Кеш тақырыбы: «Алтын теңге»



бет1/8
Дата24.03.2023
өлшемі33,9 Kb.
#75859
  1   2   3   4   5   6   7   8

Кеш тақырыбы: «Алтын теңге»
Мақсаты: ақша түрлері және оның тарихы туралы түсінік беру. Оқушылардың сөйлеу тілін, мәдениетін дамыту.
Өз Отаны - Қазақстанға деген мақтаныш сезімін ояту. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, ұлттық теңгемізді қастерлеуге үйрету. Тәуелсіздігіміздің 22 жылдығын еске сала отырып патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: әр мемлекеттің валютасы, слайдтар.
Жоспар:
1. Теңге тарихы: Кітапханашы Жәмиева Ажар.
2. Ақшаның да ырымдары бар.
3Сұрақ жауап. Викториналақ сұрақтар.
Бүгінгі тәуелсіздігіміздің 22 жылдығына, тәуелсіз Қазақстанның Ұлттық теңгесінің 20 жылдығына орай: «Алтын теңге» атты сұрақ жауап кешіне қош келдіңіздер.
1 - оқушы:
Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,
Бізге оны ешкім аяп бермеді.
Тәуелсіздік - Қайрат, Ләззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас талқан боп өлгені.
Тәуелсіздік ата - баба арманы,
Қандай елмін бүгін міне көр мені.
2 - оқушы:
Тәуелсіздік достығымыз,
Ынтымағы жарасқан.
Тәуелсіздік ел бірлігі,
Асқақ арман таласқан.
Тәуелсіздік ертеңіміз,
Арайланып таңы атқан.
Тәуелсіздік ардагерім,
Ұрпақтармен жалғасқан.
Тәуелсіздік аға жолы,
Болашаққа нық басқан.
Ән: «Жас ұландар әні» орындалады.
Кітапханашы: кез келген ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының бейнесін, яғни тарихын көруге болады.
Теңгенің енгізілуімен Қазақстан толық мағынасында тәуелсіз мемлекеттің барлық нышандары (елтаңбасы, туы, гимні, ұлттық валютасы) бар егеменді елге айналды.
1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы аумағында Ұлттық валютаның енгізілуі туралы шешім қабылданып, 15 - 16 қарашада 1961 - 1991 жылдарда шығарылған рубльдерін ұлттық валютамыз теңгеге айырбастау шаралары жүзеге асты. Қазақ теңгесі Англияда басылды.
Әр елдің ұлттық ақшасы болады. Біздің ұлттық ақшамыз теңге. «Ақша» сөзіне балама ретінде «валюта» сөзі қолданылады.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық валюта теңгеміз айналымға енді. 1993 жылдың15 қарашасы төл теңгеміздің туған күні саналады.
Ұлттық теңгеміздің шеттері Қазақтың ою өрнкетерімен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды.
Алғаш шыққын теңгелерде Абылай, Әбілқайыр секілді хандарымыз бен Әл - Фараби, Абай, Шоқан сияқты ұлы тұлғаларымыздың бейнелері салынған болатын.
1993 жылы алғашқы тиындар қағазбен басылып шыққан болатын. Аз уақыттан кейін осы қағаз тиындар айналымнан алынып тасталып, олардың орынына монета нысанындағы тиындар айналымға жіберілді.
Теңге біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу, барлық байлығымызды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта - еліміздің даму кезеңі.
2007 жылы теңгенің бейнесі өзгерді. Қазіргі теңгеде тәуелсіздігімізді білдіретін мемлекеттік рәміздеріміз орын алған. Ту, Елтаңба, Бәйтерек Елбасымыздың алақан ізі және қолтаңбасы, әнұран ноталары бейнеленген.
200 теңге
Түсі: сарғылт жасыл бет жағында «Астана - Бәйтерек» монументі бейнеленген. Сырт жағында Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚазақстанРеспубликасы Көлік және коммуникация министрлігінің үйі бейнеленген.
500 теңге:
Түсі: Көкшіл сұр «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген.
Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан бейнесі бар.
1000 теңге:
Түсі: сарғыш қоңыр. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Президент мәдени орталығының үйі, артқы жағында таулар бейнеленген.
2000 теңге:
Түсі: қою және ашық жасыл. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры, артқы жағында тау, өзені бейнеленген.
5000 теңге:
Түсі: күңгәрт қызыл. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, Алматы қаласында орналасқан Тәуелсіздік монументінің төбесі, артқа көріністе Іле Алатауының таулары бейнеленген.
10000 теңге:
Түсі: күлгін көк. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Қазақстан Республикасы Президентінің, артқы жағында канюндар.
3 - оқушы:
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып, тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт береке болшы бір елге келген.
Өз туы елтаңба, гимні бар,
Айтыңдаршы, енді елім кенде неден.
Кітапханашы:
Қай халықта да ақшаға байланысты сан қилы таным түсінік, наным сенім, ырымдары бар.
Бірқатар болжамдар бойынша, ақша жансыз қағаз болып көрінгенімен, оның сезімталдық қасиеті бар.
Ақшаның да ырымдары бар.
Біреуге бос әмиян сыйлауға болмайды. Себебі, ол адам өмір бойы ақшаға жарымай өтеді.
Жаңа туған нәрестенің жастығының астына ақша қойсаң, ол бай болып өседі.
Үйде ысқырмау керек, ақша кірмей қалады.
Күн екіндіден ауған шақта қарыз ақшаны қайтаруға болмайды.
Тиын тауып алу байлыққа бастаса, таңертең аш қарынға тауып алған тиын кедейшілікті шақырады.
Сыны кеткен тиын - тебен кездессе әмияныңызға салып, сақтап қойыңыз. Өйткені ол табыстарға жеткізеді.
Өз пайдасына шешілген істен үнемі тиын - тебен сақтап қоюды әдетке айналдырған жөн.
Ас үйде, есіктің аузында тұрып ақша санауды әдетке айналдырмаған жөн.
Біз қанша жерден «ақша - қолдың кірі» дегенімізбен, ақша тіршілігіміздің бір бөлшегі.
Адамдар ақша табу үшін жанталасады. Ақша табу үшін қызымет істейді. Ал сол ақшаны да өз игілігіне жұмсай білуі керек.
Ақша тазалықты ұнатады. Сондықтан ақша сақтайтын әмияныңыз таза, жыртық болмағаны дұрыс. Егер әмияныңызда ақша бей берекет орналасып, тиындар шашылып жатса онда сізге ақша құтаймайды деп түсініңіз.
Сондай – ақ, балалар сіздер де ақша табудың өзіндік машақаты бар екенін, қаржыны орынсыз шашуға болмайтынын осы кезден біліп жүрулеріңіз қажет.
Викториналық сұрақтар:
Қорытынды:
Ұлттық теңгемізге 20 жыл толды.
Сүйінші: 20 жылдыққа 20000 теңге желтоқсан айынан бастап айналымға шығады.
Ұлттық теңгеміздің ғұмыры ұзағынан болсын!
Тәуелсіздігіміздің тірегі ұлттық теңге.
Оқушылар, кешке ат салысқандарыңызға рахмет





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет