9 сынып
Экономикалық-әлеуметтік география халық пен шаруашылықтың орналасуы,яғни қоғам өмірінің аумақтық орналасуын зерттейді.
Экономикалық география шаруашылықты,оның дамуын,орналасуын,қоршаған ортаға әсерін зерттейді.
Әлеуметтік география халықты,адамдардың әлеуметтік өмір сүру жағдайын:олардың еңбек етуін, дем алуын, мәдени тұрмыстық қызметпен қамтамасыз етілуін зерттейді.
Елімізді 1920 жылға дейін біртұтас география зерттеді. Қ.Жалайри,А.Левшин,Ш.Уалиханов және т.б. зерттеушілердің еңбектерінің нәтижесінде елдің географиялық картинасы дами түсті. 20 ғасыр басында бірнеше томдық «Ресей.Біздің отанымыздың толық географиялық сипаттамасы»енбегі шықты.
1939 жылы География секторы (1983 ж. бері-география институты) пайда болды. Бұл кезеңде Б.Двоскин,М. Ярмухамедов,К.Ахмедова және т.б. Эконом-геогррофтардың есімдері белгілі болды.
1990 жылдан кейінгі ірі эконом-геогрофтар С.Ердаулетов,М.Нәдіров.
Экономика көптеген кәсіпорындар мен мекемелерден тұратын өте күрделі ұйым.
Қазақстан экономикасы төрт кезеңнен тұрады.
1)Дәстурлі экономика(б.з.б.I мың ж.басы-XIXғ. ортасы).Халықтын негізгі кәсібі көшпенді және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Тянь-Шаньның тау алды оазистері мен Сырдария аңғарында суармалы егіншілік дамыды.
2)Нарықтық экономика (XIX ғ. ортасы-1920 ж.аяғы). Нарықтық экономиканың негізінде-жеке меншік,тауар шаруашылығы мен еркін (нарықтық) баға және бәсеке жатады. Оның қалыптасуындағы басты рөльді тауар-ақша қатынасы атқарды. Айырбас сауданы біртіндеп ақшалы сауда ығыстыра бастады.Жәрмеңкелер дами бастады. 19 және 20 ғасыр аралығында алғашқы теміржолдар салынды. Тау-кен және фабрика-зауыт өндірісі пайда болды. Алғашқы электр стансасы салынды. Дегенмен экономиканыі негізін ауыл шаруашылығы құрады.
3)Жоспарлы экономика кезеңі (1920 ж.аяғы-1990 ж.басы). Жоспарлы экономиканың басты ерекшеліктері мемлекеттік меншік пен шаруашылық қызметін жоспарлау болып табылады. Жоспарлы шаруашылықта,тауарлы шаруашылықта болды. Бірақ үкімет тауар бағасын өзі белгілеп отырды. Өнімді таратып бөлуді үкімет жүзеге асырды.
Жоспарлы экономика барлық ресурстарға иелік етті. Ірі шаруашылық мәселелерін,индустрияландыруды,тың жерлерін игеруді,Түркістан-Сібір теміржолын салуға басшылық етті.
4)Нарықтық экономика (1990 ж. басынан бастап).
ЖІӨ дегеніміз-экономиканың барлық салалары бір жыл ішінде өндірілген өнімнің құны.
Елдің экономикалық жағдайы,өмір сүру жағдайы жалпы ішкі өнім көрсеткіші болып табылады.
ЖІӨ дегеніміз-экономиканың барлық салалары бір жыл ішінде өндірілген өнімнің құны.
1990 жылы БҰҰ адамзат дамуы туралы әлемдік баяндама жариялады.Онда адамдардың әл-ауқаты мен мүмкіндіктеріне баға беру үшін алғаш рет (АДИ) қолданылды.Бұл индекс адамның өмір мүру жағдайының үш сипатын-өмір сүру ұзақтығы,білімділік және материялдық жағдайына баға береді.
Қазақстан жер көлемі 2724.9 мың га.құрайды.
Жер шарынын 2%-ын, Азиянын 6.1%-ын алып жатыр. ТМД-нын 12%-ын құрайды.
Экономикалык-географиялық тұрғыдан Қазақстанның артықшылықтары:
1)Ресей, Қытай, Орта Азия елдерімен шектесуі.
2)Транзиттік жол торабы үстінде орналасқан.
3)Қазақстан аумағының көп бөлігінің жазық болып келуі.
4)Минералды ресурстар мол қоры бар.
Жер көлемі 270.1 мың га.Жайылым мен шабындыққа жарамдысы 190 млн. га.
Елімізде аумағындағы алғашқы халық санағы Қазақстан Ресей империясының құрамында болған кезде 1897 жылы жүргізілді. Егемендік алған соң біріншісі 1999 жылы.,екіншісі 2009 жылы жүргізілді.
Туу мен өлудің нәтижесінде ұрпақ ауысуы халықтың табиғи өсімі болып есептеледі.Механикалық қозғалыс немесе миграция деп халықтың бір жерден екінші жерге қоныс аударуын айтамыз.
Туғандар мен өлгендер санының айырмашылығы табиғи өсімді құрайды. Демографиялық көрсеткіштерді абсолюттік және салыстырмалы деп бөлінеді. Абсолюттік көрсеткіштерді мыңдаған немесе миллиондоған адамдармен,ал салыстырмалы 1000 адамға есептеп,яғни промилле береді.
Халык саны өсуінің типтері: архетип, дәстүрлік, қазіргі.Табиғи өсімнің бір түрден екінші түрге алмасуын демографиялық революция деп атайды.
Халыктың тығыздығы Қазақстанда 1км-ге 6 адамнан келеді.
1999 жылы қазақтар үлесі 53.4%-ды құрады,2009 жылы қазақтар үлесі 67%-ды құрады.
Украиндер Қостанай Ақтөбеде қоныстанған.
Беларусьтар-Солтүстік Қазақстанда,ұйғырлар- Алматыда, дүнгендер-Жамбыл облысында, корейлер -Қаратал өзені мен Сырдың төменгі ағысында, татарлар-Семей мен Оралда қоныстанған.
Тақырып:Халықтың көші қоны
Бағыты бойынша ішкі, сыртқы.Ішкіге жатады: көшіп бару, көшіп келу
Сыртқы: иммиграция-елге тұрақты тұру үшін көшіп келу.Эмиграция- тұрақты тұруға елден кету. Эмигранттардың елге қайта оралуы-реэмиграия.
Эмигрант өз отанына қайта оралса-репатрация деп аталады. Көші-қон түрі бойынша: ерікті, еріксіз, тұрақты, уақытша болып бөлінеді.
Көші-қон себептері бойынша: экономикалық-әлеуметтік, отбасылық,саяси, экологиялық болып бөлінеді.
Қазір Қазақстанда 16-63 ерлер, 16-58 әйелдер еңбек ресурсы болып табылады. Халықтың 9 млн. астамы яғни 59.2%-ы еңбек ресурсына жатады.Қазакстан халкынын 48%-ын ерлер, 52%-ын әйелдер құрайды.
Жастық құрылым үш топқа бөлінеді.1)14 жасқа дейін балалар, 2)ересек адамдар 15-64 арасы, 3)қарттар 65 жастан аскандар.
Әйелдер үлесі төменлеу облыстар Қызылорда,Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары. Алматы, Қарағанды,Қостанай және Павлодар облыстарында әйелдер саны басым.
Еңбек ресурсы 3 компоненттен тұрады.Бірінші компонент-15 жаска жеткен жасөспірім.Екінші компонент- енбекке жарамды жас аралығы.Үшінші компонет-жұмыс істейтін зейнеткерлер.
Жумыс күшіне деген сұранысты қалыптастыру мен ұсынысты енбек нарығы дейді.Жұмыс орны сұраныс, жұмысшылар ұсыныс.
25 пен 49 арасы адамнын ең белсенді жұмыс жасайтын уақыты.
Модернизация дегеніміз-өнеркәсіптің жетекші салаларын дамыту,халыққа,шаруашылыққа қызмет көрсетудің көптеген формаларын жетілдіру.
Тақырып:Халыктың ұлттық құрамы.
Этнос жеке халық (ұлт) түсінігінде қолданылады.
Халықтардың шығу тегін,әркелкі орналасуын,мәдениеті мен тұрмыс жағдайын жеке ғылым-этнография немесе этнология зерттейді.
Мемлекетіміздің негізін қалаушы қазақ этносы 11 млн, екінші орында орыстар 3млн 700 мың адам, 3-ші өзбектер 507 мың, 4-ші украиндер 307 мың, 5 ші-ұйғырлар 242 мың, 6-шы татарлар 203 мың, 7-ші немістер 181 мың, 8-ші кәрістер 104 мың, 9-шы түріктер 103 мың, 10-шы азербайжандар 96 мың, 11-ші беларусьтар 61 мың.
Қазақ халкынын негізгі бөлігі бес тілдік әулеттің-алтай халықтың 73%, үнді еуропа 26%, Солтүстік Кавказ, Сино Тибет және Орал-Юкагр.
ДиҰлттың бір бөлігі өз елінен басқа жерде тұруы мүмкін оны Диаспора деп атайды. Қазақ диаспорасы 44 мемлекетте тұрады (3,5 млн)адам. Қазақ диаспорасы басым елдер Қытай,Өзбекстан.
Тақырып:Халықтың діни құрамы
Ғалым-дінтанушылар дінді үш топқа: ру-тайпалық, ұлттық, әлемдік діндерге бөледі.
Ең ежелгі діндер рулық-тайпалық ежелгі оқшауланған аудандарда сақталған.
Ұлттық діндер-бір немесе бір халық арасында таралады. Мысалы, иудаизм-еврейлер арасында.
Әлемдік діндер жер бетіне көп тараған үш дін ислам, христиан, будизм
Қазақстанда алты дін кіретін он жеті конфессия бар.Қазақстанда дінге сенушілер ішінде сунниттік мұсылман 70%-ы, христиандар 26%-ы болып келеді.
Қазақстанда қалалар саны-87.Урбандалу деңгейі-55%.Орташа тыгыздыгы 6 адамнан келеді.
Қалалардың қалыптасуын және дамуын урбандалу деп атайды. Урбандалу түсінігі үш құрамдас бөліктен тұрады. 1)қаланың және халқының өсуі;2)қалалық тіршіліктің өркендеуі;3) орналасудың жаңа түрінің пайда болуы.
Қалалық орналасудың тарихи қалыптасқан 3 формасы бар-1)қала,2)агломерация,3)мегаполис
Агломерация негізігі қаладан(ядро) және серіктес қаладан (өндірістік,көліктік,сауда,туристік)тұрады.
Алматы агломерациясына кіреді-Қаскелең,Талғар,Есік қалалары.
Қарағанды-Теміртау агломерациясына-Абай,Саран,Шахтинск қалалары кіреді.
Өндірістік сала немесе материалдық өндіріс саласы материалдық игіліктерді (азық-түлік,энергия,метал,машина,үй т.б.) өндіретін сала. Өндірістік емес сала адамдардың рухани және тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Өнеркәсіп эконмикалық жағдайына қарай А және Б топтарына бөлінеді.А тобына өндіріс құрал жабдықтарын өндіретін ауыр өнеркәсіп. Б тобына халық тұтыну заттарын өндіретін жеңіл және тамақ өнеркәсібі жатады.
Өнім өндіруді ірі кәсіпорындарға жинауды өндірісті шоғырландыру деп атайды.
Құрамдастыру- бір кәсіпорында технологиялық процесі ұқсас бірнеше өндірістің жинақталуы.
Кәсіпорындардың біркелкі өнім шығаруын мамандандыру деп атайды.
Дайын өнім шығаруға бірнеше кәсіпорындардың қатысуын кооперация деп атайды.
Экономиканың өсуі екі жолмен-экстенсивті және интенсивті жолмен қамтамасыз етіледі.
Экстенсивті(сандық) өндіріске жаңа материалдық және еңбек ресурстарын енгізумен (зауыттар салу,егіс көлемін ұлғайту,көлік құралдарының санын көбейту) байланысты.
Интенсивті(сапалық) дамуға қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану,құрал-жабдықтарды жаңарту және алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану.
Тақырып: Отын-Энергетика Кешені
Мұнай шикі күйінде пайдаланылмайды. Оны өңдеген кезде түрлі өнімдер отын, яғни бензин, дизель, керосин және химиялық өнімдер алынады. Мұнайды өңдеу барысында алынған мазут электр стансыларында, металлургия пештерінде отын ретінде қолданылса, соңғы қалдығы гудрон жол құрылысында пайдалынылады.Мұнайды өндеу барысында пайда болған шикізаттар-синтетикалық каучик, спирт, пластамасса т. б.
Еліміздің мұнай алаптары- Атырау-Ембі, Маңғыстау, Оңтүстік Торғай, Каспий қайраңдары.
Маңғыстау алыбын құрамына-Өзен,Жетібай,Қаражамбас,Қаламқас,Солтүстік Бозашы,Кеңқияқ,Жаңажол кендері жатады. 1980 жылы республикамыздағы үшінші алап-Оңтүстік Торғай ірі кен орны Құмкөл пайда болды. 1990 жылы Қашаған кен орны ашылды. Қашаған қоры жөнінен дүние жүзінде бесінші орында.
Мұнай мен газ өндіруші ірі компаниялар «Шевран-Тексако»,(Теңіз),ҚӨБ консорциумы (Қарашығанақ),Қытай ұлттық мұнай компаниясы (Жаңажол,Құмкөл). «Қазмұнайгаз» Қазақстандағы ең ірі ұлттық мұнай компаниясы.
Қазақстандағы мұнай құбырларының ұзындығы 7000 км-ден астам. Ең ірілері Атырау-Новороссийск,Атырау-Самара,Атасу-Алашанькоу және Омск-Павлодар-Шымкент.
Еліміздегі ең алғашқы мұнай 1899 жылы Қарашүмбілде атқылады. 1911 жылы Доссор, 1915 жылы Мақат кендері ашылды.1979 жылы Атырау облысындағы Теңіз алабы ашылды. Мұнай қоры 3 млрд. 133 млн т. Оны Тенизшевроил серіктестігі игеруде.
Бозашы түбегінде Қаламқас, Қаражамбас, Маңғыстау түбегінде Өзен, Жетібай кендері орналасқан. Қызылорда облысында Құмкөл мұнай кені орналасқан. Оны Канаданың Харрикейн компаниясы игеруде. Қоры 45.2 млн. т
Мұнау өңдеу зауыттары: Шымкент, Павлодар, Атырау облыстарында орналасқан. Кішігірім отын жанар-жағармай зауыты Қарашығанақта жұмыс істейді.
Газ өндіру (1920 ж) жекелеген сала ретінде Маңғыстау алабында пайда болды. Еліміздегі газдың ⅖ бөлігі Қарашығанақ кен орнында орналасқан.Басқа ірі газ кен орындарына-Қашаған,Теңіз,Жаңажол жатады. Еліміздегі газ құбырларының ұзындығы 10000 км-ден астам. Оның негізгі бөлігі транзитті газ құбырлары Орта Азия-Орталық және Бұхара-Орал. Тек қана Бұхара-Алматы газ құбырлары Қазақстанның оңтүстік аудандарын газбен қамтамасыз етеді.
Еліміздегі пайдаланатын отынның ½ бөлігін көмір береді. 1930 жылы Қарағанды көмірі игеріле бастады. 1950 жылдары Екібастұз алабы игеріле бастады.
Қарағанды көмір алабы-жоғары сапалы,аз күлді, көкстеледі. Негізінен технологиялық отын-кокс ретінде өнеркәсіпте қолданылады. Орташа тереңдігі 300 метр. Шахталық әдіспен өндіріледі. Қарағанды көмірін тұтынушылар-Қазақстан мен Ресейдің металургиялық зауыттары мен электр стансалары.
Екібастұз көмір алабының көмірі тас көмір болғанымен,күлі көп,сапасы төмен.өте ауыр байытылады және кокстеуге келмейді. Алаптың ерекшелігі-көмір қабатының қалыңдығы 150 метр және жер бетіне жақын орналасқындықтан ашық әдіспен өндіріледі. «Богатырь»,»Восточный» және»Северный» кесінділерінде көмір ашық әдіспен өндіріледі. Екібастұз көмірін Қазақстанның солтүстігінде және Ресейде ірі электр стансалары пайдаланады.
Екібастұздан оңтүстікке қарай Майкүбі қоңыр көмір алабы орналасқан. Көмірдің сапасы төмен,бірақ күлі аз,құрамында күкірті көп емес. Бұл көмірді байытуға,брикеттеуге,ұзақ сақтауға болады.
Ірі тас көмір кен орындары Борлы, Шұбаркөл(Қарағанды облысы), Қаражыра(Шығыс Қазақстан облысы), Сарыадыра(Ақмола)облыстарында шоғырланған.
Қазақстанда элект стансаларының 3 түрі қолданылады. Олар 1)ЖЭС,2)СЭС,3)АЭС.
1(Жылу электр стансалары 2 түрге бөлінеді. Олар конденсациялы және жылу электр орталықтары.
1)Конденсациялы стансалар тек электр қуатын өндіреді. Мұндай стансалар лектр қуатымен тек үлкен аудандарды қамтамасыз етеді. Сондықтан оларды мемлекеттік аумақтық электр стансалары (МАЭС) деп атайды. Бұл стансалар барлық өндіретін электр қуатының ½бөлігін береді. Конденсациялы стансалар отын көзіне,суға жақын орналасады.
2)Жылу электр орталықтары жылуды 20 километрден тасымалдау тиімсіз болғандықтан,қалаларда орналасады. ЖЭО
Белгілі бір ауданға энергия қаншалықты қажет болса, соншалықты электр қуатын жеткізе алады. ЖЭО-ы отынға және тұтынушыға жақын орналасады.
2)Су электр стансалары республикамыздағы электр қуатының ең арзан түрі. Ағынды судың қуаты адамның қатысуынсыз алынады және отынды үнемдеуге қолайлы. Экологиялық тұрғыдан алғанда таза,бірақ айналасындағы ландшафтысын белгілі бір деңгейде өзгертеді.
3)Республикамыздағы жалғыз АЭС 1973 жылы Ақтау қаласында салынған,шапшаң нейтронмен жұмыс істейді.
Дайын өнім шығару мен құрылысқа қолданатын материалдарды конструкциялық материалдар деп атайды.
Конструкциялық материалдар екі типке бөлінеді.1)Дәстүрлік типі: темір, мыс, бетон, цемент, кірпіш, әйнек, ағаш.2)Жаңа: сирек кездесетін металдар қосылған қорытпалар, әйнек пластиктер, метал пластиктер,металл керамика.
Қара металдарға: темір, хром, марганец жатады.Қара металургия негізгі шикізаты- темір. Темір құрамында көміртек 2% аспайтын болса оны болат деп атайды.Егер темір корытпасында коміртек 2%-дан 6%- га дейін болса оны шойын деп атайды.
Еліміздегі темірикені шикізатының 90%-ы Қостанай мен Атасу алаптарында шоғырланған. Кеннің барлығына жуығын 3 кен комбинаты (КБК) өндіреді,олар: Соколов-Сарыбай, Лисаков, және Қаражал комбинаттары.
Қара металлургияда жапаай қолданылатын конструкциялық материал-болат,оны шойыннан алады. Болат қорыту үшін шикізат пен отын қажет. Болат алу үшін негізгі шиказат темір кені.
Болат өндіру екі кезеңнен тұрады:1)темір кенінен домна пешінен шойын алу;2)балқытылған шойыннан болат алу.
Болатты қалыптарға құяды. Олардан алынған салмағы 5-7 т болатын құймаларды прокат машиналарының айналып тұратын біліктерініңарасынан өткізіп,әр түрлі прокат алады.
Өндірістің үш сатысында біріктіретін өндірісті(шойын,болат және прокат алу) толық циклды металургиялық комбинат деп аталады.
1 т шойын алуға орта есеппен 1,5 тонна көмір мен кен керек. Сондықтан толық циклды комбинаттар шикізат пен отын базаларының маңында орналасады.
Елімізде жалғыз толық циклді қара металлургия комбинаты Теміртау қаласында орналасқан. Ол барлық шойын менболаттың 80%-ын береді.
Комбинаттармен қатар толық емес циклды қайта балқыту зауыттары бар.Олардан шойын алынбайды,металл сынықтарынан балқытып,болатты прокатқа айналдырады.
Қайта балқыту орталығы-Паблодар қаласы. Оның өнімдері-болат,жоғары сортты прокат,мұнай мен газ өнеркәсібіне қажетті құбырлар.
Қайта балқыту зауыттарын шикізат базасы мен тұтынушылары бар,машина жасау саласы дамыған аудандарда орналастырады.
Қара металлургияға ферроқорытпа өндірісі,яғни темірдің марганецпен,хроммен,басқа да қоспалық металдармен,кремниймен бірге қорытылуы жатады.
Хром кені Дөң КБК-да,марганец-Жезді және Жәйрем КБК-да өндіріледі.
1 т ферреқорытпа шығару үшін 10 мың кВт сағ электр қуаты жұмсалады. Сондықтан ферроқорытпа зауыттары электр энергиясына жақын салынады. Елімізде ферроқорытпа зауыттары: Ақтөбе, Ақсуда орналасқан. Олардың негізгі өнімдері-феррохром.
Тақырып:Түсті метталургия.
Қорғасын,никель,қалайы жемірілмейді(коррозия), титан ыстыққа төзімді келеді, күміс,мыс және алюминий жоғары электр өткізгіштігімен көзге түседі.
Мыстың қалайымен(қола),мырышпен(жез),никельмен (мельхиор),алюминиймен (дюралюминий) қорытпалары бар.
Түсті металургия 5 топка бөлінеді.
1)Ауыр металдар: мыс, қалайы, қорғасын, мырыш, никель.
2)Жеңіл металдар: алюминий, титан, магний.
3) Бағалы металдар: алтын, күміс, платина.
4)Баяу балқитын металдар: вольфрам, молибден.
5)Сирек кездесетін металдар: уран, германий, тантал,галлий,берилий,ниобий,скандий,ванадий,рений,селен,теллур.
Ауыр металдар кендердің құрамы өте коп болып келеді.
Ауыр металдардың тағы бір ерекшелігі-құрамында пайдалы компоненттердің аз болуы. Сондықтан шикізат көзіне жақын орналасады.
Қазір елімізде мыс кендері Жезқазған мен Балқашта және Өскеменнің кен-металлургиялық комбинаттарында (КМК)өндіріледі.
Қорғасын және мырыш өнеркәсібінің шикізат базасы орталық пен шығыста (Өскемен менШымкент) орналасқан. Шығыстың кенінде қорғасынға қарағанда мырыш көп. Оңтүстікте мырышқа қарағанда қорғасын көп.
Полиметал өндірісі басты ауданы-Кенді Алтай.Мұнда үш орталық бар-Зырян, Риддер, Өскемен.
Шымкентте Қаратау тауларында Мырғалымсай, Байжансай, Ашысай полиметал комбинаттары орналасқан.
Жоңғар Алатауындағы-Текелі,Орталық Қазақстанда-Жайрем полиметал комбинаттары орналасқан.
1 т алюминий мен мангийге 15 мың кВТ сағ электр қуаты жұмсалса,тианға-40 мың кВт сағ энергия керек. Сондықтан жеңіл металдар электр энергиясы көздеріне жақын орналастырылады.
Боксит-Арқалық пен Жоғары Тобылда орналасқан.
Алюминий өндіру екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең-бокситтен алюминий оксидін алу. Екінші кезең-алюминий оксидінен-алюминий алу.
Алюминий зауыты-Павлодарда орналасқан.
Титан-магний зауыты Өскеменде орналасқан
Алтынды Өскемен мен Балқашта шақпақтайды.
Күмістің ⅗ бөлігін Өскемен береді. Өскемендегі Үлбі металлургия зауытында тантал мен берилий қорытпаларын «атом металы»ретінде шығарады.
Минералды тыңайтқыш зауыттары Тараз, Шымкент, Ақтөбедеде орналасқан.Жасанды талшық- Қостанайда, синтетикалық каучик-Теміртауда, шоғырланған.Шымкентте- шина, резина, техникалык бұйымдар, фармацевтикалық препараттар шоғырланған.
Химия кешенінің салааларалық байланыстары ауқымды. Оның өнімдері машина жасауда (пластмасса,шина) ,металлургияда (флотация үшін раегенттер),жеңіл өнеркәсіпте (өңдегіш заттар,талшық),құрылыста (бояулар),ауыл шаруашылығында (тыңайтқыштар,улы химикаттар),көлікте(пластик құбырлар)қолданылады.
Химия өндірісіне 3 ерекшелік тән.Олар:1)табиғатта кездеспейтін,жасанды заттар шығарады,мысалы,пластмассалар;2)шикізат базасы ауқымды болып келеді;3)көмірмен (көмір-химия),металлургиямен (кокс-химия),мұнай өңдеу өнеркәсібімен (мұнай-химия)құрамдасады.
Химия кәсіпорындарын орналастырудың негізгі факторлары-шикізат,су,энергетика,тұтыну және экологиялық факторлар жатады.
Химия кешені 5 ірі сала1). Кен-химия (минералдык шикізаттар-фосфорит, ас тұзы, гипс, әктас өндіру);2)негізгі химия- (қышқылдар,қоспалар,фосфор, минералды тыңайтқыштар алу);3)полимер химиясы-(пластамасса, химиялық талшық);4)полимерлерді өңдеу- (шина, пластамасса өнімдерін шығару);5)химия-фармацевтикалық.
Күкірт қышықылын:1)ауыр металургиялық орталықтарда (Жезқазған,Балқаш,Өскемен,Риддер); 2)уран алатын орталық (Степногорск); 3)фосфатты тыңайтқыштар өндірісі орталықтаында (Ақтау) шығарады.
Хром қосылыстары флотация үшін негізгі раегенттер болып табылады.Хром қосылыстары зауыты Ақтөбеде орналасқан.
Азот тыңайтқышын өндіретін зауыттар Ақтау мен Теміртауда орналасқан.
Павлодарда мұнай-химия зауыты пластмасса шығарады. Атырауа(полиэтилен мен полипропилен),Ақтауда ((полистриол) 2 пластамасса зауыты бар.
Шымкенттегі химия-формоцевтика өнеркәсібі елімізде қолданатын дәрілердің ⅗-ін береді.Ірі кәсіпорындар Алматы,Қаскелең,Семей, және Қарағандыда орналасқан.
Пластмасса бұйымдарын шығаратын ең үлкен зауыттар Атырауда (сумен жабдықтайтын полиэтилен құбырлары),Алматы мен Астанада құрылған. Сараньда
Металлургия үшін конвейер таспаларын шығарады.
Құрылыс материялдары өнеркәсібі үш топқа бөлінеді:
1. Минералды құрылыс шикізаты құм, қиыршықтас, ұсақталған тас, гранит, мәрмәр.
Ұстастырылатын материал цемент, әк, гипс
Қабырғалық материалдар-бетон және темір бетон концтрукциялары.
Жоғары сапалы ақ саз-Ақмола облысындағы Алексев кенішінде
Кварц құмы Ақмола, Павлодар облыстарында
Табиғи асьфалт-Атырау облысында, гранит-Қаскелеңде,
Тақырып:Құрылыс материалдары
Құрылыс материалдары өнеркәсібінде тау-кен өнеркәсібінің (беткі жыныстар),металлургияның(қож) және электр қуатының (күл) қалдықтары кеңінен қолданылады.
Құрылыс материалдары өнеркәсібі құрамы 3-ке бөлінеді; 1)минералдық шикізат өндіру;2)ұстастыратын материалдар өндірісі (цемент,әктас,гипс) және 3)үйлер мен құрылыстар салуға керекті қабырғалық материалдар өндірісі (бетон,темір-бетон,кірпіш).
1 т цементке 1,5 тонна шикізат жұмсалады. Сондықтан барлық цемент зауыттары шикізат көзіне жақын орналасады.Елімізде бес цемент зауыты бар: Шымкент, Састөбе (Оңтүстік Қазақстан облысы), Октябьрскі (Шығыс Қазақстан) Семей мен Мыңаралда орналасқан.
Темір-бетон шығаратын ірі орталықтар-Астана мен Алматы.
Асбест-Жітіқарада, керамзит және саз Шымкент, Алматы маңында өндіріледі.
Шифер зауыты Таразда орналасқан.
Жергілікті кварцитті пайдаланып жұмыс істейтін шыны зауыты Шортандыда және Атырау облысы Құрманғазы елді мекенінде орналасқан.
Алматыда обой комбинаты Айгерім фабрикасы орналасқан.
Алматы облысы Абай кентінде Сеймар қағаз фабрикасы жумыс істейді.
Семейде қағаз қорап комбинаты орналасқан.
Ағаштың 90%-ын Қазақстанның солтүстігі мен шығысы береді.
Ағаш өңдеу өнеркәсібі шикізат базаларына да, тұтынушыларға да жақын орналасады.Тілінген материалдар, шпалдар Семейде, ағаш тақта Алматыда, үй құрылысының деталдары Өскеменде орналасқан.
Жиһаз жасау орталықтары-Алматы, Петропавл, Қарағанды, Павлодар, Өскеменде орналасқан.
Целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің ақырғы өнімі-қағаз.
Семейде қағаз-қорап комбинаты орналасқан. Алматы маңы Абай ауылында «Қазақстан қағазы»АҚ картон-қағаз комбинаты орналасқан.
Тақырып:Машина жасау кешені
Ұлы Отан соғысы жылдары көшіріп әкелінген кәсіпорындар металлургиялық құрал жабдық (Алматы), автоматты сығымдау (Шымкент) рентген апаратулары (Ақтөбе), автокөлік қозғалтқыштары (Петропавл), ауыл шаруашылық техникасын (Астана).
Машина жасауда маманданудың үш түрі-бұйымдық,тетіктік,технологиялық түрлері бар.
1)Бір салаға өнім шығаратын зауыттар сол өз саласына қарай маманданған. Мысалы,Қостанайда астық жинайтын комбайн,Семейде-тракторлар шығарады. Өнімдер бойынша ондай мамандануды-бұйымдық мамандану деп атайды.
2)Машина жасау зауыттары дайын өнім емес,оның бөлшектерін шығарумен айналысады. Мысалы,Степногорскіде зауыт теміржол подшипниктерін,Талдықорғанда акумулятор шығарады. Өнімдер бойынша олай мамандануды бөлшектік мамандану деп атайды.
3)Машина жасау зауыттарының үшінші түрі-технологиялық мамандану. Машина жасау үш негізгі технологиялық кезеңнен тұрады. Бірінші кезең-құю,соғу, немесе сығымдау арқылы бөлшектер даярлау. Екіншісі-бөлшектерді станоктарда механикалық өңдеуден өткізу,ал үшіншісі-бөлшектерден дайын өнімдер құрастыру.
Қарағандыда шахталарды бекітуге арналған құрастырмалар,көмір қазатын машиналар,вогонеткалар,бу қазандықтарын шығаратын,Өскеменде-түсті металлургия кәсіпорындары мен кен байытуға арналған құрал-жабдықтар шығаратын ,Павлодарда көтеретін құрылғысы бар (крандарын) техника шығаратын кәсіпорындар орналасқан. Алматы-ТМД бойынша мыстан,болаттан сымдар жасайтын прокатты станок шығаратын бірден-бір орталық болып саналады.
Алматыда мұнай мен газ сақтайтын алып резервуарлар шығарылады.Алматы мен Петропавлда мұнай өндіруге арналған насостар орналасқан.Атырауда насостарды қозғалысқа келтіретін станоктар,Ақтөбе, Өскеменде құбырларды бекітетін жабдықтар шығаратын арматура зауыты орналасқан.
Теміржол машиналарын жасау Астана қаласында дамыған,онда АҚШ кәсіпорындарымен бірлесе отырып,тепловоздар шығарады. Теміржол составтарын қалыптастыруға арналған шағын тепловоздар Шу қаласында шығарылады. Көмір,кен тасымалдайтын жүк вагондарын шығаратын орталық Екібазтұзда,ал астық тасымалдайтын вагондар Петропавлда шығарылады. Степногорда подшипник зауыты орналасқан.
Әскери кемелер жасау Орал қаласында дамыған. Онда әскери-теңіз күштері мен Қазақстанның шекаралық қызметі үшін жылдам ракета катерлерін шығарумен айналысады. Каспий теңізінде кеме жөндейтін азаматтық кеме жасау Баутинода құрылуда.
«ТУ» маркалы Ресей ұшақтары үшін жекелеген бөлшектерін шығаратын Еурокоптер әскери тік ұшақтары Астанада орналасқан.Қарағандыда «Фермер» деп аталатын шағын ауыл шаруашылық ұшақтарын шығаратын зауыт орналасқан. Теледидарлар-Петропавлда, теледидар мен компьютерлер Петропавл мен Алматыда шығарылады.
Өскеменде «Азия Авто» зауыты орналасқан. Ол Ресейдің («АвтоВаз»), Германияның («Фольксваген»),Корея Республикасының автомовиль шығаратын кешендерімен байланыс жасай отырып «Нива»,»Шкода»,»Шевроле»,»Киа» жеңіл автомовильдерін шығарады.
Қостанайдағы автомовиль құрастыру зауыты,тек корейлік жеңіл көліктер құрастырады.Жүк автомобильдерін (Камаз) Көкшетауда құрастырады. ДЭУ компаниясымен біріккен кәсіпорын Семей қаласында автовус құрастырумен айналысады.
Семейде (онда беларусь тракторлары құрастырылады) және Қостанайда («Есіл астық жинау комвайндары шығарылады»).
Қазақстанда электротехникалық өндіріс төрт орталықта-Талдықорғанда (аккумуллятор), Өскеменде (конденсатор),Кентауда(трансформатор) және Алматыда (төмен вольті апаратура) орналасқан.
Медециналық машина жасаудың екі негізгі орталығы Ақтөбеде (рентген апаратурасы),Көкшетауда оттегімен демалу апаратурасы.
Өсімдык шаруашылығы егін шруашылығы егіншіліктен,бақша шаруашылығы мен жүзім өсіруден тұрады.
Елімізде егіншіліктің басты саласы-дәнді дақыл өсіру. Ол егістік жерлердің ¾ бөлігін қамтиды. Дәнді дақылдарға-бидай,арпа,жүгері,күріш,сұлы,қарақұмық,тары және қарабидай жатады.
Бидай жылуды жақсы көретін дақыл,ол үшін ең қажетті топарақ түрлері-қара және қара қоңыр топырақтар.
Бидай негізінде 3 тың облыстары-Қостанай,Ақмола,Солтүстік Қазақстан облыстары береді. Олар республикадағы астықтың 4/5-ін береді.
Қазақстанның жылы оңтүстік аймағында күзде, қысқа қарай себілетін күздік бидай өсіріледі.
құрғақшылыққа төзімді тарыны Батыс пен Солтүстікте өсіреді.
Жылу мен ылғалды сүйетін жүгеріні Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы жерлерде өсіріледі.
Сұлы ыстыққа төзімсіз,ылғал сүйгіш өсімдік оны Солтүстік пен Шығыс өсіреді.
Қарақұмық ылғалды аз қажет етеді, оны Павлодар облысы мен Алтайда өсіріледі.
Жылу мен ылғал сүйгіш,тропиктік өсімдік-күріш,бұл су жайылған егістік жерде-атызда өсетін еліміздегі бірден-бір дақыл. Оны Оңтүстіктің суармалы жерлерінде,Сырдарияның (Қызылорда облысы),Іле мен Қараталдың (Алматы облысы) аңғарында өсіреді.
Техникалық дақылдар-мақта,қант қызылшасы және күнбағыс өсіріледі.
Елімізде мақта шаруашылығымен мен Арыс)ғана тек жалғыз Оңтүстік Қазақстан облысы (Сырдария мен Арыс) ғана айналысады.
Қант қызылшасын-Алматы,Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары өсіреді.
Күнбағыстың ⅗-ін Шығыс Қазақстан береді.
Картоптың ¾ бөлігін Солтүстік және Оңтүстік аудандар өсіреді. Еліміздегі «картоп жүйегі»болып Алматы облысы саналады.
Көкөніс дақылдары (қызанақ,қияр,боклажан,бұрыш) жылуды,жарықты,ылғалды,құнарлы топырақты қажет етеді. Бақша дақылдары (қарбыз,қауын,асқабақ,кәді) олардың өзгешелігі-құрғақшылыққа төзімді,борпылдақ,құмды топырақта жақсы өседі.
Көкөністің ⅔-сін,қауын-қарбыздың 9/10-ын Қызылорда,Оңтүстік Қазақстан,Жамбыл және Алматы облыстары береді.
Бақтардың 3|5-і және жүзімдіктердің 9/10-ы Іле және Талас Алатауының етегінде орналасқан.
Қой шаруашылығының негізгі өнімдері-ет,май,жүн,тері,қаракөл. Оның екі негізгі бағыты-биязы жүнді және қылшық жүнді қой шаруашылығы бар.Биязы жүнді қойлар (меринос) ең сапалы жүн маталарын алуға болатын ұзын,жіңішке біртекті жүн береді. Қазақстанның оңтүстік, солтүстік,шығыс бөліктерінде кездеседі.
Қылшық жүнді қой өсіру-азық қоры біршама аз,ұзақ жайылымдарға (500 км-ге дейін) тән болып келеді. Оған қазақстандық селекция кереметі еділбай қойлары жатады. Олардан тон тігу үшін ең жақсы материалүжүнін пима,киіз басуда қолданылады. Етті-майлы бағыттағы Еділбай тұқымы Сарыарқада тараған
Қаракөл қойларын Оңтүстік Қазақстан облысында өсіреді.
Жылқылардың негізгі бөлігін Оңтүстік пен Солтүстікте өсіреді.
Түйе шаруашылығымен Қазақстанның Батысы мен Оңтүстігі әсіресе Маңғыстау,Атырау және Қызылорда облыстары айналысады.
Шошқа өсірудің негізгі ауданы-Солтүстік,ал екінші аудан Оңтүстік.
Панталық марал шаруашылығы Алтайда,Бұқтырма өзенінің аңғарында пайда болған. Марал шаруашылығының негізгі өнімі-пантокрин алу үшін қолданылатын панты (бұғының жас мүйізі).
Достарыңызбен бөлісу: |