Л. Н. Гумилев – аса талантты шығыстанушы



бет1/4
Дата27.09.2023
өлшемі35,16 Kb.
#110810
  1   2   3   4

Тақырыбы: Л.Н.Гумилев – аса талантты шығыстанушы
Жоспары:
І Кіріспе
1 Өмір-өзен
ІІ Негізгі бөлім
1 Арыстандай айбатты...
2 "Дала трилогиясы"
3 Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді
ІІІ Қорытынды

Кіріспе


Өмір-өзен


Лев Николаевич Гумилев. Бұл есім басқа ұлт өкілі болғанымен де, Ресей тарихшысы болғанымен де қазақстандықтар үшін жат емесі. Ол кім? Немен шұғылданған, қандай еңбегі бар, Қазақстан үшін орны қандай дегенде, айтарымыщ да жеткілікті. Ең алдымен, Лев Николаевич – үлкен ғалым. Оның өмірі мен шығармашылығы тағдырдың талай тәмсегіне ұшыраған. Зорлық-зомбылық көрген. Бірық тумасынан қайсар болып жаратылған ол барлық қиыншылықты, барлық ауытпалықты жеңе білген, қорлық пен зорлықты қасқайып тұрып қарсы алған өжет адам. Оның өмірі шырғаланға толы, аттыған сайын кедергіге ұшырады.
Л. Н. Гумилев 1912 жылдың қазанында орыстың текті ақсүйегі, атақты ақыны Николай Степанович Гумилев пен ақын Анна Андреевна Ахматованың отбасында дүниеге келеді. Ата-анасының ұзамай ажырасып кетуіне байланысты көп қиыншылықтар көреді. Бойы өсіп, бұғанасы қатқанша Санкт-Петербург түбіндегі Бежецк қаласында әжесінің қолында өседі. Оның үстіне әкесі революцияға қарсы әрекет жасады деп айыпталып (бұл әлі анықталмаған шүбәлі жәйт) атылуы – дарынды, ойлы жастың былайғы тіршілігіне тұсау салады. Ресми органдардың оны "халық жауының жұрнағы" санап қуғындауы тым ерте басталады. Орта мектепті бітіріп, жоғары оқу орнында оқып жүргенде сол қарғыс таңбасы алдынан тосып, институттан қуылады. Сөйтіп трамвай паркінде жұмыс істейді.
Памир тауларына геологиялык, экспедиция құрамында болып, ащы-тұщының дәмін тартады. 1934 жылы Ленинг­рад облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы және сонымен бірге Орталық партия комитетінің хатшысы С. М. Кировтың қастандықпен атылуына байланысты, жазалаушы аппарат күшіне еніп, саяси террор күшейеді де, мыңдаған адам тұтқындалып, жер аударылады. Солардың қатарында 23 жасар Гумилев те абақтыға қамалады. Бұл оның институттың тарих факультетінде оқып жүрген кезі еді. Түрме тергеушісі оған: Гумилев, сен білімді шәкіртсің. Ал бар бәле білімді бастан шығады. Неге ұсталғаныңды біліп қой! – деп оны теріскейге айдаттырады. Оған таққан айыбы – ол күдікті адам. Ал совет қоғамын күдіктілерден тазарту – парыз.
Алайда талантты жасқа арашашы азаматтар табылады. Ең алдымен анасы Анна Ахматова Сталинге тікелей хат жазады. Ал, Лев Николаевичтің ұстазы, атақты ғалым М. Артамонов та оны босатуға белсене қатысады. Сонда ол "Ахматованың баласы үшін" емес, аса талантты шығыстанушы болғаны үшін арашалайды. Осының арқасында ол босанып шығып, институтты "азар алламен" әрең бітіріп шығады. Бірақ ол ұдайы бақылауда, НКВД-нің көз қырында болады.
1942 жылы Л. Гумилев екінші рет қамауға алынып, бес жылға Турухан өлкесіне айдалады. Сонда тұтқында жүргенде өзі сұранып, 1944 жылы майданға аттанады. Маршал Жуков басқаратын майданда жыл бойы соғысқа қатысып, Жеңіс қуанышын өз көзімен көреді. Бірақ соғыстан кейін де оның ғылыми жұмысы көп кедергілерге ұшырайды. Ол кандидаттық диссертациясын 1948 жылы Ленинград қаласында Бірінші түрік қағанатының (546-569 жж.) тарихы жөнінде қорғайды. Бірақ ғылыми зерттеу саласында еркін қанат жаюына пұрсат бермейді, сол жылы тағы да қамауға алынып, сегіз жылға кесіледі.
Тегі, ол өзінің алғашқы кітабы "Хуннуды" түрмеде жазған тәрізді. Өйткені абақты әкімшілігі оған: - Сен өлең жазғанды қой, хұндар жөнінен жаза беруіңе болады, - дейді екен (С. Смирнов. "Знание – сила" 5-1993). Бәлкім, солай болған да шығар. Алайда ол ғылыммен шындап айналысуды бостандыққа шыққаннан кейін ғана қолға алады. 1961 жылы "ҮІ-ҮІІ-ғасырлардағы байырғы түркілер" тақырыбында докторлық диссертация қорғайды. Бұдан кейін ол Ленинград университеті география факультетініц профессоры ретінде өндіріп жұмыс істейді. Оның Ұлы Да­ла туралы үш кітабы со жылдары жарық көреді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет