Кәсіптік іс-тәжірибеден өтуі туралы күнделік – есеп Білім алушы



бет1/2
Дата01.03.2023
өлшемі14,38 Kb.
#70935
  1   2

Практика бойынша есебіне тіркеледі
Кәсіптік іс-тәжірибеден өтуі туралы күнделік – есеп


Білім алушы


Амангелдиева Нұрай Абайқызы
(аты-жөні, тегі)



р/с




Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (меңгерілген) жұмыстардың атауы

Кәсіптік практиканың тақырыптарының,жұмыстарының орындау мерзімдері

Өндірістен кәсіптік практика жетекшісінің қолы

басталуы

аяқталуы

1

Өскемен қаласы әкімдігінің
«Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектепке» іс-тәжірибеден өту үшін,
мектеппен және мектеп
ұжымымен ZOOM платформасы арқылы таныстым.
Тулегенова Бакыт Зайнолдиновна биология пәнінің мұғалімі іс-тәжірибеден өтушілерді, мектеп тәртібімен таныстырды.
Бакыт Зайнолдиновна мектептің ішкі ережелерімен
толықтай таныстырып,
қойылған сұрақтарыма жауап берді.
8«А» сыныбына
биология пәнінен сабақ беруге жетекші ретінде тағайындалдым.

24.01.2022
13:30

24.01.2022
14:15




2

Еліміздегі ахуалға байланысты алғашқы аптада оқушылармен ZOOM платформасы арқылы танысып,сабақтарға қатыстық,

24.01.2022
14:20

24.01.2022
15:05




3

Bilim-land, www.opiq.kz, Kundelik.kz сайттарымен танысу.

24.01.2022
15:20

24.01.2022
16:05




4

Іс-тәжірибедегі алғашқы сабағымыз осы күні басталды.Жетекшіміз өткен сабақты бақылай отырып.қандай әдіс-тәсілдерді қолданатынын,оқушылар белсенділігін бақылап отырдым.
Бұл күні «Терінің маңызы,құрылысы мен қызметі»тақырыбын өтіп,оқушылар өткен тақырыпты меңгеріп,кейіннен тапсырмалар орындады.

25.01.2022
15:20

25.01.2022
16:05




5

Бейсенбі күні ZOOM платформасы арқылы БЖБ алынды. Осы өткен
БЖБ арқылы оқушылардың бөлім бойынша білімдері тексерілді.
Оқушылардың алған баллдары мен бағалары Kundelik.kz сайтына қойылды.

27.01.2022
13:30

27.01.2022
14:15




6

Бұл күні елімізде жағдай тұрақталып,сабақ дәстүрлі форматқа ауысты.2 ауысымда 13:30-да мектепке бардым. Тулегенова Бакыт Зайнолдинова сынып
жетекшілікке тағайындалған 8«А» сыныбымен таныстырды. Сынып
ұжымының бас құжаттары, күнделіктері, және оларды жүргізу әдістемесімен
таныстым.Сыныптағы
оқушылардың тізімін алдым.
Сыныпта барлығы 26 окушы бар. Оның 20 қыз балалар, 9 ұл балалар.
13:30 да мектепке келіп,
1-2-3 сабақта зерттеу мақсатымен 7-сыныптың
сабақтарына қатыстым. Сынып құжаттарымен
танысып, олардың менің іс-
тәжірибеден өту уақытымдағы
орын алатын іс-шаралары мен қоғамдық жұмыстарының орындалу ретіне шолу жасадым. Осы күнгі өткен тақырыпты мұқият тыңдап,өзімізге маңызды мәліметтер алдым.



01.02.2022
15:20

01.02.2022
16:05




7

Іс-тәжірибемдегі алғашқы сабақты осы күні өткіздім.Сабақ барысында «Сүйектің макро- және микроскопиялық құрылысы және химиялық құрамы» тақырыбын өттім. Алғашқы 10 минут үй жұмысын тексеріп,кейінгі 15 минут жаңа тақырыпты түсіндіріп,тапсырмалар орындады. Сабақты меңгерген соң,зертханалық жұмыс орындауға кірістік. Барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отыра,сүйектің 3 түрлі жағдайдағы қасиетін анықтай білдік және қорытындылап дәптерге түсірілді.Тиісті баллдары қойылды.

03.02.2022
13:30

03.02.2022
14:15




8

Осы күні басқа практика өтушілердің сабағына қатыстым. Қандай әдістер,бейнематериалдар қолданатынын қарап,сараладым. Іс-тәжірибе жетекшімізбен бірге барлығын мұқият қарап,керек мәліметтерді түртіп алып отырдық. Оқушылардың сабаққа белсенділігін анықтай отыра, келеңсіз жағдайлар орындаған жағдайда,барынша оқушыға қолдау көрсетуге тырыстым.Пікір алмасып,ой бөлісе білдік.

08.02.2022
15:20

08.02.2022
16:05




9

13:30 мектепке келіп сабағыма дайындалып сыныпқа келіп оқушылармен
сәлемдесіп, сабағымды бастадым. Бұл сабақ
қосымша ағылшынша
терминдер сұрап баларалға тағы термин сөздер
жазғыздым.Оларға үйде осы терминдерді жаттап келуге бердім.
Сабақтан тыс уақытта,қоңырау барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетті,яғни домбыра тартып,күй шертті.Олардың өнерлерін бағалап «Мадақтау» сөздерімді жеткіздім.

10.02.2022
13:30

10.02.2022
14:15




10

Осы күні сыныптардағы топтық жұмыстарға қатыстым. Сыныптың бір-бірімен жарысып,тақырыпты плакатка сәндей отыра түсіргенін көрдім. Оқушылар топтық жұмыс арқылы бір-бірімен жарыса оқитынына көзім жетті,Топтық жұмыс барысында бейнероликтер мен қосымша интернет желісінен алынған мәліметтер қосылды.

15.02.2022
15:20

15.02.2022
16:05




11

Сағат әдеттегідей 13:30 да жетекшілік етілген сыныпқа барып,сабақымды өттім.Бұл сабақта «Светофор» әдісін қолдана отырып үй жұмысын тексерлім. Жаңа сабақты меңгерген соң,5 минут сергіту сәтін өткіздім.Сабақта сергіту сәтін өткізгеннің пайдасы,оқушылар белсендірек бола бастайтынын түсіндім.Ойын арқылы олардың қимыл-қозғалыстары белсене түседі.

17.02.2022
13:30

17.02.2022
14:15




12

Бұл аптада биология апталығы болып есептелінді.Сондықтан жетекшіміз Бақыт Зайнолдиновнаның тапсырмасымен апталыққа сәндеу жұмыстарына кірісіп атсалыстық. Практика мәресіне жеткендіктен,жетекшімізбен және жоғары оқу орнымыздағы жетекшімізбен өткен іс-тәжірибемізге талдау жүргіздік.Жіберген қателіктерімізге жетекшілеріміз сындарын айтып,өз тәжірибелерімен бөлісті.Мақтау-мадақтау сөздерін айтып,алдағы уақытқа сәттілік тіледі.



17.02.2022
14:20

17.02.2022
15:05






13

Іс-тәжірибені қорытындылап,керекті құжаттарды рәсімдедік.
Сыныпқа мінездеме жасау. Оқушыға мінездеме жасау. Ағымдағы жұмыстарды орындау.

18.02.2022
13:30

18.02.2022
18:45









Іс-тәжірибе қорытындысын шығару. Педагогикалық іс-тәжірибе қорытындысы бойынша есеп құжаттарын даярлау.
Мұғалімнің психолого-педагогикалық бейнесін жасау. Оқушының психолого-педагогикалық бейнесін жасау.













  1. Меңгерілген конструкциялардың, жабдықтардың, технологиялық процесстердің, өндірістің механизациялау мен автоматтандырудың және еңбектің озық әдістерінің т.б. сипаттамасы _____________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Білім алушының қолы________ Амангелдиева Н.А
20___ж. «____» _________




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет