КЕЛІСІМ ШАРТ
сату сатып алу туралы
Астана қаласы. №….. “…..”…………..2017 жыл
Бір жағынан Координациялық кеңсе «TIKA» бағдарламасы атынан, әрекет етуші өкіл Эврен Рутбиль (бұдан былай “Сатып алушы”) және екінші жағынан «Позитив Трэнд Z» ЖШС (бұдан былай “Сатушы”) арасында төмендегі келісім шарт жасалды;
1.Келісім шарттың мәні.
1.1.Сатушы тауарды (затты) Сатып алушының меншігіне беруге, ал Сатып алушы ол тауарды (затты) қабылдап алуға және осы келісім шартта белгіленген мөлшерде ақы төлеуге міндеттенеді.
1.2.Осы келісім шарт бойынша сатып алынатын тауардың (заттың) атауы (мөлшері) № төлем шотына сәйкес болуы міндетті.
2.Тараптардың міндеттері мен құқықтары.
2.1.Сатушының міндеттері мен құқықтары;
2.1.1.Сатушы тауар (зат) ақысының 100 пайыз төленгеннен кейін 20 күн мерзім ішінде Сатып алушыға тауарды (затты) беруге міндетті.
2.1.2.Сатушы тауармен (затпен) бірге осы тауарға (затқа) қатысты құжаттарды қоса береді.
2.1.3.Сатушының міндеттемелері осы келісім шартта көрсетілген тауарды (затты) Сатып алушының меншігіне берген кезден бастап (сапасы тексеріліп, Сатып алушы толық қабылдап алғаннан кейін) орындалған болып есептеледі.
2.2.Сатып алушының міндеттері мен құқықтары;
2.2.1.Сатып алушы осы келісім шартта көрсетілген тауарды (затты) қабылдап алуға және ақысын төлеуге міндетті.
2.2.2.Сатып алушы тауарды (затты) қабылдап алу кезінде тауардың (заттың) келісім шартта көрсетілген атына, саны мен сапасына сәйкестігін тексеруге құқылы.
3.Тауар (зат) бағасы мен есептесу тәртібі.
3.1.Тауардың (заттың) жалпы бағасы 1865300 (бір миллион сегіз жүз алпыс бес үш жүз) теңгені құрайды.
3.2.Сатып алушы осы келісім шарттың 3.1., тармағында көрсетілген ақшаның 100 пайызын келісім шартқа қол қойылғаннан кейін, Сатушының келісім шартта көрсетілген жеке есеп шотына аударады.
4.Жақтардың жауапкершілігі.
4.1.Тараптар осы келісім шартта көрсетілген міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда қолданыстағы заңнамалар шегінде жауапкершілікте болады.
4.2.Тауарды (затты) қабылдау барысында келісім шартта көрсетілген атына, санына сай келмейтін немесе сапасыз заттар шыққан жағдайда Сатып алушы, Сатушыдан;
- кемшіліктерді жоюды талап етуге;
тауардың (заттың) ақысын қайтаруды талап етуге құқылы.
4.3.Сатушы тауарды (затты) келісім шартта көрсетілген мерзімде Сатып алушыға бермеген жағдайда, әр бір кешіктірген күні үшін жалпы тауар (зат) бағасының 0,1 пайызы көлемінде айыппұл төлейді.
5.Басқа жағдайлар
5.1.Осы келісім шарт тараптар қол қойған кезден бастап күшіне еніп, тараптардың келісім шартта көрсетілген міндеттемелерін толық орындаған кезде күшін жояды.
5.2.Осы келісім шартқа енгізілген кез-келген өзгертулер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалып, оған қол қоюға өкілеттігі бар тұлғалар қол қойған кезде ғана жарамды болады.
5.3.Осы келісім шарт мәтіні бірдей құқықтық күшке ие екі данада қазақ тілінде жасалды.
5.4.Әр бір тарапта осы келісім шарттың бір данасы болады.
6.Тараптардың заңды мекен жайлары мен банктік реквизиттері
Сатып алушы
|
|
Сатушы
|
Координациялық кеңсе «TIKA» бағдарламасы
РК Астана қаласы, Есіл ауданы
Имантау көш №7
БИН 040150005633
ИИК KZ668852022038HPEX00
БИК KZIBKZKA
АО ДБ «ҚАЗАҚСТАН ЗИРААТ ИНТЕРНЕШЛ БАНК»
Өкіл __________ Эврен Рутбиль
|
|
ТОО «Позитив Трэнд Z»
ЮКО, қ.Шымкент,
Дулати көшесі б/н
БИН 120540006398
ИИК KZ03914122203KZ000SP
БИК SARKZKA КБЕ 17
ДБ АО «Сбербанк»
Директор ____________ А.А.Хлопов
|
Достарыңызбен бөлісу: |