КІРІСПЕ
Компьютерлік желілердің негіздері
Алғашқы жергілікті желілер
70–ші жылдардың басында компьютердің жабдықтарын өндіруде үлкен интегралдық
схемалардың пайда
болуына байланысты айтарлықтай технологиялық жетістіктер болды.
Олардың құнының салыстырмалы түрде төмендігі және функционалдық мүмкіндіктері мэйнфреймдермен
бақталаса алатындай мини-компьютерлердің дүниеге келуіне мүмкіндік жасады.
Гроша заңы орындалудан қалды, себебі құны жағынан төмен ондаған мини-компьютерлер жүйесі бір
мэйнфреймнің жұмысын атқара алатындай дәрежеге жетті.
Уақыт өткен сайын есептеу техникасын қолданушылардың оған қоятын талаптары да арта түсті. Олар енді өздеріне
жақын орналасқан басқа компьютерлермен деректер алмасу мүмкіндіктеріне ие болғысы келді.
Өнеркәсіптер мен түрлі ұйымдар өздерінің мини-компьютерлерін өзара қосып
олардың дұрыс әрекеттесуі
үшін қажетті программалық жабдықтар жасауға кірісті. Осының нәтижесінде алғашқы жергілікті желілер пайда
болды. Олардың қазіргі заманғы жергілікті желілерден айырмашылығы көп болатын, әсіресе компьютерлерді бір-
біріне қосу жабдықтары мүлдем бөлек еді. Алғашқы кезде компьютерлерді бір-біріне қосу үшін стандарты емес
сан-алуан құрал-жабдықтар қолданылды. Олардың байланыс арналарында деректерді көрсетулері де, кабельдер
типтері де әртүрлі болатын.
Стандартты технологиялық жергілікті желілерді құру
80–ші жылдардың ортасында жергілікті желілердегі жағдай түбірлі өзгеріске ұшырай бастады.
Компьютерлерді
желіге қосудың Ethernet, ArcNet, Token Ring
сияқты стандартты технологиялары бекітілді.
Олардың дамуына дербес компьютерлердің пайда болуы үлкен әсер етті. Бұл көпшілік өнімдер желіні құру үшін
тамаша элемент болды,
бір жағынан, желілік программалық жабдықтың жұмысына жеткілікті қуаты болса,
екіншіден, өзінің есептеу қуатын күрделі есептерді шешуге, сонымен бірге қымбат сыртқы құрылымдарды және
дискілік массивтерді бөліп пайдалануға арнап біріктірілуге сұранып тұрғандай еді.
Сондықтан да жергілікті есептеу желілерінде дербес компьютерлер клиенттік компьютерлер ретінде ғана
емес, деректерді сақтау және өңдеу орталықтары, яғни, желілік серверлер ретінде де пайдаланыла бастады. Бұл
тұрғыда мини-компьютерлер мен мэйнфреймдер ығыстырылды.
Жергілікті есептеу желілері (ЖЕЖ) ауқымды желілерге қарағанда қолданушылардың
жұмыс әдістерін
ұйымдастыруға үлкен үлес қосты. Бөлінген ресурстарға ену ыңғайлана түсті, қолданушыға бар ресурстардың
тізімін қарап шығу ғана қалды, олардың аттары мен идентификаторларын есте сақтаудың қажеті болмады.
Алыстағы
ресурспен қосылғаннан кейін, қолданушыға белгілі жеке ресурстар үшін пайдаланылатын
бұйрықтарды қолданып жұмыс істей беруге мүмкіндік туды.
Мұндай прогрестің салдарымен қатар қозғаушы күші ретінде кәсіпқой емес қолданушылар қатары пайда
болды. Оларға желіде жұмыс істеудің арнайы (сонымен бірге күрделі) бұйрықтарын үйреніп білудің қажеті жоқ
еді. Аталған ыңғайлы жұмыс тәртібін орнату сапалы кабельдік байланыс
жолдарының пайда болуының
арқасында мүмкін болды. Бұл байланыс жолдарында бірінші буынның желілік адаптерлерінің өзі деректерді
10 Мбит/с жылдамдықпен жіберуді қамтамасыз ете алады.
Әрине, ауқымды желіні құрушылар үшін мұндай жылдамдық арман болатын,
оларға қолда бар байланыс
арналарын қанағат тұтуға тура келді, себебі ұзындығы мыңдаған километрге созылған есептеу желілері үшін
жаңа кабельдік жүйелер тарту аса қымбатқа түсер еді. Ал қолда бар телефон байланыс арналары дискретті
деректерді үлкен жылдамдықпен
тасымалдауға жарамсыз болатын, 1200 бит/с жылдамдық олар үшін жақсы
нәтиже болып саналатын. Сондықтан да байланыс арналарының жіберу мүмкіндігін үнемді шығындау ауқымды
желілер бойынша деректер тасымалдау әдістерінің тиімділігінің негізгі шарты болып табылады. Осындай
жағдайда жергілікті желілерге тән алыс ресурстарға айқын, ашық ену процедуралары ауқымды желілер үшін ұзақ
уақытқа қол жеткізбес байлық болып қала берді.