Кинематика тарауынан тест жинағы жауаптарымен
І нұсқа
1. Механиканың негізгі мақсаты ...
А) Траекторияның кез келген нүктеде дененің жылдамдығын анықтау
В) Дененің Жерге қатысты орналасуын анықтау
С) Қозғалыс бағытының анықтау
Д) Кез келген уақыт моментінде дененің жылдамдығымен координаталарын анықтау
Е) Дененің үдеуін анықтау
Шешімі: Механиканың негізгі мақсаты: кез келген уақыт моментінде дененің жылдамдығымен координаталарын анықтау. (Жауап Д)
2. Келтірілген мысалдардың қайсысында дененің қозғалысы материалдық нүктенің қозғалысы деп қарастыруға болмайды?
А) Күнді айнала қозғалатын Жердің қозғалысы
В) Жерді айнала қозғалатын спутниктің қозғалысы
С) Алматыдан Мәскеуге қарай ұшқан ұшақтың қозғалысы
Д) Станокта бөлшектің өңделу барысындағы қозғалысы
Е) Жермен салыстырғандағы жұлдыздардың қозғалысы
Шешімі: А, В, С және Е варианттарында берілгендердің өлшемдерін мен параметрлерін қарастырылған шарттарда ескермеуге болады. Бірақ та Д вариантында станок пен өңдірілген бөлшек бір-бірімен шамалас. (Жауап Д)
3. Адамды материалдық нүкте деп санауға болатын жағдай
1. Адам қаладан ауылға бара жатыр
2. Адам ұшақпен саяхаттап жүр.
3. Адам үйдің бір бөлмесінің екінші бөлмесіне өткенде.
А) Тек 1 В) Тек 2 С) Тек 3 Д) 1 және 2 Е) 2 және 3
Шешімі: (1,2) Егер адамның параметрі берілген есеп шартында өте кіші болса.
(Жауап Д)
4. Есептеулер кезінде неге айды материалдық нүкте ретінде қарастыруға болады? (жерге қатысты)
А) ай – шар тәріздес В) ай жердің серігі С) айдың массасы жердің массасынан кіші
Д) жерден айға дейінгі қашықтық айдың радиусынан көп есе артық
Е) айдың массасы жердің массасынан үлкен.
Шешімі: Жерден айға дейінгі қашықтық айдың радиусынан көп есе артық болғандықтан, есептеулер кезінде айды материалдық нүкте ретінде қарастыруға болады. (Жауап Д)
5. Берілген санақ жуйесінде материалдық нүктенің орналасуын анықтау үшін келесі параметрлерді білуіміз қажет:
А) Сол нүктенің радиус-вектор В) Санақ денесін С) Нүктенің үдеуін
Д) Нүктенің жылдамдығын Е) Жол ұзындығын уақытқа тәуелді графигі
Достарыңызбен бөлісу: |