4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



Дата02.05.2023
өлшемі27,25 Kb.
#88855
Байланысты:
4-тоқсан БЖБ №1


4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар


Бөлім: «Жастықтың оты қайдасың?»



Оқу мақсаты

7.Т1. Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау




7.А5. Диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың




талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын




еркін ауыстыру

Бағалау критерийі

Білім алушы




• Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын




болжайды




• Диалогке қатысушылар«сөйлеуші




тыңдаушы»










позицияларын еркін ауыстырады

Ойлау дағдыларының

Қолдану

деңгейі










Орындау уақыты

    1. инут



І Өлеңді оқып, мазмұнын түсініңіз. Төмендегі тапсырманы орындаңыз.

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты –
Мен жастарға сенемін!
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!

Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегенi көк аспан.
Мен жастарға сенемiн!
Жұмсақ мiнез жiбектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиеттi тiлектер –
Мен жастарға сенемін!

1. «Мен жастарға сенемін» өлеңінің авторы кім?
А. М.Мақатаев
Ә. М.Жұмабаев
Б. А.Құнанбаев
В. А.Байтұрсынұлы [1]
2. Өлеңнің негізгі идеясын жазыңыз
___________________________________________________________________________ [1]
3. Автор неліктен жастарға сенім артады? Жауабыңызды бір сөйлеммен жазыңыз
___________________________________________________________________________ [1]


ІІ Көп нүктенің орнына қажетті оқшау сөздерді қойып жаз
Оқшау сөздер: алақай, әрине, бәрекелді
1. ..., балам, жарайсың!- деді анасы
2. ..., компьютерлер ғаламтор желісіне қосылды!
3. ..., бұл өте жақсы бағдарлама. [3]
ІІІ Берілген сөздерді қатыстырып және сан есімдерді қолданып « Біз - еліміздің ертеңіміз» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Тірек сөздер: көркейту, ізденгіш, зерек, еңбексүйгіш, нығайту. [4]



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет