Реферат жұмысы тақырыбы: «Тасымалдауға байланысты болатын мал аурулары» Орындаған : 6В09102 «Ветеринарлық санитария»



бет1/5
Дата19.10.2023
өлшемі302,17 Kb.
#119185
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
всс 2


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ»


КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«ВЕТЕРИНАРИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ ЖӘНЕ ГИГИЕНА
КАФЕДРАСЫ
РЕФЕРАТ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: « Тасымалдауға байланысты болатын мал аурулары »
Орындаған: 6В09102 –
«Ветеринарлық санитария»
мамандығының 4 курс 415 топ студенті
Темешова Диана
Тексерген: Тұрдық Е.
Алматы 2022
Мазмұны:

I. Кіріспе…………………………………………………………..…….........3-4


II. Негізгі бөлім..............................................................................................5-12
2.1 Жануарларды тасымалдауға дайындау, тасымалдау
ерекшеліктері, тасымалдау кезіндегі ветеринариялық-санитариялық
бақылау.............................................................................................................5-8
2.2 Тасымалдауға байланысты болатын мал аурулары. Олардың алдын
алу шаралары..................................................................................................8-12
III.Қорытынды..............................................................................................13-14
IV. Қолданылынған әдебиеттер.......................................................................15


Кіріспе
Tасымалдау — кез-келген тасымалдау құралдарын (авто, темiр жол, айдау, су) пайдалану арқылы бiр пункттен екiншiсiне орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң орнын ауыстырумен байланысты рәсiмдер кешенi.
Ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары (мал айдау трассалары) тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келiсiм бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарымен анықтайды.
Тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiне ветеринариялық құжаттар беру қағидаларына сәйкес берiлген ветеринариялық құжаттармен қоса жүредi.
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi ветеринариялық құжаттарсыз тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жол берiлмейдi.

Көліктің барлық түрлерімен жануарларды тасымалдау кезіндегі мәселе аурулардың таралуының алдын алу жұмыстарын тасымалдау барысында ветеринарлық - санитарлық талаптарды міндетті түрде орындау жатады . Барлық аталған міндеттер ҚР аумағына шетелден жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының өтуінен сақтайды , бұл жұмысты шекарадағы ветеринарлық бекеттің ветеринарлық инспекторлары жүзеге асырады . Бұл жағдайда ҚР көліктегі ветеринарлық қызметтің транзит және республика ішінде ішкі тасымалдау мен ветеринарлық - санитарлық қадағалау жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру маңызды болып табылады .


Жануарларды жіберер алдында шаруашылыққа немесе кәсіпорынға қызмет көрсететін ветеринар немесе фельдшер тексереді . Тексеру нәтижелері негізінде белгіленген нысандағы ветеринариялық сертификат беріледі , ол берілген күннен бастап 3 күн ішінде жөнелтуге ұсыну үшін жарамды .


Жануарларды тасымалдау кезінде Ветеринарлық заңнамаға сәйкес тасымалдау керек . Ветеринарлық заңнама - ветеринария саласына қатысты заңдар, ережелер және басқа да құқықтық мәтіндер.

Жануарларды тасымалдау кезінде ауа температурасы, стресс жаздайы, ұзақ қашықтық, шу және тағыда басқа көптеген факторлар әсерінен жануарлардың организмінде әр түрлі ақаулар пайда болады. Бұл өзгергіштіктер көлік ауруы деп аталады.


Көлік ауруы - жануардың әдеттен тыс жол жағдайларына (толып кету, дірілдеу, шу, жаңа иіс және басқа ынталандырулар) әсер ету нәтижесінде пайда болатын стресс түрлерінің бірі. жүйке жүйесін шамадан тыс жүктейді) , азықтандыру режимінің және жемнің сапалық құрамының күрт өзгеруі, бірақ, ең бастысы, жануардың вестибулярлық жүйесінде жеделдеу-баяулау, діріл байқалады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет