Кәсіби өзін - өзі анықтаудағы жеке құндылықтар мен мағыналарКәсіби сәйкестілік дағдарысы және эмоциялық қажу синдромы
Кәсіби өзін-өзі анықтаудағы жеке құндылықтар мен мағыналар
Жеке құндылықтар әрбір адамның өзінің өмірі туралы, өзінің жақсы мінез-құлқы туралы түсініктерімен байланысты. Ол адамның мақсаттарынан және сол мақсатқа жету тәсілдерінен тұрады. Құндылықтардың позитивтілігі, біршама тұрақтылығы тұлғалық қасиеттерді сипаттайды.
Кәсіби өзін-өзі анықтаудағы жеке құндылықтар мен мағыналар
- тұлғаның кәсіби бағдары негізінде кәсіби қалыптасудың мән-мағынасын түсіну арқылы кәсіби әлемдегі құндылықтар мәнін айқындау.
Кәсіби өзін-өзі анықтау мағыналары
Құндылық бағдарлар құрылымының компоненттері:
Мотивациялық;
Когнитивті;
Эмоциялық;
Бағалау.
Кәсіби өзін-өзі анықтау
Кәсіби өзін-өзі анықтау - таңдалған, игерілетін және орындалатын еңбек қызметінде тұлғалық мәнін іздеу және табу, сондай-ақ өзін-өзі анықтау процесінде мағынаны табу.
Кәсіби өзін-өзі анықтау процесі - адамның өзін-өзі тануы, өзіндік қабілеттері мен құндылықты бағдарлары, таңдаған мамандық талаптарына өзіндік ерекшеліктерінің сәйкестік дәрежесін түсіну, кәсіби іс-әрекетте кәсіптік даярлық пен кәсіпті меңгеру процесінде өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін бағалау
Е. А. Климов бойынша кәсіби өзін-өзі анықталудың екі деңгейі:
1) гностикалық - кәсіби сана-сезімнің қайта құрылуы;
2) практикалық - адамның әлеуметтік мәртебесінің нақты өзгеруі.
Кәсіби өзін-өзі анықтау феномені
Индивидтің мамандық әлеміне таңдау қатынасы.
Кәсіби қызмет саласын саналы іріктеу
Бүкіл кәсіби өмір сүру барысындағы кәсіби болмысын үнемі рефлексациялау, кәсіпте өзін-өзі бекіту
Кәсіби өзін-өзі айқындауын өзектендіру
Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жетілуі
Кәсіби өзін-өзі анықтау мәні
Кәсіпті таңдау - маңызды нәрсе таңдау.
Кәсіпті таңдау - бүкіл өмірді таңдау.
Өмірлік кәсіби рөлдерді ауыстыру және осы рөлдерді нәтижелі орындау.
Кәсіби іс-әрекет арқылы адам өз өмірін толық сезіне алады.
Тұлғаның кәсіби даму дағдарыстары
---Бұл өмірдің өтпелі кезеңдері, іс-әрекет субьектісінің, іс-әрекеттің өзінің түбегейлі өзгеруі немес қайта құрылуы
Еңбекке қабілеттілігінің төмендеуі немесе жоғалуы;
Қызметтік белсенділікті қамтамасыз ететін резервтердің азаюы;
Ауыр тәндік және психикалық ауыртпашылықтар;
Бейімделу мүмкіншіліктерінің нашарлауы;
Психикалық қысымның көрінуі.
Кәсіби сәйкестілік дағдарысы және эмоциялық қажу синдромы
Е.Ф. Зеер бойынша кәсіби даму дағдарыс факторлары:
Шектен тыс белсенділік
Әлеуметтік-экономикалық жағдай
Жас ерекшеліктік психофизиологиялық өзгерістер
Кәсіби іс-әрекетке толығымен берілу
Кәсіби деструкция салдары
Тұлғалық және іс-әрекеттік құрылымның өзгеруі;
Кәсіби бағыттылық өзгеруі;
Кәсіби құзыреттіліктің құлдырауы;
Тұлғаның кәсіби мәнді сапаларының көріну деңгейінің бұрмалануы;
Психофизиологиялық өзгерістер.
Кәсіби деструкция көрінісі - шаршау
Тәндік шаршау бұлшық еттің күші мен төзімділігі азаяды
қозғалыс дәлдігі төмендейді
координациясы нашарлайды
Интеллектуалды шаршау зейіні тұрақсызданады
есте сақтауы төмендейді
ойлау баяулайды;
Эмоциялық-мотивациялық шаршау субъективті уайымдары
мотивациялық және эмоциялық тұрақсыздығы
Эмоциялық қажу
Кәсіби іс-әрекетті орындау барысында экстремальді және эмоциялық жағымсыз факторлар әсерінен тұлғада пайда болатын эмоциялық күйзеліс, қысымдық күй.
Мекеме құрылымы мен климаты шешім қабылдауда өз ойын айта алмау
бюджет тапшылығы
офистік саясат
консультация аздығы.
Жұмыстағы қарым-қатынас бастықпен, әріптестерімен қатынас,
жауапкершілік алудағы қиыншылықтар.
Мансаптық өсу өте тез жоғарылау немесе төмендеу
қауіпсіздік төмендігі
амбициялардың шектелуі.
Мекемедегі рөлі рөлдің тұрақсыздығы
рольдік конфликттер
басқа адамға деген жауапкершілік
Жұмысқа байланысты жұмыстағы төмен физикалық жағдай
жұмыстың көптігі
уақыт тапшылығы
өмірге қауіп келтіру.