Логопедиялық жұмыстарда массаждық зондтарды қолдану



бет1/3
Дата27.11.2023
өлшемі91,21 Kb.
#129287
  1   2   3

Логопедиялық жұмыстарда массаждық зондтарды қолдану
Әр түрлі тіл кемістіктерін түзету кезінде қолданылатын бірден-бір емдік логопедиялық массаждың бірі Е.В.Новикованың әдісі бойынша зондпен массаж жасау болып табылады.
Е.В.Новикова тілге, ерінге, бетке, жақ сүйектеріне, жұмсақ таңдайға арналған ерекше массаж түрлерін және зондтар жинағын жарыққа шығарған. Осы зондтар көмегімен бұлшықеттерді қозғалту, оларға қысым түсіру, ығыстыру, үйкеу сияқты әр түрлі қимыл-қозғалыстар жасайды. Бұл әдіс өзінің құндылығының арқасында куәлік қағазына ие болды және комплиментарлы медицинаның халықаралық тізіліміне енгізілді.
Бұл әдіс өте қарапайым және тиімді болып табылады. Ол мақсатқа сәйкестендіре ықпал етіп, артикуляциялық мүшенің жарамсыздығын қарқындата және қалпына келтіре отырып мүмкіндік береді. Дыбыстаудың тұрақтылығы жылдам өтеді.
Массаж жасау үшін 12 арнайы зонд түрлері жасалынған, олардың әрқайсысы белгілі бір топқа, яғни тіл бұлшықетіне, бетке, жаққа, ерінге, жұмсақ таңдайға әсерін тигізеді.

1 « Шаңышқы тәріздес » зонд тілдің, жақтың, беттің, жұмсақ таңдайдың бұлшекеттеріне массаж жасауға қолданамыз. Ол лұқсу рефлексін анықтау шегіне және бұны жеңілдету үшін қажет.


Зонд бұлшықеттерді шаншу үшін арналған. Мұндай ықпал етудің нәтижесінде бұлшықеттер белсенді жиырылады.
Зондпен шаншу кезінде қысқа, жиі, жеңіл қимылдар жасалады, шаншулардың арасы бір-бірінен алшақ болмауы керек.
Қарқынды әсер алу үшін таптауды бұру арқылы жүзеге асады : яғни, алдымен зондты белгілі бір жерге қойып, 4-6 секунд аралығында қайталап оны оңға, солға, артқа бұрамыз. Айтылмыш тәсілдың тағы бір нұсқасы : зондты бұлшықетке қойып, сағат тілімен (немесе сағат тіліне қарсы) бағытта , зондты қимылдату қажет. 5 секунд бойына қысым түсіру керек. Зондты қойған орыннан қозғалтпау тиіс.
2 « Сегіздік » зонды тілдің бұлшықетіне, жаққа, бетке, ерінге массаж жасауға арналған. Бұлшықеттерге батыра басып үйкеуге арналған құрал : ол үшін ілмекті бұлшықетке қойып ( тереңдетіп батыру) 6 рет жоғары-төмен үйкей қозғалыс жасаймыз. Зондты басқан орнынан қозғалтпау керек. Содан соң зондты жылжытып, басқа аумақты да үйкейміз. Зондымыз етке батырылып, орнында айналып, бұлшықеттердің белсенді жұмыс жасауына септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет