Кіріспе Мұстафа Шоқай



бет1/3
Дата20.04.2023
өлшемі33,29 Kb.
#84835
  1   2   3
Байланысты:
Шокай


Алматы энергетика және байланыс университеті
Электроэнергетика факультеті
Әлеуметтік пәндер кафедрасы

Қазақстан тарихы


№2 семестрлік жұмыс
Тақырып: Мұстафа Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі
Орындаған:Айтқұл Ә.Б.
Топ. БЭк-11-12 индекс: 5В071800
Сынақ кітапшасының №114183
Тексерген: аға оқытушы Раджапов А.Ө.

Алматы,2012



Мазмұны

Кіріспе....................................................................................................................3


Мұстафа Шоқайдың өскен ортасы,балалық шағы............................................4
Қайраткер ретінде қалыптасу кезеңі..............................................................5-6
Мұстафа Шоқайдың Түркістан Автомиясын құрудағы қызметі.................6-9
Мұстафа Шоқайдың Кеңес өкіметімен қарым-қатынасы.........................10-12
Өшпес тұлға........................................................................................................13
Қорытынды.........................................................................................................14
Пайдаланған әдебиеттер....................................................................................15

Кіріспе
Мұстафа Шоқай - Алаш қозғалысының қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, публицист. Мұстафа Ақмешіт (Перовск, қазіргі Қызылорда) уезінде 1886 жылы желтоқсанның 25 – де дүниеге келген Мұстафа сауатын ауылда ашады да, оқуды Сұлутөбе станциясындағы орыс мектебінде оқудан бастайды. Кейін 1902 жылы гимназияға (Ташкентке) түсіп, оны 8 жылдан кейін «өте жақсы» деген бағамен аяқтады. 1917 жылы Түркiстан мұсылмандары басшыларының бiрi, Уақытша үкiметтiң түркiстандық комитетiнiң және Құрылтай жиналысының мүшесi. 1918 жылдың қаңтар айында орнап, ақпан айында қарулы күшпен талқандалған Түркiстан автономиясы ("Қоқан автономиясы") Үкiметiн басқарған. Түркiстан құрылтай жиналысын шақыру жөнiндегi Комитеттi басқарған. "Әрбiр халықтың ұлт және егемен мемлекет ретiнде танылу құқығын қорғау", "бұрынғы Ресей аумағындағы жаңа мемлекеттiк құрылымдарды реакциялық, большевиктiк режимдерге қарсы күрес негiзiнде" экономикалық, саяси және дипломатиялық жолмен бiрiктiру үшiн күреседi. 
Ол "Жаңа Түркiстан" (Стамбұл, 1927-1931) журналының негiзiн қалаушы, "Жас Түркiстан" (Берлин, 1929-1939) журналының редакторы болады. Сонымен бiрге Түркiстан ұлттық бiрлестiгi (ТҰБ) Орталық комитетiнiң мүшесi, 1929 жылдан бастап оның жетекшiсi, Кавказ, Украина және Түркiстан халықтарын ұлттық қорғау органы — "Прометей" (Париж, 1926-1938) журналы редакциялық алқасының мүшесi. 1928 жылы Варшавада Польшаның Бас штабы мен Сыртқы iстер министрлiгiнiң Шығыс бөлiмi эмигранттардың барлық топтарын бiрiктiру және КСРО-ға қарсы пайдалану туралы Ю.Пильсудскийдiң алға қойған мiндеттерiне байланысты құрылған "Прометей" (Ресейдiң езгiсiндегi халықтар лигасы) халықаралық ұйымының мүшесi.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет