Кескекті ердің сойы едім



бет1/2
Дата27.02.2023
өлшемі19 Kb.
#70062
  1   2


Қызғыш құс


Кескекті ердің сойы едім...
Мақала авторы: Жумасұлтан Рысбекұлы Парухов
Махамбет атты батырмын”
Мен тауда ойнаған қарт марал
Табаным тасқа тиер деп,
Сақсынып шыққан қиядан.
Қайыңның басын жел соқса,
Қаршыға құс қайғырар,

Балапаным суға кетер деп,
Мамығын төккен ұядан.

Махамбет Өтемісұлы

Заманынан оза туған, өз заманынан болшақтағыны талап еткен қазақтың ең биік, ең үлкен, шоқтығы асқақ, тұлғасы жоғары, өлеңінде де, сөзіңде де, күйіңде де шыңдықты жырлаған ақын шайыры-Махамбет екені қай қай қазақ баласына болмасын айдан анық, белгілі. Иә, Махамбет “өзі қазақ болмаса да”, қазақ үшін жаның берді, жаның салды құрбан болды. Әттең қайран қазақ оны түсінді ме?


Сұңқардан туған...

Иә, Тырнақшыдығы бұл сөзім әлде кімге көпе көрнеу көрініп, құлағына жағымсыз естілсе де тарихи шыңдық осы еді. Бұны тарихтан алыс жан бір естіп, аузын ашып таңғалған болар. Махамбет шежіресіне келсек, өз атасы Құлманияз немесе Құлмәлі құл болып келген. Бұл сөз жалғансыз шыңдық. Исатай Кенжалиевтің еңбегіне сүйенсек “...Бір аңыз бойынша Құлмәлі Беріш руының азаматы Қаразым (Хорезм) базарынан сатып алған дейді...” дей отыра “...Ал, Құлмәліні құл етіп жұмсамай өз баласындай ұстаған Беріштің Жайық арасының азаматы Ерназар Тұмашұлы қайырымды, 6 балалы кісі екен. 10 жасар Құлманиязды Жаубасар деген ұлына береді. Бала Құлмәліні ауылдастары жатсынбай Жаубасардың Өмірзақ деген ұлымен қатар өседі, ағайынды болады...” (И.Кенжалиев. “Мақамбет” 25 бет. Орал қаласы 2003) деген дерек келтіреді. Және де, бұны қуаттау үшін 1808 жылы Өтемістің Жайықтың оң жағына өту үшін алған билетіне сүйенеді. Ал бұл туралы Хамит Маданов өзінің еңбектерінде былай келтіреді:


«Құлмәлі деген құлдың балалары Шыбынтай, Өтеміс арғы жақтан Бөкейлікке өткенде , қырдан құдық қазып, мал суарып отырған бір ауылға келіп малдарын суарайын десе:
Құлмәлі құлдың балаларына қазылған құдық жоқ деп, малшылар су бермейді. Өтеміс садағының оғын алып, малшыларға оқталып: «Өзен, өзен, өзен су, Өзенді тастап көшкен ит(өзін айтып тұр). Өзі болған жігітті, Түп атасын сұраған ит(Әкесін «құл» деген малшыға айтып тұр). Қырда құрақ, ойда бұлақ тұрғанда, Құба жоннан құдық қазған ит. Алдыма келсең оғымды, Артыма келсең боғымды жерсін» - деп, малын тартып суарып кетіпті.» және де «Өтемістің арғы тегі қазақ емес, «қызылбас» дейді , яғни Құлмәлі(Құлманияз)-келімсек. «Қызылбас» - парсы ұлты, қазіргі Иран мемлекеті» (Х. Маданов «Кіші жүздің шежіресі» 1993 «Атамұра»).
Осы жердегі құдық Сары Алаша Сарыбөпе,Сатай деген кісілерге тиесілі еді. Осы жердегі ойландырар жәйт қай қазақ өзіне қару кезеп тұрса шыдамасы анық, тіпті бұның арты өлімге апарары анық. Бірақ Алашалар бұны неге жылы жауып қоя қойды? Бәлкім мәселе Қосуан шешейде болар, ол кісі дәл осы Сарыбөпе,Сатайлардың қарындасы, яғни Махамбет Алашаларға жиен, тіпті талай жиендігін салды(бірақ бұл әңгіменің реті бұл жерде емес). Яғни бұны Алашалар, дәлірек айтсақ Кенжеғариндер жезделік санап, балдыз бен жезде арасындағы ойын деп жылы түрде қоя салды. Қош, Құлмәліге келсек. Әнес Сарайдың еңбектерінде Құлмәліні түрікменнің белгілі бегінің баласы ретінде көрсетеді. Ал кей аңыздарда Құлмәліні Каспийде кемемен қыырып жүріп, кемесіне шабуыл жасалып, ағаштың сынығы арқылып аман қалып, Жаубасардың қолына кеп түскен Нәдіршахтың баласы дейді.
Жә, Қош Құлмәлінің тарихында білдік, ендігі Өтемістің өзіне келсек. Өтеміс өзі майлы, бақ-дәулетті, бақуатты кісі болған екен. Бірақ көптеген адамдардың ойларында Өтемісті кедей көретін қарас яки стреотип қалыптасқан. Яғни Махамбеттің халықтың қамын ойлап, бай- бағлан, хан-сұлтандармен соғысуына қарап ойлағанда, ойлайтында болар. Бірақ Өтемістің байлығын 1816 жылы Ақжоңтастағы ауылын Сүйінішқали Жаналиев төренің айдап салуымен Беріштің қырық жігіті шапқан кезден көрсе болады. Яки Жәңгір ханның куәлік еткен реестрге қарағанда өте қымбат заттар, анығырақ айтсақ 5035 сом ақша, әрқайсысы 9924 сомдық 400 сөлкебай, әрқайсысы .іә сомдық 60 голланд ақшасын, 200 сомдық түрікмен сырғасын, тағыда бірнеше градитура, бірнеше қымбат маталар, қымбат белбеулер, сол кезде қымбат түрікмен әшекейлері мен түрікмен ат әбзелдерін, бірнеше малы тонап ап кеткені оның байлығына дәлел болары анық. («Мир Махамбет». Исатай-Махамбет. 1801-1848) Жәнеде 1808 жылы 8 қарашада Гребенщиков бекінісі арқылы Жайықтан өтуі туралы билетте «жеке меншігіндегі 374 малшы мен 43710 бас малмен өтуі» Өтемістің анау-мынау адам емес екендігін көрсе болар. Тіпті Б.Аманшиннің қолжазбаларындағы Махамбеттің сол кездегі Рәсәй мұсылмандарының ірі діни орталығы Ноғай Қарғалысында оқуы, он баласының хатқа сауатты болуы тегін адам емес екенің аңғартардай.
Өтеміс негізінен хан-сұлтандардың қостауымен көп ел-жер сапарлаған екен. Банағы қытайы маталарын, түрікмен заттарын (бірақ ол замандарда түрікмен заттары батыс өлкеде көп таралды, екі байдың бірінде болды) голланд ақшаларын, елде табылмайтын қымбат заттарды осы сапарларда алуы да бек мүмкін. Өтеміс ауылына Сүйінішқали сұлтан түскенде бұл істі тексеруге Шығай сұлтан мен бірнеше командир мен старшиналардың жұмылып, солардан қолдау тауып Орынборға әділдік сұрап барды. Орынбордың зілінен қорыққаннан ба, Сүйінішқали арызды мойындамай, араға кісі салып Өтемістің мойнына у жағып өлтірді. Кейіннен әкесінің артынан барған Тоқтамыс пен Бекмұхамбеттердің шарттарын орындалуына қарағанда араға Шығай мен банағы шенділер түсуі бек мүмкін. Бұл шақтарда Махамбет 14-те еді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет