Кіріспе: "Миға шабуыл" әдісімен "Ұлы билер” "Кім жылдам?" ойыны



бет1/2
Дата19.09.2023
өлшемі68,57 Kb.
#108670
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
толе би (копия) (копия)


Кіріспе: 
"Миға шабуыл" әдісімен 
"Ұлы билер”
"Кім жылдам?" ойыны
"Мені түсін" ойыны. 
Сабақты бекіту

Мұғалім сөзі: Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандап өткені-тәуелсіз ел болу. Қазақ елі өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Еліміздің осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосты. Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақтың танылуына, бостандық пен еркіндіктің бастауында- қазақ халқына әйгілі билеріміздің орыны ерекше болған. 


Ердің құны екі ауыз сөзбен бітіп, 
Кім оның жарлығынан мойын бұрған. 
Тапқыштық, шешендікпен кім алса, атақ, 
Халық соны кетіпті "би" деп атап. 
Бүгінгі сабақта мемемлекеттің саяси өмірінде ел ішінде болып жатқан талас тартысқа әділ шешім беретін қазақтың билері, қазақ мемлекетінің саяси өмірінде билердің орыны өте жоғары болды. Бүгін сол ұлы биледің бір қатарына тоқталып өтеміз. 
«Атақты үш би-бір ананың тетелес үш ұлындай қатар аталып, қатар қадірленіп, ел жадында бірдей сақталған. Үш бидің қазақ халқына сіңірген өлмес еңбегі де осы үштік бірлікті нығайтқандығында». 


б) "Миға шабуыл" әдісімен 
Алдымен "Би" ұғымын қалай түсінесіңдер? Би болып сайлану үшін сайланатын адамның дәулеті, байлығы ескерілетін бе еді? Қалай ойлайсыңдар? Би деген кім, қандай болуы керек, биде қандай қасиеттер болуы керек, соны біліп алайық. 
Оқушыларды жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау, мақсат қою, нақыл сөздермен таныстыру.
Төбе би – бір хандықтың, елдің, ұлыстың, аймақтың құзырында билігін жүргізуші әр деңгейдегі билердің үстінен билік айтып, шешімін мақұлдайтын немесе ең соңғы өз шешімін қабылдайтын ең беделді де, білікті би.
Екінші – ара би. Дауласушы екі жаққа басу айтып отырушы, төбе бидің шешім шығаруына ықпал етуші би.
Сөз ұстаған би – үлкен дауда өз руы немесе тайпасының атынан түскен би, ол жақтаушы немесе айыптаушы, сонымен қатар тергеуші міндетін де атқара береді.
Алқа би – ел ішіндегі үлкен, әбден шиеленіскен дау-дамайды шешу үшін дауласушы жақтардың басын қосып өткізілетін билердің алқалы мәжілісін басқарушы, мәнсабы жоғары би.
Орда биі – би атағының ең биік деңгейі. Жалпы халықтық мәселелерді шешетін, бөтен елмен қарым-қатынас ісіне тікелей кірісе алатын, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын, ханға ақыл-кеңес беретін, тіпті жауапқа да тартуға хақылы лауазым иесі. Хандық билік осал болған тұста орда билер ел татулығын, бірлігін ұстап тұруды бақылап, қолға ала алады. Осындай аса жауапты міндеттерді атқару үшін билер бойында бірнеше қасиет болуы шарт еді – әскербасылық, әкімшілік-соттық, әрине дала ақсүйектерінің қасиеттері болуы тиіс деген мәліметте бидің бес түрі көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет