Кенжебекова Амина пип-13 Спорт пен дене тәрбиесінің адам өміріндегі маңызы Спорт – денсаулық кепілі



Дата09.04.2023
өлшемі21,5 Kb.
#80752
Байланысты:
DOC-20221121-WA0005.


Кенжебекова Амина пип-13
Спорт пен дене тәрбиесінің адам өміріндегі маңызы
Спорт – денсаулық кепілі. Ал мықты денсаулық – адамның еңбекке, қоғамдық іс-әрекетке белсенді қатысуының кепілі. Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерте кезден көңіл бөлген. Баланың ақыл-ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына айрықша мән берген. Халқымыздың спорттық ойындары осының бірден-бір дәлелі.
Жастайынан балаларға дұрыс тәрбие берудің маңызы зор. Атқа мініп, асық атып, бәйгеге шауып, теңге іліп өскен жас шымыр, епті де икемді болып өседі. Салауатты өмір сүру дегеніміз – дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдану. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені алу мүмкін емес. Спорт пен дене тәрбиесінің адам үшін маңызы қандай? Ол қашан пайда болды?
Қазақ жерін мекендеген тайпалар мен халықтардың дене мәдениеті туралы археологиялық қазбалардың нәтижесіне сүйене отырып, ғылыми болжаулар арқылы білеміз. Дене жаттығулары мен түрлі ойындардың шығу тегі ежелгі адамдардың мекен еткен географиялық ортасына, климаттық жағдайына байланысты болды.
Мәселен, солтүстіктегі адамдар шаңғы жасауды үйреніп, аң аулауға шаңғымен шығатын болған. Ал, жылы аймақтарда тұра­тындар ат ұстап, ит үйреткен. Аттарымен көшіп-қонып, аң аулап тіршілік еткен. Судың жағасында тұратын адамдар ескек есіп, жүзуді үйренген. Қысқы мезгілде аң сүйектерінен конькилер жасап, мұз бетінде әртүрлі ойындар ойнаған. Осылайша олар өздерінің сана-сезімдерін, ойлау қабілеттерін дамытып отырған. Осыдан дене қимылы жаттығуларының, спорттық ойындардың адамзат тарихында ерте кезде пайда болғанын білеміз. Ал, Американың алғашқы адамдары үлкен қашықтықта жүгіру, ауыр заттарды көтеру, допты нысанаға тастау секілді ойындарды ойнаған екен. Тайпалық қоғамда ұл мен қызды бөлек тәрбиелеген. Ұл балалар әскер ойындарын ойнап, аңшылықпен айналысса, қыздар би билеумен қатар, тұрмыстық еңбекке араласты. Осылайша дене жаттығулары мен түрлі ойындар біртіндеп ұрпақты тәрбиелеудің маңызды құралына, рулық-тайпалық қоғамның басты қызмет түріне айналды.
Дене шынықтыру мен спорт мәселесі қай елдің болсын, негізгі стратегиялық бағыты болып есептеледі. Өйткені болашақты ойламай, келешекте қуатты мемлекетке айналу мүмкін емес. КСРО кезінде жастардың тек рухани ғана емес, дене қимылының дамуына да айрықша көңіл бөлінді. Спорт дегеніміз – адамдардың денсаулығы. Сонымен қатар еңбекке дайындығы, жасөспірімдерді әскери қызметке даярлау, тәртіптілікке, ерлік пен батырлыққа тәрбиелеу. Сондықтан спорт саласын жетілдіру балабақшалардан, мектептерден, арнаулы орта және жоғары оқу орындарынан қолға алынып, жақсы жолға қойылды. Дене тәрбиесі бойынша оқу бағдарламалары жетілдіріліп, материалдық база нығайтылды. Соғыстан кейінгі уақыттарда мектептерде, жоғары оқу орындарында әскери дайындық сабағы оқу бағдарламасынан алынып, дене шынықтыру пәні қайтадан енгізілген болатын. Бейбіт өмірге оралған сәттен дене тәрбиесі жұмысы жандана түсті. Дене шынықтыру мұғалімі қызметі енгізілді. Уақыт өте келе, дене тәрбиесі заман талабына сәйкес өзгеріп, жаңаланды. Жаңа талаптар қойылды.Спорттық мамандықтар енгізілді. Денсаулығы нашар білім алушылар үшін бөлек оқу сабақтары өткізілді. Қысқы және жазғы демалыс кездерінде спорттық-сауықтыру лагерьлері жұмыс істеді. Түрлі жарыстар ұйымдастырылып, спорттық клубтар, қоғамдар ашыла бастады.
Елде тоқырау болған жылдары оның зардабы барлық салаға, соның ішінде дене шынықтыру мен спорт саласына да тиген болатын. Осы уақыттарда елде адам денсаулығына кері әсер ететін жаман әдеттер көбейді. Сондықтан 1986 жылы елді экономикалық, әлеуметтік, саяси-мәдени дамытумен қатар, дене шынықтыру және спорт саласын одан әрі жетілдіру мәселесі көтерілді. Ол үшін туристік жорықтар ұйымдастыру, материалдық базаны нығайту, спорттық индустрияны дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Ежелден садақ тарту, бәйге, күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерімен айналысқан қазақ халқы басқа да спорт түрлерімен айналысу арқылы өздерінің рухани байлықтарын жетілдіріп отырған. Халық өзіне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлерін, әр түрлі дене жаттығуларын үнемі жетілдіріп отырған. Әр рудың, әр жүздің, әрбір ханның өз балуаны, өз мергені, өз сәйгүлігі болған.
Тәуелсіздігіміздің ақ таңы атқан жиырма жылдан астам уақыттың ішінде елімізде спорт саласын дамыту барысында Елбасының тікелей басшылығымен қыруар жұмыстар атқарылып келеді. Балалар мен жасөспірімдер арасында спортты дамыту ісі бірінші кезекте тұрған мәселе. Осыған орай мектептерде, жоғары оқу орындарында көптеген спорттық секциялар, үйірмелер жұмыс істеуде. Жылдан жылға спорт базалары көбейіп келеді. Ұлттық спорт түрлері де жақсы жолға қойылған. Атап айтсақ, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, аударыспақ, бәйге, көкпар, қыз қуу, асық ату, бестас сияқты спорт түрлерінен арнайы федерациялар құрылған. Ресми жарыстар өткізіліп тұрады. Соңғы жылдары спорт нысандарын салу, спортшыларымызды халықаралық жарыстарға дайындау сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөлініп келеді. Елімізде дене шынықтырумен, спортпен тұрақты шұғылданатын адамдардың саны да жыл санап артып келеді. Бұл – жақсы нәтиже, мақтанарлық жайт. Спорт саласындағы жетістіктеріміз көбейіп, әлемдегі қуатты мемлекеттер қатарынан көріне берейік!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет