«Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары. Лексика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Оқу мақсаты



Дата25.09.2022
өлшемі166,44 Kb.
#40144

«Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары. Лексика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Оқу мақсаты
8.1.5.1 Перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау
8.1.4.1 Мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы:

  • Перифраз түріндегі сұрақтарға жауап беруде мәтіннен қажетті ақпаратты табады;

  • Көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) анықтап, ой тұжырымдайды;

  • Мәтінде көтерілген мәселені, негізгі ойды анықтайды.

Тапсырма
Мектеп түлектеріне мамандық таңдауда бағыт-бағдар беретін нұсқаулық Қазақстанда жоқ. Сол себептен жастар бүгінде қандай мамандықтың сұранысқа ие екенінен бейхабар.
Олар жыл сайын қай мамандықтың қажетсіз деп танылғанын, жойылып кеткенін, заман талабына сай қандай жаңа мамандықтардың пайда болып жатқанын білмейді деуге болады.
Енді бұл мәселе шешіледі. Алдағы бес жылда сұранысқа ие болатын жаңа 100 мамандық жайлы энциклопедия жарық көреді.
Салтанат бір жылдан бері мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүр. Ол жоғары оқу орнын биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.
– Өзім таңдадым. Мамандығымды жақсы көремін. Бірақ болашақта сұранысқа ие бола ма, жоқ па, оны ойламаппын. Ауыл мектебін бітіргендіктен шығар, көп мамандық түрлері барын білмеппін. Оқуды бітірген кезде мамандығыма сай тез жұмыс табамын деп ойлағанмын. Бірақ, міне, бір жыл болды, әлі жұмыссызбын. Түйіндемемді арқалап қанша жерге бардым. Мектептерде бұл пән бойынша орын толық, сағат жоқ деп шығарып салады. Енді басқа саладан жұмыс іздестіруді ойлап отырмын, – дейді Салтанат.
Қазақстанда жоғары оқу орындарында таңдау көп. Алайда жас түлектердің көпшілігі тегін оқу деп жаны қалайтын мамандық бойынша оқуға түспейді. Қалаған мамандығын меңгермеген соң, қолында дипломы болғанымен, жұмыс істеуге құлқы болмайды.
«Ұрпақ тағдыры – білім» қозғалысының жетекшісі Ерсайынның есебінше, мектеп бітірушілердің 20-30 пайызы ғана мамандықты дұрыс таңдайды.
Тағы бір үлкен проблема: қолына диплом алғандардың 90 пайызы өз мамандығына сай жұмыс таба алмайды.
– Қазақстанда мамандықтарға талдау жасалмайды. Ал түлектер тек грантқа ие болуды ойлайды. Ол мамандыққа сұраныс бар ма, бітірген соң жұмыс таба алады ма, оны ойламайды. Мектептерде кәсіптік бағдар беру жағы қарастырылмағандықтан, оқушылардың қолында мамандықтар туралы ақпарат жоқ, түк хабарсыз.
Арнайы зерттеу жүргізбедік, бірақ жылда жоғары білім алған жастардың 10-20 пайызы ғана өз мамандығымен жұмысқа тұратыны шындық. Қалғаны ақша табу үшін құрылысқа, күзетке орналасады, – дейді Ерсайын.
Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Неге түлектер қажетті кәсіп түрлерінен хабарсыз?

  2. Бұл проблема қалай шешімін таппақ?

  3. Салтанат неліктен бос жүр?

  4. Неге ЖОО-нын бітірген жастардың жұмыс жасауға ниеті жоқ?

2. Ерсайынның пікірінше, оқу бітірген жастардың көп бөлігінің өз мамандығы бойынша еңбек етпеуінің себебі неде? Өз тұжырымыңызды білдіріңіз.



3. Кестені толтырыңыз.



Мәтінде қандай мәселелер көтерілді?

Мәтіннің негізгі ойы





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет