Күннен -күнге асқақтай түскен Шиелінің ажары ғана емес, тазалығы да өзге өңірлерге үлгі болуы тиіс



Дата26.03.2023
өлшемі15,58 Kb.
#76239

ТАЗАЛЫҚ-САУЛЫҚ НЕГІЗІ

Күннен -күнге асқақтай түскен Шиелінің ажары ғана емес, тазалығы да өзге өңірлерге үлгі болуы тиіс.


Бүгінгі күнге дейін қоғамдық даму бөлімінің қызметкерлері кент орталығындағы Абай, Шыныбеков, Бөгенбай батыр, С.Кәрімбаев, Алтынбеков, К.Байсейтова көшелеріне тазалық сақтау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық парақшалар таратты.

Қазіргі таңда аудан тазалығын сақтау үшін сенбілік шаралары ұйымдастырылып, қоқыс тасталған аймақтарға арнайы техникалар жұмылдырылуда.


Тазалық - денсаулық кепілі. Бей-берекет жатқан қоқыс сіз бен біздің денсаулығымызға қаншалықты кері әсерін тигізіп жатқанын байқай да бермейміз. Сондықтан, Шиелі ауданының тазалығы мен көркейту, көгалдандыру жұмыстарына бірлесе отырып, үлес қосуға шақырамыз!


Тазалық мәдениетін өзімізден бастайық!


Назым Шайықбек
ТАЗАЛЫҚ БАР ЖЕРДЕ БЕРЕКЕ БАР
«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.
Сондай-ақ Тазалықты жанына серік еткен “Аққайың” балабақшасының қызметкерлері С.Алтынбеков көшесін санитарлық тазартып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жалпы кент тазалығын сақтау-баршаның міндеті екендігін ескертіп, тұрғындарды қоршаған ортаны ластамауға шақырды.


Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізуде.Көше тазалығына әрбір тұрғын жауапты екенін ұмытпайық.


Бұл шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.




Назым Шайықбек

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет