“Кеңістік” концепті немесе
терең оймен тексеріп…
“Кеңістік” концептісі Шаһкәрім шығармаларында көркемдік мазмұны кең, өрісті, өз ішіне мәндік үлкен жүк арқалаған сипатында көрініс табады. Кеңістікті қабылдау – қоршаған табиғи ортаның көркем бейнесін, заттар мен құбылыстардың көлемі мен кеңдігін қабылдау, олардың арасалмағын, арақатынасын шамалау. Көркемдік дискурста кеңістікті қабылдау Шаһкәрімнің авторлық бейнесі арқылы орындалады. Мұны мынадай екі түрлі сипатта тануға болар еді:
ақынды қоршаған сыртқы орта;
ақынның ішкі әлемі немесе ішкі өзіндік таным кеңістігі.
Әлбетте, кез келген адам сыртқы кеңістікпен белгілі бір қарымқатынасқа түседі. Қоршаған ортаның әсері болады, адам да қоршаған ортаға ықпал ете алады, әр алуан қарымқабілетін, түсінікталғамын бекітіп, нақты бағалау жүйесін белгілейді. Ортаның адамға әсері оның мінезқұлқынан, денсаулығынан, психикалық ерекшелігінен де көрінеді.
Шаһкәрімнің “Тау басындағы ой” атты өлеңіне талдау жасап көрелік:
Шыққаным – Шыңғыстағы бір биік тау,
Жақсы екен тауға шығып тағдыр сынау,
“Қайырлы түн болсын” деп үнсіз айтып,
Күн кеткен соң, түн келді қараңғылау.
Аспандағы ай, жұлдыз – бәрі айланды,
Жалғызақ Темірқазық тапжылмайдыау.
Кеңістік концептісінің төркінін танытып тұрған синтагмалар – Шыңғыстағы бір биік тау, тауға шығып тағдыр сынау, аспандағы ай, жұлдыз, Темірқазық тапжылмайдыау. Лебіздегі сөз қызметінің бірқатар заңдылықтары синтагматикада анықталып, ерекше мағынада көрінетіні белгілі жайт. Мысалы, сұрыптауды шектеу ережесі (Дж. Кац, Дж. Фодор), лексикалық мағыналардың қосылу ережесі (Ю. Апресян), семантикалық келісім ережесі (В.Г. Гак). Көрсетілген мәтіндегі синтагмалар осы сипатында белгілі семантикалық өрісте нақты бағаланып, кеңістіктік мәнді таңбалайды да, автордың ішкі сезімімен астасып жатады. Мұнда бірнеше кеңістіктің типі бар: биік тау кеңістігі, мұнда автор Шыңғыстаудың бір биік шыңына шығады; осы арқылы авторлық Мен өзінің тағдырын сынайды. Яғни автор бейнесінің ішкі кеңістігі бой көрсетеді. Тауға шығып, өзінің тағдырын сынау туралы ой авторлық бейненің ішкі мәнін, сырын танытса керек. Күн кетіп, түннің келуі авторлық менді терең ойға батырады. Кеңістіктік қатынас енді уақытпен байланысқа түседі. Ақылмен ой ойлау арқылы терең оймен тексеріп, автор байлам жасауға қамданады. Оның үстіне коммуникативтік үзінді бойынша кеңістіктегі (яки Шыңғыстаудағы) болып жатқан әрекет қозғалыспен де байланысты. Аспандағы ай, жұлдыз – бәрі айланды. Осылайша сыртқы ортада табиғи түрде болып жататын құбылыс кейіпкердің ішкі жан дүниесіне, сезіміне әсер етеді, терең ойға қалады. Өлеңнің соңына дейін авторлық Меннің жайкүйі, ішкі кеңістігі, сезімі сыртқы орта мен кеңістікті, ондағы табиғи құбылыстарды қабылдаудың нәтижесіне байланысты екшеледі.
Кеңістік концептісі оймен, ойлаумен байланысып, таза ақыл, терең ой бірліктері өзекті, көкейтесті ұғым ретінде бой көрсетеді:
Көз, құлақ, қол, мұрын, тіл – бәрі алдайды,
Тетігі – таза ақылмен өлшеп сынау.
Терең оймен тексеріп күн батырып,
Сонда тауып байлаған ойым мынау.
Мұндай анықтық, нақтылық табиғи болмыстың шындығы арқылы, деректі зат есімдердің табиғи қасиеттерін бағалау арқылы анықталып, тайға таңба басқандай етіп түсіндіріледі. Оқушыны тап бастырмай, ойының дұрыстығына сендіреді:
Көктен жаңбыр жауады, жерден – бұлақ,
Қанша ақса да оларда бар таусылмау.
Жылылық пен салқыннан жаратылған,
Ойласам, оның түбі – жердің буыау.
Бағамдасақ, көк, жаңбыр, жер, бұлақ, бу – деректі зат есімдер де, ағу, таусылмау, жылық пен салқындық олардың табиғи қасиеттері.
Аспандағы ай, жұлдыз – бәрі айланып, жалғызақ Темірқазық тапжылмайтыны авторды осындай ойларға жетелейді. Осылайша, авторлық Меннің ішкі кеңістігі сыртқы ортаға қарап ойланумен көркейіп, кеңейіп, жан дүниесінің тереңдеуіне әкеледі. Шыңғыстаудың табиғатын ғана емес, жалпы дүниенің болмысын терең түсініп, оның ішкі гармониясы мен сұлулығын түйсініп, қозғалыстың заңдылықтарын көрсетеді. Яки, кеңістіктегі болып жатататын алуан түрлі әрекет белгілі бір уақыт аралығында өтіп, ішкі қозғалыс заңдарына бағынатынын тереңнен болжап, таза санамен зерделенеді.
Өлең жолының “шыққаным” етістігімен басталуы авторлық Меннің тек Шыңғыстауға шығуы емес, болмыстағы заңдылықты анықтап, жаратылыстағы ішкі гармонияны сезініп, ішкі жандүниесінің тереңдеп, биікке шығуын да танытып тұрғандай.
Ішкі монологпен, бірінші жақпен басталған өлең жолдары, ары қарай жіктік жалғауының екінші жағының сыпайы түрімен жалғасып, көрінбейтін оқушымен сырласумен жалғасады. Оқушының (тыңдаушының) ішкі жандүниесін баурап алып, құрғақ ақыл айтумен емес, деректілікті танытумен тамсандырып, сөзіне иландырады. “Надансың” деп кейімейді, білімділігін таныта отырып, танытпай, сөздің соңын ортақ ете қайырады:
Достарыңызбен бөлісу: |