Күйеу қоржын



бет1/2
Дата02.12.2023
өлшемі21,61 Kb.
#132717
  1   2

І нұсқа



  1. Мәтін

Күйеу қоржын


Жас жұбайлар, той иелері, құда-құдағи, жүректі жарып шыққан ақ тілектер, көңілді әуен, қызықты шоу-бағдарлама және осының барлығын бір – бірімен байланыстырып, өмірде бір рет қана болатын оқиғаны барынша есте қалатындай етіп өткізуге өз үлесін қосатындарынды асаба. Бұның барлығы бір күнде ғана орын алатын оқиғалар. Алайда, дайындығы мен машақаты бірнеше айларға созылады. Той алдында әулеттің ақылдасуы (құрылтай),
тойға дайындық, ас мәзірі, қонақтар тізімі, өтетін орны (мейрамхана), киіт және басқада кәде сыйларды дайындау, бұның барлығы уақыт бөлуді қажет ететін жұмыстар. «Тойдың боларынан, боладысы қызық» деген содан қалса керек. Бұдан бөлек, міндетті түрде өткізу керек жөн-жоралғылар, салт-дәстүрлер де бар. Оларды өткізу үшін де арнайы дайындық қажет.
1. Той алдындағы әулеттің ақылдасуы
A) Ақыл шай
B) Мейрамхана
C) Кәде сый
D) Құрылтай
E) Құда қоржын
2. Тойдың дайындығының реті
1. Құрылтай
2. Тойға дайындық
3.Қонақтар тізімі
4. Ас мәзірі
5. Кәде сыйлар дайындау
6. Өтетін орны
A) 1, 2, 4, 3, 6, 5
B) 1,4, 6, 3, 5, 2
C) 5, 1, 6, 4, 3, 2
D) 6, 4, 2, 5, 1, 3
E) 3, 4, 1, 2, 6, 5


2- мәтін
Көшпелі бабамыз жаз жайлауды той-думандатып өткізсе, қысқы күнде ит жүгіртіп, құс салып саятшылық құрған. Сөйтіп, аңға салатын құстарды, мінетін атты – жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр қаршыға, құмай тазы, айлалы сұңқар деп ерекше қасиеттерімен атаған. Осындағы құмай тазының қасиетіне тереңірек тоқталсақ… Тазының ең жүйрігін, аң алғыш, ұшқырын құмай, құмай тазы деп атайды. Халқымыз тазының ең күштісіне, жүйрігіне «нағыз құмай екен, қанатты құмай екен» деген секілді мадақ сөздер айтқан, оның ерекше қабілеттеріне сүйсінген. Өз бойына біткен ептілік, жылдамдық, әдісқойлық, түлкі-қоянды құйын­дай соғатын, тіпті арқарға, қасқыр­ға шабатын қасиеттердің бәрі құмайға тән. Құмай тазы өзінің ізшілдігімен, желмен жарысқан жүйріктігімен, сұлу мүсінімен өз аталастарының ішіндегі сырттаны, төресі деп есептелген.
Асылы, құмайдың ерекше белгілері күшік кезінен-ақ байқалса керек. Мысалы, М.Мағауиннің «Тазының өлімі» атты шығармасындағы құмай тазы – Лашынның күшік кезіндегі сипаты: «Кеуделі екен, ұзаққа шабар. Қысқа мойын, әрі шықшытты, езулі көрінеді, қайратсыз да болмас. Артқы аяғы да келісті, маймақ біткен – жүйріктіктің белгісі», ал өсе келе «Шодыр төбелі басына түйе жапырақтай жалпақ, ұзын шашақты құлақтары әсем кейіп беріп тұр. Сойдақ тістері…». Осы шығармада­ғы аты аңызға айналған Бесқара құмайдың бейнесі: «Кеудесі шынтақтан сынық сүйем десем өтірік, тура үш елі төмен, құшақ жетпес зор; бір қырындап жантаймаса, түзу жата алмайтын. Басы үлкен, шықшытты. Дене бітімі мөлшерден тыс ірі болатын. Өз тұрғыластарынан озып туған ерекше тазы», – деп суреттелген.
3. Мәтінге лайықты тақырып
A) Саятшылық өнер
B) Құмайлар өмірі
C) Құмайлардың ерекшелігі
D) Көшпелі қазақ
E) Құмай тазы
4. Құмайға тән қасиеттер
A) Салғырттық
B) Қомағайлық
C) Әдісқойлық
D) Ірілік
E) Тексіздік
5. Лашынның күшік кезіндегі сипаты
A) Артқы аяғы келісті
B) Құйындай соғатын
C) Қанатты құмай
D) Мүлдем қайратсыз
E) Шықшыты ұзын
6. Лашын мен Бесқара құмайдың ұқсастығы
A) Басы кіші
B) Шықшытты
C) Денесі кішілеу
D) Тым жүйрік
E) Езулі
3-мәтін

Батырдың бірінші ең сенімді серігі астындағы аты болса, екінші – қару-жарақ. Өйткені қару қауіпті жағдай барысында жауға қарсы қолданатын құрал. Қазақ этносының дәстүрлі мәдениетінің бір бөлігі болатын жауынгерлік қару-жарағының даму тарихы ежелгі Сақ дәуірінен бастау алып, бірнеше ғасырларды қамтиды. Қолбасшылар соғыс жүйесін ойластырғанда қару түрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып, ол қаруларды мейлінше ұтымды пайдалануға негіздеген. Сонымен қатар соғыс қарулары әскери лауазымдарды белгілеу, әртүрлі символдық мағынада да қолданылған. Мысалы, қазақ хандарын ақ киізге көтергенде олардың белдеріне қылыш байласа, Түрік қолбасылары дәреже ретінде шоқпар ұстаған. Ал байрақ тағылған найза көп халықтарда әскербасылық белгі. Қару – атадан балаға мұра болып қалып отырған.


Ер жетіп, алғаш рет ел қорғауға шыққан жас батыр әкесінің, не атасының қаруын сандықтан алып беліне тағынған.
Дана халқымыз қаруға да ерекше құрметпен қараған. Қару-жараққа байланысты өздерінің наным-сенімдері болған екен. Солардың бірнешеуін айтып көрелік. 1.Соғысқа кірер алдында батырлар қаруларына мадақ айтып, серттескен.
2. Ертеректе қаруда батырдың жаны болады деген сенім болған.
3. Батырдың қаруын ешқашан орынсыз һәм қадірсіз іске қолданбаған. Қарудың да киесі бар деп ұққан.
4. Батырларға арналған қарулар көздің жауын алатындай сәнді де қымбат тұрған. Сол себепті де қылыш, айбалта, шоқпар тәрізді қаруларды елшілікке барғанда, әр түрлі лауазым дәрежесін бергенде бағалы зат ретінде сыйға берген.
5. Жорыққа шықпаған кезде садақ, қылыш, айбалта, шоқпар үйдің керегесінде ілулі тұрған, ал, найза, сүңгі үйдің сыртындағы белдеуге қыстырылған. Соған қарап батырдың үйде екенін білген.
6. Жорық кезінде демалуға тоқтағанда, түнегенде, күзетте тұрғанда батырлар найзаларын жерге шаншып, басқа қаруларын соған іліп қоятын болған.
7. Батырлар өз қаруларын қасиетті санап, сыйынған. Оларды қастерлеп әрқайсысына жеке ат та қойған. (мысалы: ақберен, наркескен, т.б
7. Мәтінге лайықты тақырып
A) Батырлық туралы
B) Қарулардың тарихы
C) Ежелгі қарулар
D) Батырдың сенімді серігі
E) Қазақ қарулары
8. Қару түрлерінің ерекшеліктері қашан ескерілген
A) Соғысқа шығар алдында
B) Жауының осал тұстарын аңғарғанда
C) Қолбасшылар соғыс жүйесін ойластырғанда
D) Ұзақ шайқасқа шыққанда
E) Ер жігіттердің ептілігіне қарай
9.Қару-жараққа байланысты наным-сенімдерге жатпайтын қатар
A) Қаруда батырдың жаны болады деп сенген
B) Қаруға батырлар мадақ айтқан
C) Жорыққа шықпағанда садақ, қылыш сандықта тұрған
D) Батырлар түнегенде найзаларын жерге шаншып қойған
E) Қарулар киелі саналған
10.Қазақ хандарын ақ киізге көтергенде жасалатын рәсім
A) Қолдарына шоқпар ұстатқан
B) Белдеріне қылыш байлаған
C) Байрақ тағылған найза ұстатқан
D) Атасының қаруын берген
E) Киелі қару ұстатқан
11. Батырлардың қаруларына деген құрметі
A) Әрқайсысына жеке ат қойған
B) Сылап-сипап отырған
C) Ешкімге бермеген
D) Бағалы зат санаған
E) Найзаға қаруларын ілген
12. Қаруға байланысты сенім
A) Қаруда қасиет жоқ
B) Қару қанның белгісі
C) Қару жеңісті әйгілейді
D) Батырдың жаны қаруда
E) Батырдың қаны қаруда




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет