Өндірістік процесстерді автоматтандыру және технологиялық процесстерді басқару жүйесіне кіріспе
Оқытушы: Битусупова А.Ж.
Балхаш 2022
Қазақмыс корпорациясының политехникалық колледжі
Электротехника пәндік циклдік комиссиясы
ӨПА кибернетика заңында негізделген.
Кибернетика – басқарудың тәсілдері мен жүйелерін зерттейтін ғылым, ол кез-келген нәрсені зерттейді, мысалы: машиналар, тірі организмдер, қоғам.
Негізгі түсініктер
Автоматика – өндірістік процесстерді автоматтандырудың тәсілдері мен теориясын зерттейтін кибернетиканың бір бөлігі.
Бұл тақырыпта келесі сұрақтар қарастырылады:
- өндірісті автоматтандыру деген не?
- ол не үшін керек?
- ол неден басталады?
- ол қалай жүзеге асады?
- оған қандай техникалық құралдар қажет?
- олар қалай орналасқан және қалай жұмыс жасайды?
- оларды бірыңғай автоматты жүйеге қалай біріктіреді?
- оны қалай басқарады?
Өндіріс анықтамасын әртүрлі жағынан қарастыруға болады — экономикалық, техникалық және әлеуметтік тұрғыдан. Жаңаша түсінікте жалпы түрдегі өндіріс — бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін маңызды материалдық және материалдық емес игіліктер мен қызметтерді қалыптастыру процесі
■ Кен қазу өндірісі, ол табиғи қорлар мен шикізат өндіруді қамтамасыз етеді ( жерді қазу, балық аулау т.б.);
■ Ауылшаруашылық өндірісі, ол табиғаттың қатысуымен, яғни жануарлар мен өсімдіктерден алынған азық-түліктерді өндірумен байланысты (өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және т.б.);
■ Өңдеу өнеркәсібі, адамға қажетті бұйымдардағы шикізатты өңдеумен айналысады;
■ Көлік және сауда қызметтері, шикізат пен өнімді өндірушіден тұтынушыға жеткізуші.
Өндірісті бірнеше санатқа бөлуге болады:
Технологиялық процестер — бұл материалдарды, бұйымдар мен энергияны жасау, жинақтау, түрлендіру және тасымалдау процестері.
Анықтамалар
Автоматтандыру — бұл өндірісте адамдарды өндірістік процестерге тікелей қатысудан босататын техникалық құралдарды, әдіс-тәсілдер мен басқару жүйесін пайдалану
ТП-ны жүзеге асыратын техникалық жабдықтардың жиынтығы басқару объектісі болып табылады. Мұндай объектіге автомобиль мен оның бөлшектерін жатқызуға болады
Технологиялық процестерді автоматтандыру — бұл технологиялық құралдарды, құрастыруға арналған басқару жүйелері мен тәсілдерін пайдалану, өңдеулер, сараптамалар және технологиялық параметрлер жайлы ақпараттарды беру және сараптама нәтижесі бойынша технологиялық процеске әсер ету.
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ
Технологиялық процестерді автоматтандырылған (автоматты) басқару жүйесі ( ТП АБЖ) — бұл техникалық құралдар мен құрастыру тәсілдерінің, өңдеулердің, сараптау мен ақпарат берудің және ТП-ға ықпал етудің жиынтығы, олар адамдармен немесе өзара қарым қатынас кезінде технологиялық процестің жоспарланған түрде өтуін қамтамасыз етеді.
1.1-сурет. Автоматтандырылған (а) және автоматты (б) басқару жүйесі
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ БАСҚАРУ
Өнімдерді жасау, түрлендіру мен тасымалдау процестерінің ешқайсысы да басқарусыз жүзеге аспайды. Өндірістік процестердің алғашқы кезеңдерін толығымен адам басқарған. Процестердің қиындау жағдайларына байланысты анағұрлым күрделі басқару талап етіле бастады және адамның мүмкіндіктері шектеулі факторға айналды. Параметр процестерін өлшеу тәсілдері (температураны, қысымды, шығынды және басқа шамаларды) құрастырылды және сәйкес құрылғылар – датчиктер, сонымен бірге, процеске қажетті ықпал жасайтын атқарушы механизмдер жасалды.
Датчиктер мен атқарушы механизмдар – басқару жүйесінің екі негізгі бөлігі.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
- Кибернетика нені зерттейді?
- Автоматика немен айналысады?
- Қандай процестерді технологиялық деп атайды?
- Автоматтау деніміз не?
- Технологиялық процесті автоматтаудың мәні?
- ТП АБЖ дегеніміз не?
- Автоматтандырылған және автоматты басқару жүйесінің айырмашылығы қандай?
- Автоматтандырылған басқару жүйесіндегі адам - бұл жақсы ма жаман ба?
- Автоматты жүйенің қандай түрлерін білесің?
- Басқару жүйесінің басты элементтерін атап бер.
- Басқару жүйесіндегі есептегіш құрылғының рөлі қандай?
- Иілгіш автоматтандырылған өндіріске сипаттама беріңіз
Назарларыңызға рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |