Тақырыбы: Ш. Уәлиханов және оның шығармашылығы



бет1/6
Дата16.12.2023
өлшемі310,78 Kb.
#140076
түріӨмірбаяны
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мирамкүл, Мунира, Салтанат, Сая Ш.Уалиханов

Ш.Уәлиханов және оның шығармашылығы

Өмірбаяны:


▶ Шоқан (Мұхаммед-Ханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысы, Құсмұрын бекінісінде дүниеге келіп, 1865 жылдың сәуір айында Кербұлақ ауданы, Алтынемел жотасының
етегінде Көшентоған мекенінде дүниеден өтті.
▶ Мұхаммед – Ханафия – кей ресми құжаттарда ғана жазылатыны болмаса, ол бүкіл ғұмыр кешкен ортасына, заманына Шоқан есімімен танылды, жаһан ғылымының биіктеріне, туған халқының жарқын болашағына ұлы Шоқан болып, Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов болып атанды.
▶ Балалық шағы Құсмұрында (әкесі Шыңғыс сұлтан болған кезде), кейін ата қонысы Сырымбет тауының бауырында Көкшетауда өткен. Тегі төре тұқымынан шыққан. Арғы атасы – Абылай хан. Оның үлкен ұлы Уәли – Шоқанның бел атасы.
▶ Жастайынан халықтық тарихи өлең-жырларды, аңыз-
әңгімелерді қызыға тыңдайды.

Білім алған ордасы:


▶ 1847 жылдың күзінде әкесінің аралас-құралас орыс достарының жәрдемімен Омбыдағы кадет корпусына
қабылданды. «Осы әскери, әмбебап білім беретін оқу орнында Шоқан жетілді, орыс жолдастарын басып озды. Екі- үш жылдан соң Шоқан өз класындағылардан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің де идея жағынан басып озды» деп жазды естелігінде бірге оқыған досы Г.Н.Потанин.
▶ Шоқан 12 жасында Омбыдағы кадет корпусында оқиды. Оқуға әкеліп түсірген адам сол кездегі қазақ істерін басқарушы комиссияның тілмашы В.И.Добшинский деген кісі болады. Корпустың оқушылары 2 топқа бөлінеді: бірі рота, онда тек чиновниктердің, жаяу әскер офицерлерінің балалары оқиды. Екіншісі эскадрон деп аталады. Онда тек қана казак-орыстардың балалары оқиды. Шоқанды хан тұқымы болса да эскадронға алады. Эскадронға қара халық баласы деп кемсітушілік болған. Қандай қиын болғанмен, Шоқанға білім берген ғалымдары: орыс
әдебиеті пәнінің мұғалімі, ориенталист Николай Федорович Костылецкий (1818-1867), жергілікті Сібір казактарынан шыққан, қазақшаны ана тіліндей білген. Шоқанның әкесі Шыңғыспен казак училищесінде бірге оқыған. Н.Ф.Костылецкий әскери училищеден кейін Қазан университетінің шығыстану факультетіне түсіп, араб,
парсы, түрік тілдерін оқып үйренуде ерекше көзге түскен. Н.Ф.Костылецкий Шоқанға Пушкин мен Низами, Гоголь
мен Фирдоусидің есімін таныстырды, шығыстанушы дәрежесіне жеткізді.
▶ Шоқан Уәлиханов 1853 жылы Омбы кадет корпусын бітіріп, «атты әскер корнеті» атағын алған соң Шоқан сібір казак-орыс әскерінің 6-атты әскер полкіне қызметке қабылданды. 1861-1862 жылдары Санкт-Петербург университетінің тарих-филология факультетінде дәріс тыңдаған.
▶ Құсмұрындағы ауыл мектебінде оқып, хан тұқымының дәстүрі бойынша араб, шағатай тілдерін жақсы меңгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет