Реферат Тақырыбы: «Тау кен ісінің тарихы»



Дата21.06.2023
өлшемі28,19 Kb.
#102764
түріРеферат
Байланысты:
Реферат тартылыс заңы (2)


Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту миистірлігі
Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі
Реферат


Тақырыбы: «Тау кен ісінің тарихы»
Орындаған:
3W ПРМПИ-01 тобының студенті Қожабаев Санжар
Оқытушы: Оспанова А.Т.
Жезқазған-2023
Тау кен ісінің тарихы– ғылым мен техниканың жер қойнауын игеру, пайдалы қазылымдар өндіру жұмыстарын қамтитын саласы. Ол жер қыртысына техногендік әсер етудің барлық түрін қамтиды. Тау-кен ісі негізінен жер қойнауындағы пайдалы қазбаларға барлау жүргізу, құрамы мен сапасын анықтау, өндіру жүйесін тағайындау, алынған пайдалы қазылымдарды алғашқы өңдеуден өткізу және тау-кен технологиясы саласында ғылыми-зерттеуші жұмыстарын жүргізумен айналысады. Содан кейін ғана кен қазу үшін дайындық жұмыстары (кенді ашу, дайындық қазбалар жасау, жер астылық және жер үстілік қажетті құрылыстар тұрғызу, т.б.) орындалып, кен белгіленген жүйемен қазыла бастайды.
Тау-кен ісі адамзат қоғамы пайда болуымен байланысты тым көне заманнан басталды. Тау-кен ісінің алғашқы өндірген шикізаты кремний болды. Темір кенін қазу және өңдеу туралы алғашқы жазба мәліметтер 3-мыңжылдықтың орта шенін меңзейді. біздің заманымыздан бұрынғы 6–ф5 мыңжылдықтарда мыс, алтын, қалайы, күшәла, қорғасын өндіріле бастаған, 9 – 8 ғ-ларда темір кендері, антиквар кезеңде және орта ғасырларда мұнай мен көмір, ал 20 ғ-да – радиоактивті кендер мен газ ерекше маңызға ие бола бастады. Антиквар кезеңдегі елдерде (Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим мен Жерорта т. елдерінде) 100 м-ден астам тереңдіктен кенді көтеріп шығаратын күрделі механикалық тетіктер, су төгетін механизмдер пайда болды. Су ағысын пайдаланып алтын өндіру жұмысы (Колхида, Испания), 900 м-ге дейінгі тереңдіктен диам. 12 – 15 см ұңғыма көмегімен тұз өндіру тәсілі едәуір жетілдірілді. Бу қазандарын, бу қозғалтқыштарын ойлап табу шахта жұмыстарының пайдалы қазылымдарды жер бетіне көтеру, су төгу, желдету, ұңғыманы бұрғылау сияқты қол еңбегін көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыруға оң ықпал жасады. Тау-кен ісінің сапа жағынан дамуының жаңа кезеңі 18 ғ-дың соңы мен 19 ғ-дың басында болды. Қазақстанда 18 ғ-да Риддер, Бұқтырма, Зырян, Белоусов, Николаев, т.б. кен орындары ашылып, кен өндіріле бастады. 18 – 19 ғ-ларда тек Кенді Алтайда ғана түсті металдардың 850-ге тарта кен орындары ашылды. 1920 – 80 ж. Қазақстанда кен өндіру өнеркәсіп орындары қарқынды дамыды. Осы жылдарда барлау жұмыстарының көлемі ұлғайып, түсті және қара металдар, тау-кен хим. шикізаттар, көмір мен мұнай, алтын және сирек металдар, хром, т.б. пайдалы қазылымдардың жаңа кен орындары ашылды. Сонымен қатар бұрынғы су басып қираған кеніштер қалпына келтірілді. 2-дүниежүз. соғыс жылдары Қазақстан стратег. маңызы бар металдар мен отындар – марганец, қорғасын, молибден, хром, көмір, т.б. пайдалы қазылымдарды өндірудің негізгі орт-тарының біріне айналды. 1991 – 2000 ж. пайдалы қазылымдардың өндірілуі күрт төмендеді. Ал қазіргі уақытта пайдалы қазылымдарды өндіру біртіндеп қалпына келтіріліп, мұнай өндіру қарқындап өсуде; қ. Тау-кен өнеркәсібі; Тау-кен техникасы.

Экономикалық даму мен әлеуметтің әл-ауқатын арттыруда зор рөл атқаратын маңызды өнеркәсіп секторларының бірі ‒ тау-кен металлургия кешені (ТМК). Қазақстанның экономикалық құ­ры­лымында өнеркәсіптің бұл буыны мұнай-газ саласы секілді ерекше орын алады. Республиканың ІЖӨ-сіндегі сектордың үлесі шамамен 9%-ды құрайды. Қазіргі геосаяси дағдарысқа байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан, сала сын-қатерлерге төтеп бере алды. Тұтастай алғанда, ТМК елдегі өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің шамамен 26%-ын қамтамасыз етті, яғни республиканың барлық өнеркәсібінің төрттен бірінен астамын металдарды өндіру және қайта өңдеу секторы ұстап отыр.


Өткен жылдың қорытындысында салада оң серпін байқалды. Ресми деректер бойынша 2022 жылдың қаңтар-желтоқсанында металл кендерін өндіру көлемі алдыңғы жылдағы 3,28 трлн теңгеге қарсы құндық мәнде 3,42 трлн теңгені құраған. Ал металлургиядағы шыға­рылым 2021 жылдағы 7,68 трлн теңгеге қарсы 9 трлн теңгеден асқан. Металл кендері тау-кен өндіру сек­то­рының жалпы шығарылымының шамамен 14%-ын құндық мәнде қамта­ма­сыз етті. Өңдеу өнеркәсібіндегі метал­лургияның салмағы шамамен 44%-ға жетті.
Металл кендерін өндіру құрылы­мын­да темір кеніне 684,3 млрд теңгеден, түсті металл кеніне 2,73 трлн теңгеден келді. Металлургия өндірісінің құры­лымында қара металлургия үлесі ‒ 3,17 трлн тең­гені, негізгі асыл және түсті металдар өндірісі – 5,82 трлн теңгені, металл құю 25 млрд теңгені құрады.
Табиғи түрде қара металлургияның ферроқорытпа өндірісінде 2,6%-ға, 2,1 млн тоннаға дейін өсім тіркелді, алайда болат өндірісі 8%-ға, 4,1 млн тоннаға дейін, шойын 10,3%-ға, 3,2 млн тоннаға дейін қысқарды. Түсті металлургияда алюминий шығару оң (0,2%, 1,6 млн тоннаға дейін), мыс шығару елеусіздеу теріс (1,2%, 453 мың тоннаға дейін) төңіректе болды. Қорғасын мен мырыш өндірісі тиісінше 108,8 мың және 266,3 мың тоннаға дейін қысқарды. Алтын өндірісі 13%-ға, 129,6 тоннаға артты. Тау-кен металлургиясы – ауыр өнеркәсіптің негізгі саласы болып табылады. Қоғамның дамуы осы саланың өнімдерін қолданумен тығыз байланысты.
XVIII ғасырдың ортасынан бастап өнеркәсіпте бірқатар жоғары сапалы металдар қолданыла бастады, бұл әртүрлі қолданысқа арналған машиналар мен құрал-саймандар шығаруға мүмкіндік берді. Экономиканың барлық салаларында, әсіресе өнеркәсіпте кең көлемді машина жасаудың қалыптасуы бұрыннан белгісіз өнімдердің кең спектрін өндіруге жағдай жасады. Ауыр өнеркәсіптің негізінде (тау-кен өндірісі, металлургия, станок және машина жасау) экономиканың барлық салалары, оның ішінде құрылыс, энергетика, ауыл шаруашылығы, жеңіл, тамақ және басқа да салалары дамиды.
ХХ ғасырдың ортасынан бері қарай заманауи ғылыми-технологиялық төңкеріс басталды, ол индустрияның одан әрі даму бағытына қатты әсер етті. Жоғары технологиялар мен тиісті техникалық құралдарды қолдануға көшу үшін жағдайлар жасалды.
Өндірістік процестерді кешенді механикаландыру мен автоматтандыруда, осы процестерді басқаруда ақпараттық технологияларды қарқынды түрде қолдану әдістері енгізіле бастады. Өндіріс негізін өзгертуде іргелі ғылымдардың рөлі күрт өсті. Өндірістің ғылымды қажет ететін жаңа салалары қалыптаса бастады. Сөйтіп ғылым нақты өнімді күшке айналды.
ХХІ ғасырдың басында басталған Үшінші өнеркәсіптік революция өзін-өзі дамыту нәтижесінде біртіндеп Төртінші өнеркәсіптік революцияға өтті, бұл ғылым мен өндіріс саласындағы терең сандық және сапалық өзгерістерді қамтамасыз етті. Сөйте тұра, Индустрия 4.0 революциясы алдыңғы қатарлы технологиялардың интеграциясымен, сондай-ақ физикалық, сандық және биологиялық сфералардың бірігуімен сипатталады.
Өндіріс процесіне қатысатын барлық дерлік физикалық объектілер әр секундта өте мол ақпарат ағынын тудыратын көптеген сенсорлар және датчиктермен жабдықталған. Үлкен көлемдегі мәліметтерді өңдеу және талдау (Big Data) жұмыстары Индустрия 4.0 революциясының қызметін қамтамасыз ететін негізгі элементтердің бірі болып табылады. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің, «Қазақстан Республикасының минералды шикізатын кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы» РМК ғалымдарының келесі ұрпақтары өндіріс қызметкерлерімен бірлесе отырып, көпкомпонентті кендерді алу мен өңдеудің жаңа технологияларын жасады.
Осы технологиялық базаның арқасында республика ірі кен өндірушісі болып отыр, атап айтқанда, рений (әлемде 2–3-орын), бериллий (1–4-орын), титан губкасы (2-орын), тантал, ниобий, галлий, техникалық талий (3-орын), уран (1-орын).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет