Бағдарламасы Мазмұны: Цифрлы Қазақстан бағдарламасының өзекті мәселелері



бет1/3
Дата02.05.2023
өлшемі29,22 Kb.
#88848
түріБағдарламасы
  1   2   3

Цифрлы Қазақстан бағдарламасы
Мазмұны:

  1. Цифрлы Қазақстан бағдарламасының өзекті мәселелері.

  2. Цифрлы білім беру ресурстары

  3. Цифрлы электоронды ресурстар тиімділігі

Тақырыпты ҚР Президенті болған Н.Ә.Назарбаевтің 2017 жылғы 31 қаңтардағы сөзімен бастасам: «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жасаудың қажеттілігін айқындап берді: «... Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл маңызды кешенді міндет. Елде 3D -принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдер экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Осыған орай, Үкіметке «Цифрлы Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын. ... Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан Үкімет ІТ саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс»


«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы – білім экономикасына көшуді қамтамасыз ету үшін креативті қоғам құруға бағытталған «Адами капиталды дамыту» бағыты бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының алдына міндеттер қойып отыр. Олар жаңа білімдер мен инновациялар орталықтарына айналуы, экономиканың басым секторларын білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз етуі, рухани-интеллигенттік элитаны тәрбиелеуі тиіс.
Жоба басты төрт бағыт аясында іске асатын болатын. Оның әрқайсысына тоқталып, талдап көрелік.
Бірінші бағыт – ауылды аймақтарды интернетпен қамтамасыз ету жоспары тұр, Қазақстан Республикасының транзиттік жағдайын арттыру.
Екінші бағыт – Қазақстан Республикасы экономикасының түрлі саласына цифрлық технологияны ендіру. Оның әрқайсысына жеке-жеке тоқтап өтелік. Олар - көлік және логистика саласы, денсаулық сақтау саласы, білім беру саласы, ауыл шаруашылығы мен электронды сауда саласын дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет