Кинематика



бет1/59
Дата13.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#49754
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
Кинематика




Есептер жинағы

Механика

  1. Автомобиль жолдың бірінші жартысын υ1=10м/с, ал екінші жартысын υ2=15м/с жылдамдықпен жүріп өтті. Автомобильдің орташа жылдамдығы (Ж:12м/с)

  2. Автомобиль жолдың бірінші жартысында 72 км/сағ жылдамдықпен, ал екіншісінде 30 км/сағ жылдамдықпен қозғалды. Автомобильдің барлық жолдағы орташа жылдамдығы (Ж:42,4 км/сағ)

  3. Пойыз жолдағы t уақыттың жартысын 70 км/сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 30 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Орташа жылдамдығы(Ж:50 км/сағ)

  4. Катер көл бойымен солтүстік-шығысқа қарай 2км, сонан соң солтүстік бағытта тағы 1км жол жүзді. Катердің көл бойымен орын ауыстыруы: (Ж:2,8км)

  5. Спортшы 400 м қашықтықты жүгіріп өтіп қайтадан мәреге оралғандағы жолы мен орын ауыстыруы (Ж: 800 м; 0)

  6. Жылдамдығының проекциялары υх=4м/с және υу=3м/с болатын дененің қозғалыс жылдамдығы (Ж:5м/с)

  7. Автомобиль жылдамдығының уақытқа тәуелділігі υх=0,8t теңдеуімен берілген. Автомобильдің 5сек кейінгі жылдамдығы (Ж: 4м/с)

  8. Жылдамдықтары υ1=10м/с және υ2=-20м/с болатын, автобус пен мотоциклшінің арақашықтығы 600м. Олардың кездесу уақыты (Ж:20с)

  9. Жүк автомобилінің қозғалыс теңдеуі х1= -270+12t, ал осы тас жолдың жиегімен келе жатқан адамның қозғалыс теңдеуі х2=-1,5t. Олардың қозғалу жылдамдықтары.(Ж:12м/с;-1,5м/с)

  10. Жүк автомобилінің қозғалыс теңдеуі x1=-270+12t, ал осы тас жолдың жиегімен келе жатқан адамның қозғалыс теңдеуі x2=-1,5t. Олардың кездесу уақыты және орны

(Ж: 20с; -30м)

  1. Екі велосипедшінің қозғалысы х1=5t және х2=150-10t теңдеулерімен берілген. Олардың кездесетін жері және және кездесу уақыты (Ж: 50м;10с)

  2. Екі мотоциклшінің қозғалыстары х1= 15+t2 және х2=8t теңдеулері арқылы берілген. Олардың кездесу уақыты (Ж: 3с;5с)

  3. Материалық нүктенің қозғалыс теңдеуі х=-0,2t2. Нүктенің жылдамдық теңдеуі және 5с-та жүрген жолы ... (Ж:υх=-0,4t; 5м)

  4. Автобус маршрутқа шығып, кешке қайтып келді.Осы уақытта есептегішінің көрсеткіші 500 км-ге артты. Автобустың жүрілген жолы мен орын ауыстыру модулі (Ж:500 км; 0)

  5. Спортшы стадион жолымен 1200 км ара қашықтықты жүгіріп өтіп, бастаған сөре орнына қайтып келді. Спортшының жүрілген жолы мен орын ауыстыру модулі

(Ж:1200 м; 0)

  1. Тік ұшақ 200 км түзу ұшып, 900 бұрышқа бұрылып,тағы да 150 км ұшты. Тік ұшақтың жолы мен орын ауыстыруы (Ж:350 км; 250 км)

  2. Жасанды серіктің айналу периоды 1тәул., радиусы R дөңгелек орбита бойымен Жерді айналып қозғалады. Серіктің 24 сағаттағы жолы мен орын ауыстыруы (Ж:2πR; 0)

  3. Футболшы футбол алаңында солтүстікке қарай 40 м, сосын 10м шығысқа, одан 10 м оңтүстікке, сосын 30 м шығысқа жүгіріп өтті. Футболшының толық орын ауыстыру модулі (Ж:50 м)

  4. Егер Жерден жіберілген жарық сәулесі 2,56 с-тан кейін қайтып оралса,Жерден Айға дейінгі ара қашықтық (c= 3·108 м/c) (Ж:3,84·108 м)

  5. Шығыны 20 л/с болу үшін ,радиусы 15 см түтікшеде қозғалған сұйықтықтың жылдамдығы (Ж:28,3 см/с)

  6. Екі автомобиль қарама-қарсы бағытта қозғалып келеді. Бірінші автомобильдің жылдамдығы 54 км/сағ, ал екіншісінікі 108 км/сағ. Автомобильдердің салыстырмалы жылдамдығы (Ж:45 м/с)

  7. 0,5 сағат уақытта 250 км ара қашықтықты ұшып өткен ұшақтың жылдамдығы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет