Кәсіпшіліктен алынатын табиғи газда бөтен кірмелер қатты бөлшектер


Жерге көмілген газ құбырларындағы тетіктер



бет3/7
Дата06.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#11518
1   2   3   4   5   6   7
Жерге көмілген газ құбырларындағы тетіктер

Газ құбырларының бойына ажыратқыш тетіктер мен компенсаторлар орнатылады. Ажыратқыш тетіктерге шүмек (кран) пен ысырмалар. Ал төменгі қысымдағы құбырларда гидравликалық тығындар қолданылады. Құрылысындағы қысымды көп шығындауына байланысты шұраларды (вентильдер) қолдану шектеліп отыр. Шүмектердің (крандардың) диаметрі 15-100 мм-ге дейінгі, ал ысырмаларды 50-мм-ден жоғары диаметрлі құбырларда қолданылады. Гидравликалық тығынның құрылысы 3.7-суретте көрсетілген.

Ажыратқыш тетіктер құдықтарда орналастырылады. Ысырма шентеміріне (фланецтеріне) тҥсетін және температуралық қысымдарды болдырмау үшін сол құдықтарда өтеуіштер (компенсаторлар) орналастырылады. Дымқыл газдарды тасымалдағанда ең төменгі нүктелерге шық жинағыштар орнатылды.

Шық жинағыштардың екі түрі бар:

1. Төменгі қысымдағы шық жинағыштар. Жиналған шық сораптар арқылы шығарылып тастайды

2. Орташа және жоғары қысымдағы шық жинағыштар. Жиналған шықты ондағы газдың өз қысымымен шығарып тастайды.Жоғары қысымдағы шық жинағыш

Жоғары (орташа) қысымдағы шық жинағыштар төменгі қысымдағыдан екінші тік құбырдың орналасуымен ажыратылады. Екінші тік құбыр болмаған жағдайда шық жер бетіне дейін құбыр бойымен көтеріледі. Қыс кезінде ол мұз болып қатып қалуы мүмкін.

Сондықтан да екі тік құбырдың бір-бірімен жоғарғы жағынан жалғануының нәтижесінде қарсылас қысымдар әсерінен шық жоғары көтерілмейді. Өтеуіштер газ бағытымен қарағанда ысырмалардан кейін орнатылады. 0,3 МПа қысымға арналған қос линзалы өтеуіштер көрсетілген. Өлшемдеріне байланысты әрбір линзалар 5-10 мм-ге ығысады. Шентеміріне көлденең тіреуішті (кронштейінді) жалғап бұрандама (болт) арқылы тартып, қажетті кезде (тетіктерді алмастырғанда) өтеуішті босатуға болады.

Шағын құдықтарда шүмек пен ысырмаларды орналастырғанда құбырдың бұрылыстарын өтеуіш есебінде пайдалану көптен қолданылуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет