Кіріспе. Физика пәні. Оның басқа пәндермен байланысы. Механиканың физикалық негіздері. Кинематиканың негізгі ұғымдары. Материалдық нүкте қозғалысының кинематикасы. Түзу сызықты бір қалыпты қозғалыс



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата20.05.2023
өлшемі0,86 Mb.
#95490
  1   2   3   4


Абай атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
“Жалпы физика” курсы бойынша 1-ші курс студенттеріне арналған
ДӘРІСТЕР
1-ші дәріс
Дәріскер: аға оқытушы Кемелжанова С.Е.


Кіріспе. Физика пәні. Оның басқа пәндермен байланысы. Механиканың физикалық негіздері. Кинематиканың
негізгі ұғымдары. Материалдық нүкте қозғалысының кинематикасы. Түзу сызықты бір қалыпты қозғалыс.
Түзу сызықты бір қалыпты айнымалы қозғалыс. Үдеу
• Физика, басқа жаратылыс ғылымдарымен қатар, бізді айнала қоршап тұрған материялық дененің объективтік қасиеттерін
зерттейді. Грекше Фюзис аудармасы табиғат деген сөзден шыққан.
• Физика материя қозғалысының Механикалық, жылулық, электромагниттік, толқындық, атомдық құбылыстарын және
олардың өз ара бір-біріне айналуын зерттейді.
• Физикада зерттелетін қозғалыс формалары Химиялық, биологиялық процестер болып табылады. Бұлар бір-бірімен өте
тығыз байланыста. Жердегі және аспандағы бізге мәлім барлық денелер химиялық құрамы жағынан жай дене ме, әлде
күрделі дене ме, немесе тірі ме, жоқ өлі ме - оған қарамастан, физика ашқан бүкіл әлемдік тартылыс заңына бағынады.
• Барлық процестердің өздеріне тән ерекше химиялық, биологиялық т.с.с. сипаттары болса да, олар физика тағайындаған
энергияның сақталу заңына бағынады.
• Қозғалыстың жоғары және неғұрлым күрделі формаларын басқа ғылымдар, яғни химия, биология т.т. зерттейді.
Физика мен кейбір жаратылыс ғылымдары арасына шектеу орнатуға болмайды. Өйткені физика мен химияға ұштасып жатқан
ерекше ғылым салалары: физикалық химия және химиялық физика салалары бар. Сонымен қатар, аспан объектілерінде болып
жатқан физикалық құбылыстарды зерттейтін астрофизика, Жер атмосферасы мен Жер қыртысында болып жатқан физикалық
құбылыстарды зерттейтін геофизика саласы бар.
Физиканың жаңа табыстары көбінесе басқа ғылымдардың дамуына жол ашып отырды. Микроскоп пен телескопты жасап
шығару биология мен астрономия ғылымдарының дамуын тездетті. Физиктер ойлап шығарған спектрлік анализ
астрофизиканың бірден-бір негізгі методы болып қалыптасты.


Ірі
ғылыми
жаңалықтар
XVII
ғасырдың
аяғы
мен
XVIII
ғасырдың
басында
ашылды.
Орыс физикасы мен химиясының негізін салған М.В. Ломоносов өзінің ғылыми жұмысын практика талаптарымен
үйлестіріп отырған. Оның қатты және сұйық денелердің табиғаты туралы, оптика, метеорология, атмосфера электрі
туралы алған мәліметтері белгірі практикалық мәселелермен байланыста болған.
• XIX ғасырдың басында бу машиналарының қолданылуы жылуды механикалық жұмысқа неғұрлым тиімді жолмен
айналдыру мәселесін шешуді қажет етті. 1824 жылы француз инженері Сади Карно жылудың жұмысқа айналуы
жайындағы проблеманы жалпы түрде қарастырғаннан соң ғана бу машиналарының пайдалы әсер коэффициентін
шынымен-ақ арттыруға болатын болды. Сонымен қабат Карноның еңбегі энергияның берілуі мен түрленуі туралы
жалпы ілімнің шығуына негіз болды, ол ілім кейін ТЕРМОДИНАМИКА деп аталды.
• 1831 жылы Фарадей ашқан электромагниттік индукция құбылысы электр құбылыстарын практикада кең түрде
пайдалануға мүмкіндік туғызды.
• 1869 жылы Д.И. Менделеев элементтердің периодтық заңын ашты, ол заң тек атомдар және химиялық құбылыстар
табиғаты жайындағы ілімдердің дамуына зор ықпал етіп қана қойған жоқ, сонымен қатар ол химия мен физиканың
орасан көп практикалық мәселелерін шешуде жетекші заң болды.
• XX ғасырдың жетпісінші жылдарында Максвелл электромагниттік процестердің жалпы теориясын ойлап
шығарды. Осы теорияға сүйене отырып, ол электромагниттік энергияның толқын түрінде таралуы мүмкін деген
қортындыға келді.
Қортынды: Техника мен физиканың даму процестерінде бір-біріне тигізетін ықпалы жайында мысалдар өте көп.
Техниканы негізінен өзгерте алатын, осы күнгі маңызы өте зор проблемаларды, мысалы күн энергиясын тікелей іс
жүзінде пайдалану немесе термоядролық реакция есебінен атомдық ішкі энергияны шығарып алу проблемаларын
шешу үшін физикалық құбылыстарды одан әрі терең зерттеу керек.


Тaбиғaттa кездесетін қозғaлыстaрдың ең қaрaпaйымы
мехaникaлық қозғaлыс
болып тaбылaды. Мехaникaлық
қозғaлыс дегеніміз денелердің немесе олaрдың бөліктерінің кеңістіктегі орындaрының уaқыт бойынша өзгеруі немесе
кеңістікте орнaлaсқaн дененің орнының сол денені қоршaй орнaлaсқaн бaсқa денелермен сaлыстырғaндa өзгеруі.
Уaқыт өткен сaйын өзінің кеңістіктегі орнын өзгертіп отырғaн денемен сaлыстырғaндa сол денені қоршaй орнaлaсқaн
бaсқa денелердің де орындaры өзгеріп отырaды. Сондықтан мехaникaлық қозғaлыстaрдың зaңдылықтaрын зерттейтін
физикaның бөлімі
мехaникa
деп aтaлaды.
• Вaкуумдегі жaрық жылдaмдығынaн көп кіші болaтын (𝑣 ≪ 𝑐 ) жылдaмдықтaрмен қозғaлaтын мaкроскопиялық
денелердің қозғaлыс зaңдылықтaрын клaссикaлық мехaникa
қaрaстырaды, aл ол Ньютонның зaңдaрынa
сүйенетіндіктен, оны көбінесе


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет