Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«Бақытты бала – Бақытты ана – Бақытты отбасы – Бақытты ел» Жол картасының 62 және 65-тармақтарын орындау үшін
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жоғарыда көрсетілген тармақтарды орындау үшін төмендегіні хабарлайды. Жаңа «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасына төсек-орын мен тамақтануды ұсына отырып, анасына (әкесіне) немесе өзге сүйемелдеуші адамның бірге болуына мүмкіндік беру үшін балалардың жас санаттарын кеңейту (5 жасқа дейін) бойынша түзетулер енгізуге қатысты
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Кодексінің жобасын әзірлеп, Министрлікпен 2019 жылы 30 шілдеде келіскенін атап өткен жөн.
Кодекс жобасында аталған өзгеріс қарастырылған, бұл ретте оны іске асыру үшін бюджеттен қаражат бөлу талап етілмейді.
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде психоневрологиялық, онкологиялық аурулармен, бауыр циррозымен ауыратындар үшін жай препараттар енгізуге қатысты
2019 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджетте амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 96,3 млрд. теңге сомасында қаражат қарастырылғанын атап өткен орынды.
Дәрілік заттарға арналған шығыстар «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы №666 бұйрығына сәйкес қарастырылады.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі өз құзыреті шегінде аталған мәселені амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз етуге көзделген қаражат шеңберінде қарастыруы қажет деп ойлаймыз.
Вице-министр Т. Савельева
Орынд.: С. Оспанова, 750301
Достарыңызбен бөлісу: |