуліктерді мүлде таңбаламау: млтқтң (Байділдин,
Әлібаев; // қысаңдарды барлық позицияда таңбалап отыру 
(Е.Д.Поливанов).
Позициялық алмасуды таңбалау туралы:
- емледе ілгерінді ықпалды ғана белгілеу (Т.Шонанұлы);
- түбір мен қосымша аралығында п-б, қ-ғ, к-г, п-у өзгерісін
белгілеу (Т.Шонанұлы);
- аталған позициядағы н-м, н-ң өзгерісін жазуда белгілемеу
(Т.Шонанұлы).
Бірге/бөлек таңбалауға байланысты:
- қосымшаларды   бірге   жазу,   ал   жартылай   қосымшаларды
бөлек   жазу:   “тілдің   еркін   дамуы   үшін   түбір   мен   жартылай
қосымшаның бірге жазылмауын назарға алуымыз керек”;
- тілтұтынушы   санасында   бөлек   сөз   болып   табылмайтын
күрделі сөздерді бірге жазу (Т.Шонанұлы);
- бейүндес біріккен сөздерді дефиспен жазу (Алибаев);
Жеке әріптердің емлесіне қатысты:
ж, ш, й дыбыстарының жіңішкеруі (шәй, жәй, тійін) тілде
бар болса, оның емлесін айқындау (Т.Шонанұлы);
-
ш, ж, й  дыбыстарының аралығындағы  [а]-[ә]  дүдәмалдығын
қосымшаның   жуан   жалғанатынына   қарап,  а  ретінде   таңбалау
(Т.Шонанұлы);   өйткені   <ж>,   <ш>,   <й>-лардың   жіңішкеруі   диа-
лектке байланысты болуы мүмкін (К. Юдахин);
- сөз аяғындағы <б>-ны таңбалау (болыб, келіб, саб, қаб).
-
<к>-нің жіңішкеруі мен <қ>-ның жуандауын (әкт, пыртақол)
жазуда белгілеу (Кемеңгеров);
һ әрпін әліпбиге алмау: қаћарман сияқты сөздерді қаарман
деп жазу (Қ.Кемеңгеров, Тоқтыбаев).
Кірме сөздердің емлесі туралы:
- шет сөздерді қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына икем-
238
239

деп жазу, игеру тәсілдеріне қазан төңкерісіне дейінгі дыбыстық
өзгерістерді   алу  (Т.Шонанұлы);   шет  сөздерді   морфологиялық
принцип   арқылы   игеру;   өйткені   кірме   сөздердің   “тасқыны”
оларды өте аз уақытта табиғи түрде игеруге мүмкіндік бермейді
(Қ.Кемеңгерұлы);
- шет   сөздердегі  <ц>-ны-[ш]  етіп   игеру,   себебі  шіркеу-
церковь болып игерілген, <в>-ны дауысты аралығында [у], сөз
басында  [б],  тұйық   буында  [п]  етіп   игеру,  ер   адам
фамилиясының   соңын  [п],  әйел   адам   фамилиясының   соңын
[уа]  етіп   жазу  (Е.Омаров).  “А   это   значит,   что   мы   от
иностранных   слов   берем   основу,   име-ющую   материальное
значение,   с   подчинением   всех   морфологи-ческих   и   других
наращений этой основы свойствам казъязыка” (Т.Шонанұлы);
- өзге тіл фамилиясын түпнұсқада жазу (К.Юдахин),
- өзге тіл фамилияларын икемдеп жазу (Е.Омаров);
- орыс   тіліндегі   <г>-ны  ж  әрпімен   беру   дұрыс   емес
(К.Юдахин);
- орыс   тілінің   айтылуын   шет   тіл   сөздерінде   сақтау
(Юдахин);
- кірме сөздерді өзгертпей жазу, бұрынғы игеріліп жазылған
сөздерді түпнұсқа тұрпатымен жазу (Байділдин).
- сөз   басында  г,  ғ,  ч,  у,  й  әріптерін   таңбаламау,   кірме
сөздерде не түсіріп жазу, не қатаңдатып беру (Е.Омаров);
- шет сөздерді қазақ тілінің фонетикалық заңына сәйкес иге-
ру, мысалы, космос-коспыс, газ-ғаз, смола-спала (Е.Омаров);
-
жазуға дейінгі кірме сөздер мен жазу қалыптасқаннан кейінгі
кірме сөздерді екі түрлі принциппен жазу, мысалы, жағырапия,
бірақ география, геология (К.Юдахин);
- шет  сөздерді  орыс  тілі  арқылы  алмау,  европа-evropь
(еуропы)деп   жазу   (Е.Омаров);   -   шет   сөздері   халық   тілінде
қалай игеріліп жатқанын зерттеу
үшін материал жинау (К.Юдахин).
Сөйтіп,   конференцияда   көтерілген   мәселелердің   ішінде
кірме   сөздердің   емлесі   үлкен   қиындық   тудырды.   Комиссия
мүшелері   ортақ   пікірге   келе   алмай   екіге   бөлінді.   Е.Омаров,
Қ.Кемеңгеров,   Т.Шонанов   бастаған   топ   терминдерді   игеріп
жазуды  ұсынды, екінші топ (Қ.Жұбанов, Байділдин, Әлібаев)
терминдерді орыс тілі емлесіне жақындатып жазуды жақтады.
Қабылданған  емле  ережелерінің  ескертуінде   мынадай  өзгеріс
болды: “Применяя фонетический и морфологические принципы
казахском языке в правописание иностранных слов, нужно избе-
гать искажения основы иностранных слов, имеющее материаль-
ное   значение   без  особой   на   то  надобности”  (Т.Шонанов).  Бірақ
Е.Омаров   ережеге   мынадай   пунктің   енуін   қалайды:   “для   выяс-
нения   характерного   применения   вышеизложенных   принципов   к
орфографии   иностранных   слов   ориентироваться   на   европейские
слова, непосредственно воспринятые живым народным языком с
русским,   а   потом  на   слова  перешедшие   с   арабского  и   персидс-
кого”. Комиссия мүшелерінің көбі бұл пікірді құптамайды.
Міне,   конференцияда   сөз   болған   мәселелер   мен
ұсыныстардың ұзын-ырғасы осындай.
Бұл   ұсыныс-пікірлерден   қазақ   графикасы   мен   орфогра-
фиясының   негізгі   ережелерінің   алғашқы   нұсқасы   сөз   болып
отырған емле конференциясында (1929ж) жасалғанын көреміз.
Конференция мына мәселелерді айқындап берді:
- қазақ жазуының негізгі ұстанымы (фонематикалық);
- халықаралық сөздердің қазақ тілі дыбыстық заңдылығына
сай   игеріліп,   әліпбидегі   әріп   шегінде   таңбалануы:   атап
айтқанда, <ф >→ [п] / panar, <г >→ [г’], [ғ] ěaz, ěybirne, еуро-
па   жазуларындағы  сћ  тіркесін,   орыс   жазуындағы   <х>,   араб
тіліндегі   <ћ>   дыбысын  q,  к  әрпімен   таңбалау:  muqtar,  teknij`ke,
kөkіne, <ц> →с, <ч> → [ш], <щ> → [ш] дыбысы етіп игеру және
таңбалау:  әреsеr, cek, birkencik;  <й> → [ж], ю → [жұ], я → [жә],
[же] етіп игеру және таңбалау: ямбы – čатвь, ящик – čәйк, япо-
ния – čароn, еврей – čәbrej, юсуф – čysip; <в> →[у] және [n] етіп
игеру және таңбалау: samavrьn, mәskev, barcav, serdejip;
- 2-буында ерін дауыстылары бар шет сөздерін еріндікті 1-
буынға шығарып заңдастыру: труба-turba, доктор-doktьr;
- этимологиясы күңгірт түбір мен қосымшаны фонетикалық
принциппен (айтылуынша) жазу (κуŋgej, ćoŋqa),
- шылау   сөздерді   қосымшалармен   бірдей   естілуінше
таңбалау;
- түбір   соңындағы   қысаң   езуліктерді   қысаң   буынды
қосымша жалғанғанда түсіріп таңбалау (murьn – murnь);
- дауысты   дыбыстардың   дүдәмалдығын   қосымша   жалғау
арқылы анықтау (kitap – kitapqa).
Қазақстанда   латын   жазуына   біржола   өту,   сауаттану   басқа
түркі   халықтарына   қарағанда   бәсең   жүрді.   Сондықтан   жаңа
алфавиттің бүкілодақтық орталық комитетінің ІV пленумы
240
241

Алматыда   өтті   (1930   жылы   6   мамыр).   Пленумға
С.Асфендияров,   Т.Шонанұлы,   Қ.Жұбанов,   Шәрібаев
қатынасады. Пленум мүшелері Қазақстанның жаңа алфавитке
салғырт   көзқарасы   азаймай   отыр   дейді   (8-11   жасқа   дейінгі
балалардың 20% мектеп-ке тартылған).
Ресей   білімпаздарынан   қатынасқан   Н.Ф.Яковлев   терминдерді
бағындырып жазуда сақтыққа, тіпті онымен күресуге шақырды.
Пленумда бас әріп туралы С.Асфендияров қазақ жазуы бас
әріпті алмайды, алса қызметін азайтып алады, жалпы бас әріп
ағылшын,   француз   емлесінде   де   бірыңғай   принципке
сүйенбейді деді.
Р.Шор графемалардың психотехникасы жазу психологиясы
Германия, Америкада жақсы зерттелген, сонда қазіргі жазу жо-
лынан шығып тұрған таңбалар бас әріп, нүкте, үтірлер көзге
бір-ден анық көретіні анықталған дейді.
Қ.Жұбанов   пленумның   мақсаты   бір   жазуды   негіз   етіп
анықтау   болмау   керек,   ешбір   жазу   басқа   тілдің   жазуымен
ыңғайласа ал-майды, әзірбайжандр q, k әріптерінің мағынасын
өзгертіп   жіберді   деді.   Және   бір-біріне   саяси,   экономикалық,
мәдени   жақындығы   бар   тілдер   бір   унификация   жасау  керек,
жаппай бірлестіру бол-майтын іс деді.
А.Н.Самойлович қазақ жазуы <ш>-ны с-мен берді, себебі, с
– унификацияланған әліпбиде <ч>-ны береді деді.
Пленум қаулысы Қазақстандағы сауаттылықты тағы 15%-ға
көбейту,   1930   жылдың   қазанында   жаңа   әліпбиге   көшуді
түбегейлі аяқтау, Қырғызстан, Қазақстан, Дағыстан жазуы бас
әріпті қабылдау керектігін бекітеді.
Сөйтіп,   қазақ   тілінің   дыбыстық   негізінен   шығарылған
алғашқы   емле   ережесі   1929ж.   латын   графикасымен   бірге
қабылданды.   Онда   орфографтяның   негізгі   ұстанымы
анықталып, шеттілдік сөздер қазақ тілі төл сөздерінің жазылу
принципі-не   сай   таңбаланды.   Қазіргі   емлеміздегі   негізгі
орфограммалар   сол   1929ж.   емле   ережелерінде   айқындалды.
Графика   латын   алфавитінің   барлық   әріптерін   пайдаланды.
Бірақ   [ый],   [ій],   [ұу],   [үу]   қосар   дыбыстарының   бір   әріппен
таңбалануы бұл графика-да қабылданған жоқ.
Оқуға арналған материал
Әлiппемiз бұқарашыл болсын
Төр-аға. Сөз ж. Жұбанұлына берiледi.
Жұбанұлы.   –  Кенеттен   ж.   Е.Омарұлы   туыс   негiздi   емлеге
бейiмдiк көңiл бiлдiргендей болды. Сондықтан мен емленiң тек
негiзi жайынан ғана сөз қыламын.
Емленiң   бүге-шiгесiн   мен   талдап   жатпаймын.   Өйткенi   ол
жағын   Константин   Кузмич   Юдахин   толық   жанап   өттi.   Күн
бұрын бiз өзара ойласқан сөзiмiздi ол кiсi айтқан соң, мен оның
сөзiне басқа қосарым қалмады.
Бiзге туыс негiздi (морфология) емле керек пе, дыбыс негiздi
(фонетика) емле керек пе?
Менiңше,   баяндамашы   айтқандай,   емле   негiзiне   қожа   сол
тiлдiң жаратылыс заңы болуы керек. Тiлiмiздiң жаратылысына
қарасақ, емлемiз дыбыс негiздi болу керек. Әрине, ол Шонан
ұлы баяндамасында айтқандай дыбыс негiздi болу керек.
Бiзге   дыбыс   жүйелi   емле   неге   керектiгiн   Қазақстанның
бiрiн-шi  бiлiм  съезiнде  ең толық  түсiндiрген  адам  Омар  ұлы
едi. Бiз туыс жүйелi емле жасасақ та бәрi бiр, оның өзi дыбыс
жүйелi емлемiзден онша басқа болып кетпес едi. Өйткенi туыс
жyйенi сөз негiзiнде қолданар едiк. Сөз негiзi бiзде өзгермейдi
де, ды-быс  естiлуiне  сәйкес  болады.  Жалғауды  бәрi бiр туыс
негiзiмен   жаза   алмас   едiк.   Неге   десеңiз,   жалғауды   туыс
жағынан әлi ешкiм жете бiлмейдi. Жалғауды  туыс  жүйесiмен
жазу   үшiн   оның   тари-хын,   бұрын   калай   жазылып   жүргенiн,
қысқасы   алғашқы   түрiн   бiлу   керек.   Жалғаудың   қай   түрi
тұңғыш,   қай   түрi   кенже   екенiн   бұл   күнгi   тiл   бiлiмi   бiле
алмайды.   Мәселен   «лар»   көнерек   пе,   я   «дар»   ескiрек   пе,
болмаса «тар» кәрi ме, оны дәлелдеу мүмкiн емес.
Сондықтан   профессор   Шобан-заданың   ұсынысын   мен
керiсiнше ұстау керек дер едiм. Проф. Шобан-зада: «сөз-негiз
дыбыс жүйесiнше, жалғау туысынша жазылсын», десе, мен сөз
негiзi туысынша, жалғауы дыбыс жүйесiнше жазылу керек дер
едiм. Сонда бiздiң емлемiз мiнсiз, әрi жеңiл болады. Себебi сөз
түбiрi   белгiлi   жолмен   кейде   болмаса,   тiптi   өзгермейдi.
Сондықтан бiздiң дыбыс емлемiз бен туыс емлемiздiң арасында
айырмашылық болмайды деймiн. Қопармалы тiлдерде бұл екi
негiздi емлелердiң арасы жуықтаса алмайды. Сондықтан сөз
242
243

тұлғасын бұзбау yшiн туыс жүйелi емленiң бiзге онша керегi
жоқ. Бұл жайында баяндамада айтылған.
Проф. Шобан-зада туыс жүйелi емленi жақтағанда көздейтiнi
– түрiк тiлдерiн бiрiктiру болса керек. Бұл – жай қиял. Омар ұлы
тiлiмiздiң жазба тарихы ұзақ емес дедi. Менiңше тiлiмiздiң жаз-ба
өмiрi, орыс тiлiмен салыстырғанда да, едәуiр ұзақ: жазуы-мыз ұзақ
өмiр сүрген. Түрiктерде VI-VIII ғасырда жазу болған. Славяндар
(орыстардың аталары) X ғасырдан бастап жазулы болған. Орхон
жазуын бұлай қоя тұрғанда да, бiзге жеткен бел-гiлерге қарағанда,
түрiктер   IX-X   ғасырда   ойғыр   жазуымен   жа-зып   бiраз   кiтап
қалдырған.   Мәселен   «Екi   ханзада»,   «Езгiлiк   және   жауыздық»
деген ертегi ойғыр әлiппесiмен жазылған. Тiлшiлер бұл ертегi IX
ғасырда жазылған деп ұйғарады.
Сол ғасырдан берi мың жыл ұдайынан бiз туыс негiздi емле
ұстап келемiз. Онан түрiк тiлдерiнiң арасы қанша жақындасты.
Жазу арасы жақындау үшiн, ол жазу қалың бұқараға жеңiл
болу керек.
Қалың   бұқара   қолына   үкiметтi   ұстағанға   шейiн,   жазу
бұқарашыл бола алмады. ж. Е.Омарұлы айтқан сияқты жазу тек
жоғарғы таптың ғана еншiсi болды. Сондықтан ол жазу қалың
бұқара арасына сiңе алмады. Қалық бұқара тiлiн бiрiктiре алма-
ды. Мұнан былай, жазу бұқарашылданған соң, тiлдi бiрiктiруге
болады. Бiрақ тiлдердi бiрiктiруге болмайды. Адам деген бел-
сендi   жануар,   адам   өз   тұрмысын   да,   тiлiн   де   өзгерте   алады.
Бiрақ   жалғыз   жазумен   емес,   түрлi   шаруашылық-әлеуметтiк
шарттар арқылы өзгерте алады. Ол шарттар түрiк тiлдерi түгiл
барлық адам баласының тiлдерiн бiрiктiруi де мүмкiн. Бiрақ ол
қашан боларын ешкiм айта алмады. Ол ертерек. Әзiр бiз туыс
жүйелi емленi алсақ, бiзде де англичандiкi және басқа елдердiкi
сияқты жазу болады.
Бiзде «лар» деген жалғау -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер, бо-
лып жазылады. Ойғыр әлiппесiнде көптiк жалғауы «а» арқылы
-лар болып жазылған. Шағатай тiлiнде -лiр ( ) жазылған. Берi
келе анатолы түркi мен татар тiлiнде де -лiр ( ) жазылған. Бiрақ
онымен татарлар да, анатолы түрiктерi де тiл тарамдануынан
(диалектi) құтыла алмаған.
Сондықтан туыс жүйелi емленi алсақ та бiз я жазуды, я тiл-
дердi   бiрiктiре   алмаймыз.   Мен   де   бiрiккеннен   қашпаймын,
бiрақ өте сақтық керек.
Көптiк жалғаудың қазақша төрт түрi бар. Бiз оның бәрiн
тастап   жалғыз   лар-ды   ұстап   қала   алмаймыз,   мұнан   оқыту
жұмысы ауырлайды, сауаттану жұмысы қиындайды. Сауаттану
жұмысы тез жүру үшiн жазу сөз естiлуiне жақын болу керек.
Әйпесе “ят” кезiндегi орыстар сияқты емле ережелерiн жаттай-
мыз да отырамыз.
ж. Е.Омарұлы айтқан сияқты, бұл күнге шейiн емле мәселесiн
тiл мамандары шешiп көрген жоқ. Емленi шешумен келе жатқан
тұрмыстың өзi. Өнерлi елдiң қайсысының болса да жазуын алып
қараңдар.   Iрi   тiл   мамандары   болса   да,   ол   мамандар   емле
мәселесiне аз жәрдем берген. Өйткенi бұл күнге шейiн тiл iлiмi
өмiрмен байланыспай, таза iлiм болып келген. Мұнан былай тiл
iлiмi жазудың iске асу жағына жәрдем бермеске амалы жоқ.
Арап   жазуының   негiзi   тарихи   жазу.   Ол   араптардың
надандығынан емес, арап тiлiнiң қасиеттерiнен болған. Арапта
тiл iлiмi өте шарыққа  шыққан. ж. Шонан ұлының көңiлi өте
құлап кеткен дыбыс жайындағы тiл iлiмiнiң тарауы  әлi арап-
тiкiн жөндi басып кете алған жоқ. Iрiту, елiктiру заңы араптарға
қашаннан белгiлi болған. Бiздiң оқытушыларымыз iдғам, ықпа
дегендердi жақсы бiледi. Бiрақ арап емлесiн жасаған араптың
бұл ғылымы емес, өзiнiң тiлi, арап тiлiнiң түбiрi үш дауыссыз
дыбыстан   құралады   да,   дауысты   дыбысқа   өте   кедей   болады.
Сондықтан емлесi туыс жүйеге сүйенген.
Ендi   профессор   Вудцетельдiң   сөзiндегi   дауыссыз   дыбыс
қатар   келмейдi   дегенге   тоқталам.   Бiрақ   мұны   сәл   кейiнге
қалдырайын.   Бiрде   ж.   Байтұрсын   ұлы   газетте   туыс   жүйелi
емлеге жуық пiкiр айтқан сияқты. Ол кiсi -дар, -тар, -дер, -тер
екi түрде  -дар//-дер болып жазылсын деген. Бұл да “дар”-ды
жалғаудың байырғы түрi, дұрыс түрi деген, -тар//-тер бұралқы
түрi деген қиялдан туған пiкiр. Жалғаудың қай түрi үлкен, қай
түрi кiшi екенiн әлi ешкiм аша алған жоқ. Бiздiң алтай тiлдерi
қатаң, ұяң дыбыста-рын бұрын айырмаса керек. Мәселен ойғыр
жазуында п мен б, к мен г айырылмаған.
Сондықтан ойғыр әлiппесiмен жазған түрiктер қатаң дыбыс-
тан ұяң дыбысты айыра алмаса керек. Көп зерттелген бiр түрiк
тiлiнде   бұл   әлi   бар.   Мәселен   шуаш   тiлiнде   қатаң   мен   ұяң
дыбыс-тар   айырылмады.   Бiтеу   буында   қатаң   болған   дыбыс,
ашық буын-да ұяңға айналады. Мысалы ит (ат), ұда (атқа). Берi
келе қатаң, ұяң дыбыстар жiктеледi. Оның бiрi – ерте, бiрi –
кеш   шықты   деу   дұрыс   емес.   Бiздiң   емлемiзде   де   екеуiнiң
терезесi тең болуы керек.
244
245

Бiзге туыс жүйелi емленiң келмейтiн тағы бiр себебi – тiлiмiздi
зат есiм, сын есiм деп сөз мүшелерiне бөлу қиын. Архангельский
жолдастың тiл құралын түзеген Кемеңгер ұлы жолдастар осылай
дептi.   Бiздiң   тiлiмiз   жалғамалы   (агглютинация)   тiл,   қопармалы
күйге жетпеген тiл. Бұлай сатылауға англичан тiлi қарсы бол-са да,
англичан тiлi қопармалылықтан жалғамалылыққа қайтса да, осы
күнгi бiр  жаңа қисын  қопармалы  тiлдi   жоғары қояды.  Мен  осы
жаңа   қисынды   қолдаушыларданмын.   Түрiкшiлдер   де   бiздiң
тiлiмiзде   әлi   дербес   тұлғасы   жоқ   сөздер   барын   көрсетiп   отыр.
Бұған зат есiмнен шыққан сын есiмдер айғақ болып отыр. Олар
мағнасы   аяғындағы   дыбысына   қарай   емес,   сөйлемдегi   ор-нына
қарай бiлiнедi. Сондықтан тiл құралымызды сөз жүйесi ғана емес,
сөйлем   жүйесiне   де   қоса   құру   керек   екенi   байқалады.   Тiлiмiз
осындай сатыда тұрған соң емленi сөз жүйесiне құруға болмайды.
Бiзге ең қолайлысы дыбыс жүйесi.
Ендi жолай бөлек-салаққа кiдiре кетем. Мен баяндамашының
кейбiр жаңылысын түзегiм келмейдi де, баяндамашы тiл ма-маны
болуында   дау   жоқ.   Сөз   басында   дауыссыз   дыбыстар
қосарланбайды дегендi кеңiтiп, буын iшiнде дауыссыз қос ды-быс
келмейдi   деу   дұрыс.   Бұл   барлық   түрiк   тiлдерiнiң   заңы.   Тек
дауысты үндi шұғыл болса ғана екi дауыссыз дыбыс қатар ке-ледi.
Басқа түрiктер екi дауыссыз дыбысты қатар жазса, ол тек емледен.
Бiрақ   “екi   дауыссыз   қатар   келмеу   –   барлық   мешелдеген   тiлдер
белгiсi”   деу   жаңылыс.   Арап-жебiрей   тiлдерiнде   үш   дау-ыссыз
қатар келедi. Бiрақ соңғы кезде олар да асты-үстi қойып айырып
жyр, мысалы: зарыбун – ұру, зараба – ұрды, зарыба
– ұрылды. Олардың дауысты әрiптер жазып жүргенiнiң өзi да-
уыстыларды көп сезбегендiгiн көрсетедi. Н.Е.Вунцетель мұны
жетiлген   тiлдiң   белгiсi   қылып   көрсеттi.   Әйтеуiр   мен   солай
түсiнiп   қалдым.   Түсiнуiм   дұрыс   болса,   ол   кiсiнiң   ойына
қосылғым кел-мейдi. Өйткенi дауыстыға  түрiк тiлдерiнен бай
тiл жоқ. Жаңада ғана өзбектер 18 дауысты дыбыс аламыз деп
дауласқан.   Олар   түрiк   тiлдерi   жетiлген   тiлдер   болады   дейді.
Бодуэн-де-Куртене де солай деген.
Мен   қопармалы   тiл,   жалғамалы   тiлден   жетiлiңкiреген   деген
ойға   қосылам.   Бiрақ   жалғамалы   тiлдiң   дыбысқа   бай   екендігін
мойындамасқа   болмайды.   Осы   күнгi   бiр   жаңа   қисынның   ай-
туынша әуелi қоспа дыбыстар шыққан. Сонан олар жiктелген. Ең
соңынан   дауыстылар   шыққан.   Сондықтан   буында   дауыссыз-дар
қатарланып келуi ескiнiң мұрасы деп қарау керек.
Осымен сөзiмдi тоқтатам.
Құдайберген Жұбанов
Қызылордада шақырылған Бүкiлодақтық
ғылыми-орфографиялық конференциясының
стенограммасынан үзiндi
Пысықтау сұрақтары
1. Қызылорда   конференциясында   сөз   болған   мәселелердің
қайсысы бүгінде шешімін тапқан?
2. Конференцияда   қабылданған   фонетикалық   принцип   ұғымын
қалай түсіндірер едіңіз?
3. Термин   сөздер   қазақ   тілінің   дыбыстық   заңдылығына   сай
игеріліп, 1929 жылғыдай жазылуын сақтап қалғанда не ұтар едік?
1-тапсырма
Төмендегі   “Satsьjaldь   Qaza
ƣ  ьstan”   («Социалды
Қазақстан»)   және   “Lenincjl   зas”   («Лениншіл   жас»)
газеттерінің   1932-1933   жж.   сандарынан   алынған   кірме
сөздердің емлесіне сипаттама беріңіз.
Kәmsamol,   qalqoz,   әpirel,   bәlcebekter,   kektir,   birijgadijler,
birijgәdi, өktәbir, pursent, tьraktьr, sapqozdar, mәstiriskoj, teqnijke,
kәmesereti,   otrәd,   espan,   samolөt,   ekipaз,   Mexail,   Grigori,
Nikiforovic, Epremovic, komsomoletster.
2-тапсырма
Төмендегі   “Satsьjaldь   Qaza
ƣ  ьstan”   («Социалды
Қазақстан»)   және   “Lenincjl   зas”   («Лениншіл   жас»)
газеттерінің 1932-1933 жж. сандарынан алынған сөздердің
емлесіне сипаттама беріңіз.
Birijgәdi, teqnijke, зьjnav, partьja, Qalьj ulь, oqьj
ƣa, sajasьj,
satsьjaldь, әvlije, bьjьl
ƣь, zьmьjan, zьjankestikter, ujalar, muqьjat,
nojabir.
246
247

Тест сұрақтары
1. 1929 ж. дейін қолданылған жазу?
а) кирил жазуы
в) төте жазу
с) көне түркі жазуы
d) латын жазуы
е) жазу болмады
2. 1930   жылы   Алматыда   өткен   бүкілодақтық   орталық
комитеттің IV пленумының қаулысы:
а) латын графикасына көшу в) Қырғыстан, Қазақстан, 
Татарстан мемлекеттеріндегі
сауаттылықты 1940 дейін 50%-ға дейін көтеру с) “қазақ 
әліппесі мен орфографиясын біраз өзгерту туралы
“ қаулы
d) Қырғызстан,   Қазақстан,   Дағыстан   жазуы   бас   әріпті
қабылдау керектігі туралы
е) орыс графикасына көшу туралы
3. 1929 жылғы латын алфавиті бойынша дұрыс 
жазылған сөзді көрсетіңіз:
a) maзjna
b) maзьjna
с) мәзіjne
d) mәзenke
e) мәshіne
4. Қазақ жазуының алғашқы ғылыми орфографиялық 
конференциясы қашан, қайда шақырылды?
а) 1913 ж. Стамбулға в) 
1926 ж. 26 ақпан Бакуге
с) 1928 ж. 18 қазан Қазанға
d) 1929 ж. 2 маусым Қызылордаға 
е) 1930 ж. 6 мамыр Алматы
5. 1929 жылы қабылданған алфавиттің емлесін өзгертуге
байланысты алғашқы жоба кімге тиесілі?
а) Қ. Жұбанов b)
С. Аманжолов
с) С. Жиенбаев
d) А. Байтұрсынов 
е) Н. Төреқұлов
6. 1929 жылы қабылданған емле ережесі бойынша емле 
қандай принципке құрылған?
а) лексикалық в) 
морфологиялық с)
грамматикалық
d) лексико-грамматикалық 
е) фонетикалық
7.   1929   жылы   қабылданған   ереже   бойынша   қазақ
сөздеріндегі  ерін  үндестігі  неше  буынға дейін сақталу  ке-
рек?
а) 1
в) 2
с) 3
d) 4
е)5
8. 1929 жылы қабылданған латын графикасындағы дау-
ысты дыбыстар саны қанша?
а) 11
в) 6 
с) 9 
d) 12
е) 13
13-дәріс. 1938 жылы емлеге енген өзгерістер
1933   жылдан   бастап   емлені   өзгертуге   байланысты
ұсыныстар   беріле   бастайды.   Алғашқы   жобаны  Қ.Жұбанов
ұсынды. Ғалым ұсынған әліпбиде 24 әріп, бір дәйекші болды.
а  <а>-<а’>,  b  <б>-<б’>,  с<ш>-<ш’>,  k  <к>,  q-<қ>,  l  <л>-
<л’>, r <р>-<р’>, s -m <м’>-<м>, d <д>-<д’>, n <н>-
<н’>,  t<т>- <т’>,  е  -,  ң  <ң>- <ң’>,  u  -<у>-,
g<г>-<ғ>, х <х>-<х’>, у<ұ>-<ү>, һ <һ>-<һ’>, о <ө>-<о>, z <з>-
<з’>, і<ыj>-<іj>, ь<і>-<ы>, р<п>-< п’>.
248
249

Қ.Жұбанов  f, h,  х  әріптері кірме сөздерде ғана емес, Оңтүстік
Қазақстан қазақтарының тілінде бар дыбыс және келешекте тілдің
термин   (1934)   сөздермен   баю   мүмкіншілігін   ескерсек,   бұл
әріптерден   бас   тарта   алмаймыз   және   өзге   түркі   халықтарының
әліпбиімен бірдейлестіру үшін бұл үш әріпті әліпбиге енгі-
зу керек деді. Pravda, avarie, vьmpel, fabrik, fakt сөздерін b, p
әріптерімен таңбалаудың қиындығын айтты.
Giremәpon, Meknijke, Qarkop, sabet сөздерінің әртүрлі орфог-
раммаланып кеткенін жазды.
1936   жылы   “һ  әрпі   әліпбиде   болғанмен,   қазақ   сөздерінде
ұшырап   жарымайды,   тек   одағайларда   кездеседі”   деп,   әліпби
құрамынан ө, ә, j (й) және с таңбаларын шығарып, һ әрпін <ғ>
фонемасына беруді ұсынады. Ал j-ді і дауысты дыбыс әрпімен,
v-ны  u-мен   беруге   болады   дейді.   Сөздің   жіңішкелігіне
дәйекшеден басқа і, к, g әріптері де қарақшы (маркер) бола ала-
тынын көрсетеді.
Сонда Қ.Жұбановтың әліпби құрамынан алып тастауға бола-
ды деген таңбалары мыналар болды: ө, ә, j, ғ, v.
Және ұу,  үу,  ый,  ій  қосар таңбаларының орнына бір таңба
алуды, дәйекше қызметін пайдалануды ұсынады.
Қазақ-латын   графикасының   кемшілігі   деп,   “сызылған”  ө,
“құйрықты”  з,   ŋ,  “аударылған”  е  (ә),   “созылған”  g  (q),   “белі
сызылған” z таңбаларын атайды. Сөйтіп, “Таким образом вмес-
то прежних 13 букв по значению и 17 букв по числу знаков ос-
тавляются 7 букв, 7 знаков” дейді.
Сыз,  сіз  дегенде  ы,  і  әріптері   сөз   дыбысталуының   ғана
жуандығы мен жіңішкелігін көрсету үшін тұрған жоқ, ол бүтін
буынның   жуан-жіңішкелігін   көрсетуге   қойылған   қарақшы”.
“Жазуда буын сайын бір дыбыстың жуан-жіңішкелігін айы-рып
таңбалағанда,   әр   буынның   дауысты   дыбысының   ғана   жуан
жіңішкелігін айырып таңбалаймыз. Әрқайсысына екі әріп алып
әурелемей-ақ, буын-буынның ғана жуандығын я жіңішкелігін
айыртқандай   бірақ   белгі   қоятын   болсақ,   әрпіміздің   санын
бүгіндегімізден   де   азайтып   26-ға   түсіруге   болар   еді”   деді
А.Байтұрсынұлы жолымен (4-кесте).
Ал кірме  сөздерді  жазғанда  орыс  тіліндегі  түбірін сақтап,
қосымшаны   қазақ   тілде   жалғауды,   сондай-ақ   туынды   кірме
сөздердің жұрнағын қазақ тілінде беруге болатынын ескертті
(федератировать-федерациялау).
4 кесте – Қ.Жұбановтың латын жазуына енгізген өзгерісі
1929 ж. латын
Қ.Жұбанов
1929 ж.
Қ.Жұбанов
жазуы
ұсынысы
латын жазуы
ұсынысы
a <а>
a<а> <ә>
o <о>
о <о> <ө>
ә <ә>
-
ө <ө>
-
b <б>
b<б>
p <п>
р <п>
c <ш>
c <ш>
r <р>
r<р>
з <ғ>
з <ғ>
s <с>
s <с>
d <д>
d<д>
t<т>
t <т>
e <е>
e <е>
u <ұ>
y <ұ> <ү>
g <г>
g <г>
y <ү>


f <ф>
z<з>
z <з>
i <і>
i <й><и>
v <в>
v <в>
h <һ>

j <й>
i <і>
k<к>
к <к>
ь <ы>
ь <ы>
l <л>
L <л>
č <ж>
č <ж>
m <м>
m <м>
Uv
-
n <н>
n <н>
Yv
-
<н>
ŋ<н>
Ьj
-
q <қ>
q <қ>
Iy
-
Ғалымның 1929 жылғы әліпби мен емле ережелеріне айтқан
сыны   қазіргі   қазақ   емлесінде   айтарлықтай   дау   тудыра
қоймайтын сөздердің заңдастырылу тарихын көрсетеді.
Мысалы, Қ.Жұбанов орфография ережелері “термин сөздерді
ғана   емес,   төл   сөздердің   де   дұрыс   жазылуына   кедергі   келтіріп
келді”. “Әсіресе  асра,  ру,  көбрек,  қойны,  аулы,  шаруа  сөздерінің
бірде ы-мен, бірде ы-сыз жазылуына өзі жол берді” деді.
Сондай-ақ   мына   сөздердің   бірнеше   вариантта   жазылуына
мүмкіндік жасады дейді: ғана / ғәне / гәне, ішкім / ешкім, шій-
май / шыймай / шызбай, кервіш /керпіш /кірпіш, бійбастақ /
бейбастақ   /   бійбастақ   /   бейбастақ,   жәнтік   /   жәндік,
шынара / шінара / шін-ара / ішін-ара / ішінара.
Сол   сияқты   күрделі   біріккен   сөздерді   жазылуы   да   әртүрлі
болды   дейді:  жар-ғанат  /  жар   қанат,  қол-ғабыс  /  қол   қабыс,
жарымес / жәрмес, ійін ағаш / ійінәғаш, жаздыгүні /жаздыкүні /
жаздыкүн / жаздыкүн, жазғы тұр / жазғытұрым /жазытұр /
жазытұрым, баражатыр / баратыр / барат.
250
251

1929   жылы   емледе   тек   кірме   сөздердің   жазылуында   ала-
құлалық   бар,   ал   төл   сөздердің   емлесі   мінсіз   деген   пікірлердің
дұрыс еместігін осы мысалдардан да көруге болады дейді ғалым.
Емле ережесінің аз болуы емленің жақсылығын емес, кемшілігін
көрсетеді. Ал кірме сөздердің емлесі туралы қазақша жазушылар
“шет тілдерден кіретін сөздердің емлесі қазақ тілінің фонети-касы
мен морфологиясының осы күнгі заңдарынша болу керек деп, бір
әуре болады. Аса бір керек жерлерде ғана болмаса, жаңа сөздердің
түбірін бұзбай жазу керек” деп екі әуре болады дейді.
Сондай-ақ  гөрі/кері  шылауының  гөрі  вариантын   кодифи-
кациялау  керек.   Өйткені   ол   үнемі   шығыс   жалғауынан   кейін
қолданылады деді ғалым.
1935 жылы барма, келгесн, барғансн деп бірге жазуды ұсынады
да, енді бір мақаласында қосымша ма, ме- ні бірге, шылау ма, ме
– ні бөлек жазуды ескертеді.
Сондай-ақ  да,  де  –   нің   қосымша   болғанда   сөз   түбірімен
бірге, шылау болғанда бөлек жазылатынын айырады.
Ал  мен,  бен  сөздерін   шылау,   қосымша   екенін   айыру
қиындығынан бөлек жазуды жөн деп табады.
Қос сөздер дефиспен тек аппақ, көкпеңбек сөздерін бірге, ал
қолма-қол  сияқты қосар сөздердің алдыңғы екі сыңарын бірге
жазуды ұсынады.
Сөйтіп,   бүгінгі   емле   кодификациясының   түпнегізі
Қ.Жұбанов тұжырымдамаларынан шығады.
Әліпби   мен   емлені   өзгертуге   байланысты   екінші   ұсынысты
С.Аманжолов айтты. Автор 1933 жылы “Социалистік Қазақстан”
газетіне   жариялаған   мақаласында   жаңа   әліпби   комитетінің
түркі тілдері дыбыстық ерекшеліктерімен ескермей, әліпбиден
ә, ү, z, ө әріптерін шығаруды ұсынуы, сондай-ақ <қ>-ны к-мен,
<ғ>-ны г-мен беруді дұрыс емес дейді.
<ғ> дыбысын х әрпімен беруді ұсынады, қысаңдарды түсіріп
жазуды қолдамайды.
Қосар дыбыс әріптерін бір әріппен беруді ұсынады. <ый>,
<ій> дыбыс тіркесінде j таңбасы дауыссыз <й> – ді де беретін
болсын деген пікір айтады: saj (сай), jaqnj (яғни).
Ал [ұу], [үу] тіркесіміне v таңбасын лайық көреді. Сонда V-
<у>, <ұу>, <үу> беретін болады дейді.
Терминдерді орыс тілі арқылы игеру керек, 1929 жылы емлені
жасаған   Т.Шонанұлы,   Е.Омаровтардың   алашордашылдығын
олардың шет сөздерді сол түпнұсқа тілінде алайық деген ниеті-
нен көруге болады дейді.
С.Аманжолов 1929жылы қабылданған әліпбидің мынадай 
кемшіліктерін көрсетті:
1) әліпбиде х, f, v таңбаларының болмады;
2) и, у таңбаларының жоқтығы, соның салдарынан мисси-
сипи, миссури сияқты сөздердің mijssijsijpij, mijssуvrij деп 6, 7
әріптің орнына, 13-9 әріпке дейін жазылу;
3) Фонетикалық принциптің ұсталынды;
4) Қазақ   тілінің   төл   сөздерінде   екінші-үшінші   буындарда
ерін дауыстылары жазылмағандықтан кірме сөздердің әртүрлі
орфограммалануы (кило-келі, динамо-динамы, бюро-бюра);
5) Сөз ішінде екі дауысты дыбыс қатар келмейді деп, зооло-
гия, биология, театр сөздерінің зологыйа, быйалогыйа, тыйа-
тыр  болып   таңбаланды;  6)   Қатаң-ұяң   дыбыс   тіркесімі
болмайды, сондықтан жа-
зылмайды   делініп,  аптаномыйа,  Бекполат,  апсалұут  сияқты
фонетикалық   орфограммалар   көбейді.   С.   Аманжолов:   “Қазақ
тілінің   сингармонизм   заңына   бағынатындығы   бұлай   тұрсын,
қазақтың ежелгі сөздерінің талайы дыбыс жүйелі принцип-
ке бағынбайтын еді. Мысалы:  tuz+cь, ag+cь, bas+сь, gel+bau,
gьzmet+ker, gazdь+gun” дейді.
Сөйтіп,   емле   ережелеріне   мынадай   өзгерістер   ендірілетін
болды   дейді:   емленің   негізі   –   морфологиялық   принцип,   түбір
морфологиялық,   қосымша   фонетикалық   принциппен   жазы-лады
(зumьsdьŋ),   түбірлері   сақталған   біріккен   сөздер,   кірікпей
жазылады да, қосымшасы фонетикалық принциппен жазыла-ды;
кірме   сөздер   ішінара   болмаса,   морфологиялық   принциппен
түпнұсқа   тұрпатын   сақтап   жазылады,   қосымша   фонетикалық
принцип бойынша жалғанады, қазақ тіліне ауызша жолмен еніп,
игерілген   географиялық   атаулар,   ұғым   атаулар   қалыптанған
түрінде   жазылады:  өzbek,   poiьz,   sjiez,   nөl,   aрus,   yiel,   yien,  екі
немесе   одан   көп   дауыссыз   дыбысқа   аяқталған   кірме   сөздерге
қосымша   жалғанғанда,   соңғы   дауыссыз   түсіп   қалады,   қосымша
сөздің   соңғы   буынының   жуан-жіңішкелігіне   қарай   жалғанады:
Bekmuratqa,  metaldьŋ,   кірме   сөздердегі   еріндік   дауыстылар
таңбасы   соңғы   буында   да   жазылады   (komsomol,   kino),   кірме
сөздердің   аяғында  в,  д,  г  әріптері   таңбаланады(  leningrat,   aktip
емес);   <ұ>   дыбысы  ы   таңбасы   арқылы,  <і>   фонемасы  j  әрпі
арқылы таңбаланады: выl, tjl; екі дауысты дыбыс таңбасы тір-кесе
береді (zooloqia,  зuadь); әліпбиге  x, f, v  әріптері алынады; қосар
ый, ій, ұу, үу дыбыстары і, и таңбалары арқылы беріледі;
252
253

әліпбиде   32   әріп   болады;   кірме   сөздерде   айтылатын  ә,  е,  и
дыбыстарының   орнына,   сөз   мағынасы   бұзылмаса,  а  әрпі   жа-
зылады (artel, organ, brigada); екінші-үшінші буындарға дейін [ә]
дыбысы   сөздердің   тек   буынында  ә-әрпін   жазу:  kәmilaрa;  соңғы
буындарда   естілген  ө,  ұ,  ү  дыбыстарының   орнына  е,  ь,  j  әрпін
жазу: kyrek, qulьn, bygjn; түбір мен қосымша жігіндегі [п-б], [қ-ғ],
[к-г]  дыбыстарының   алмасуы   таңбаланады:  tabadь,  kөgerdь,
aрadь;  сөз   басындағы   қысаң   езуліктер   мағынаға   әсер  етпеген
жағдайда таңбаланбайды: rai, lai, ckaf. Бірақ jnj, ьza, jri, ьdьs, jl, jz;
екі буын аралығындағы мағынаға әсер етпейтін қысаң езуліктер
таңбаланбайды:  axmet,   magna,   caurьn,   caprag,  kөkek;  соңғы
буындағы   қысаң   езуліктер   түбір   тұлғасында   да,  тәуелді   жалғау
тұлғасында   да   жазылмайды:  mylk-mylkjm,   xalg-xalgьm;  одағай
сөздерде екі дауыссыз әрпі қатар жазыла бе-реді: garg-garg; соңғы
буындағы қысаң езулігі бар сөздерге тәуелдік жалғау жалғанғанда
сөз аяғындағы қатаң ұяңдап, қысаң езуліктер түсірілмейтін болса,
түбірде   де   таңбаланады:  tyljk-tyligi,   kөrjk-kөrjgj;  і,   u  әріптерінің
жуан-жіңішкелігін   түбір   не  қосымша   ажыратып   тұрады;   жуан-
жіңішке   пары   бар   сөздердің   жіңішкесін   таңбалау:  ti-tji,   tyu-tu;
кірме сөздердегі ь белгісін ә, ө әріптері арқылы беру: әlbөm, vөlt;
ю  әрпін  iu  әріп тіркесімен  беру:  iubilei, soiuz;  барлық дауыссыз
дыбыстардан соң келген
ю әрпін u таңбасымен беру: revolutsia, budcet, бірақ biuro, tiuk
деген сөздерді  iu-мен жазу; кірме сөздердегі  я  әрпін ia  тіркесі
арқылы беру: zimia, ispania, koreia, ideia, ialta, ал дауыссыз-
дан соң жіңішке естілсе, ә арқылы беру (Alәska, mәta); л әрпі io
арқылы   беріледі;  с  дыбысынан   басқа   дауыссыз   дыбыстардан
соң келген ё әрпі ө әрпімен беріледі: aktөr, mantөr, katөl, ц әрпі
сөз басында және дауыссыз дыбыстан соң келсе s-мен беріледі:
sitat, aksia. Ал сөз аяғында және дауысты дыбыстан соң келсе,
тс  арқылы беріледі:  protse;  щ  әрпі сөз ішінде және дауысты
ды-быстан соң қос cc әрпімен ал дауыссыз дыбыстан соң және
сөз басы мен аяғында c-мен беріледі: cedrin.
С.Аманжолов ұсынған әліпби жобасында 32 әріп болады.
Олар: а <а>, в <б>, v <в>, g <г>, d <д>, е <е>, з <ж>, z <з>, і
<й>, j <і>, к <к>, l <л>, m <м>, n <н>, o , р <п>, r <р>, s <с>,
t <т>, u <у>, f <ф>, х <х>, 
ƣ <ғ>, q <қ>, с <ш>, ә <ә>, һ 

Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет