Күні: Сынып: 2 Бөлімі: Сенсорлық процестерді және кеңістікте бағдарлауды дамыту. Тақырыбы



Дата13.12.2022
өлшемі0,95 Mb.
#57012
Байланысты:
ЗПР 5 2


Күні:
Сынып: 2
Бөлімі: Сенсорлық процестерді және кеңістікте бағдарлауды дамыту.
Тақырыбы: 1.1 Есту арқылы қабылдау қабілетін дамыту
Мақсаттары: 2.1.1.5 нақты әріптер санынан сөздер құрастыру (кескінді әліппе)
Түзету – дамытушылық: Есту арқылы танымдық қабілетін дамыту.
Түзету тәрбиелік: жетістікке жету сенімділігін,бастаған істі соңына дейін жеткізуге тәрбиелеу.
Әдісі: Миға шабуыл, сұрақтар, жеке жұмыс, ойын
Көрнекілік:  суреттер, үлестірмелі материалдар, қарындаш.

Іс-әрекет кезеңдері

Дефектологтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері: «Шын жүректен»
Ән салуға барамыз, (шеңбер бойлай жүреді)
Досымызды табамыз. (тоқтайды)
Сәлемет пе! Міне мен! (қолдарын екі жаққа сермейді)
Доспын енді сенімен! (көршілерімен қол алысады)

Шаттық шеңберде қимыл -қозғалыстар жасайды



Ұйымдастыру - іздестіру



1) Жаңа сабақ.
Қазақ тілімізде 42 әріп бар, енді соны есімңзге түсірейік. Әрбір әріптің айтылуымен жазылуын білеміз.

2)Түзету – дамытушылық кезең:
1.Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Өрнектің мәнін тап.



2.Ойлау қабілетін дамыту.
Айырмашылығын тап.
10 айырмашылығын тап.

3.Сөйлеу тілін дамыту.
1-ші ойын – «Күн мен түн».
Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, қажет ұғымды іздеуде зейінді ұмтылдыра білу.
Мазмұны: педагог сөз айтады, балалар оған мағынасы қарама-қармсы сөз айтады: «Күн-түн, тәтті – ащы және т.б.».


4.Қол моторикасын дамыту.
Саусақ жаттығуы.
«Кірпі» жаттығуы
Момақанмын алайда, (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)
Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды).
Кіріп кетсе қолыңа,
Өкпелеме жарайма!
«Қиылған суреттің бөліктерін құрастыру» дидактикалық ойыны.
Мақсаты: Ұсақ қол моторикасын дамыта отырып, дене бөліктерін атау.
5.Есте сақтау қабілетін дамыту.
«Алтыншыны ата»ойыны
Ойынға бірнеше ойыншы қатысады.Біреуі жүргізуші.Ол қатысушылардың біреуіне «Алтыншыны ата»- деп бес өсімдік(жануар,құс, балық,жәндікжәне т.б.) атын тез айтып шығады.Жүргізушінің топтамасына алтыншы- сын тез жалғастыру керек. Бір сөз қайталанбау керек. Жауап кідіріссіз берген ойыншы жүргізуші болады. Ал,егер жауап бере алмаса жүрізуші өзі жалғастырады.
3)Сергіту сәті:
Ұшып келді бір топ қаз,
Қонған жері, бірақ саз.
Сазды шоқып, тағы шоқып,
Ұшып кетті бір топ қаз.

Оқушы жауап береді.

Саусақ жаттығуын орындайды.


Пазлды құрастырады.



Сергіту сәтін орындайды.

Рефлексивті - түзетушілік



Сау болыңыз!



Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Есту арқылы есте сақтау туралы түсінік қалыптасады.
Қандай түсініктерді игерді: Толықтай жауап беру қабілеттері артып, әңгіме барысында көп нәрсені түсініп, білді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Есту арқылы қабылдау қабілетін дамыды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет