Кіріспе Жұмыстың өзектілігі



бет1/8
Дата07.04.2023
өлшемі440,33 Kb.
#80190
  1   2   3   4   5   6   7   8

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Өсімдік организмінің күрделі құрылыстығы, оның көптеген органоидтарға, клеткаларға, ұлпалар мен мүшелерге дифференциалдануы жоғарғы деңгейдегі басқару жүйесін талап етеді. Фитогормондар – өсімдіктегі клеткалар, ұлпалар мен мүшелер арасындағы байланысты реттеу үшін, физиологиялық және морфологиялық процестердің басталып тежелуі үшін аздаған мөлшерде пайдаланылатын қосылыстар. Сонымен қатар, қазіргі таңда фитогормондардың жасанды түрлері ауыл шаруашылығында және егін шаруашылығында кеңінен қолданылуда.
Жұмыстың мақсаты: Фитогормондардың өсімдік клеткасындағы әсер ету механизмін анықтап, оның маңызы мен зерттелуін талдау.
Жұмыстың міндеттері:

  • Фитогормондарды жіктеу.

  • Әртүрлі фитогормондардың қызметі мен маңызын анықтау.

  • Қазіргі кездегі жасанды фитогормондардың өсімдік шаруашылығында пайдаланудың теориялық негіздерін қарастыру .


Негізгі бөлім
2.1 Өсімдік организміндегі фитогормондар
Өсімдік гормондары (фитогормондар) – өсу процестерін реттейтін қосындылар туралы ілім ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында қалыптасты. Олар өсімдік мүшелерінің біреуінде (жапырақ, бүршік, тамыр мен өркен ұштары) синтезделіп, қалыптасып және өсіп жатқан басқа бөліктерге тасымалданады. Қазіргі кезде олардың ауксиндер, гиббереллиндер, цитокининдер, т.б. топтары белгілі болды.
Өсімдік организмінің күрделі құрылыстығы, оның көптеген органоидтарға, клеткаларға, ұлпалар мен мүшелерге дифференциалдануы жоғарғы деңгейдегі басқару жүйесін талап етеді. Фитогормондар – өсімдіктегі клеткалар, ұлпалар мен мүшелер арасындағы байланысты реттеу үшін, физиологиялық және морфологиялық процестердің басталып тежелуі үшін аздаған мөлшерде пайдаланылатын қосылыстар.
Өсімдіктерде гормондардың ашылуы Ч.Дарвин мен оның ұлы Фрэнсистің еңбегі. Өмірінің соңғы кезеңінде өсімдік қозғалысымен қызыққан Ч.Дарвин, өз зерттеулерінде өсімдік организмінен жануарларда гормондардың физиологиялық ролін атқаратын заттарға ұқсас қосылыстарды анықтайды. Қазіргі кезде өсімдіктерде гормональді реттелу жүйесі бар екені дәлелденді.
Қазіргі таңда көптеген зерттеушілер, өсімдіктегі кез келген ұлпаның немесе мүшенің дамуы мен өсуі үшін ол жерде гормонның белгілі бір концентрациясы сақталу керектігі туралы тоқтамға келіп отыр. Тіпті «гормональді гомеостаз» деген ұғымда пайда болды(Д.Мок, АҚШ). Өсімдіктегі бұл күй организмдегі гормонның реттелуі мен биосинтезі, оның метоболизмі және транспорты арқылы пайда болады.
Өсімдік клеткасында пайда болатын гормондарды – эндогенді, ал өсімдікті өсіруге және төзімділігін арттыруға пайдаланылатын гормондарды - экзогенді деп атайды.
2.2 Фитогормондардың жіктелуі
Қазіргі кездегі өсімдіктер организмінде анықталған гормондарды екі топқа бөліп қарастырады: жылдамдатушылар және үдеткіштер. Жылдамдатушы немесе үдеткіш гормондарға: ауксин, циокинин, гибберелин жатады. Ал тежеуіштерге: этилен мен абцисс қышқылы жатады. Жаңа өсіп келе жатқан өсімдіктерде жылдамдатушы фитогормондар көп болады, ал қартайған, тіршілігін жоюға жақын тұрған организмдерде тежеуші фитогормондар көп мөлшерде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет