«Кәмелетке толмағандар арасындағы есірткі мен психотроптық заттарды пайдаланудың алдын-алу» іс-шаралары Анықтамасы Мерзімі: Қазан 2022 ж Қатысушылар 5,6,7,8,9,10,11 сынып оқушылары «Біз жастар есірткіге және ішімдікке қарсымыз»
«Кәмелетке толмағандар арасындағы есірткі мен психотроптық заттарды пайдаланудың алдын-алу» іс-шаралары Анықтамасы Мерзімі: Қазан 2022 ж
Қатысушылар 5,6,7,8,9,10,11 сынып оқушылары
«Біз жастар есірткіге және ішімдікке қарсымыз» тақырыбында акция ұйымдастырды. Іс-шараға мектеп оқушылары қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты-халықаралық есірткіге қарсы акция өткізу, жас ұрпақты есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың зияны туралы хабардар ету, салауатты өмір салтын насихаттау және рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғырту. Өскелең ұрпақты спортпен және туризммен белсенді айналысуға шақыру, сондай-ақ жастардың санасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру.
Аталған маңызы зор жиынды мектеп директоры Б.Н.Бисарина ашып, жастарға мықты денсаулық пен сәттілік тіледі: «Есірткіге қарсы іс-шараларды үнемі өткізіп отырамыз. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз. Болашақ - сіздердің қолдарыңызда! Сол себепті тек жақсылық әрекеттерге, жарқын болашаққа ұмтылайық!", - деп атап өтті.
Одан әрі акцияға қатысушылар таңертеңгілік жаттығулар өткізіп, салауатты өмір салтын және есірткіні қолданудың зияны туралы ұрандармен "Есірткісіз болашақ" атты флешмоб ұйымдастырды. Мұнда іс-шара би және балалар спорт және көркемөнер ұжымдарының салауатты өмір салтына арналған қойылымдарымен жалғасты. Сондай-ақ мектептің жас полицейлер есірткі заттарын қолданудың зияны және есірткіге байланысты қылмыстардың салдары туралы айтты. Акция соңында дене шынықтыру пән мұғалімдері Молдахметов А және Төлеубек Е жас ұрпақты дене шынықтырумен тұрақты айналысуға шақырып, естелік суретке түсті.