Ұйымдастыруды қамтамасыз ету тәрбие



бет1/9
Дата15.09.2022
өлшемі95,01 Kb.
#39181
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ӘНХ тәрбие жұмысы





2. ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

ТӘРБИЕ

ЖҰМЫСЫН



2.1 Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын жүзеге асыру
Осы бөлімде орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық құжаттарды ескере отырып, жаңа оқу жылында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың басым бағыттары қарастырылады. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі басымдықтар білім алушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, баланың жеке басына құрмет пен сенім, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітушілікке жол бермеу болып табылады.




  • Білім күні салтанатты жиын өткізіледі. Өткізу форматын білім беру ұйымы дербес айқындайды.

  • 1-11 сыныптарда 2022 жылдың 1 қыркүйегінде балалар жылына арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында сынып сағаты, ашық сабақ өткізіледі.

  • Сынып сағаты аясында мұғалімдерге білімге деген ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық, сондай-ақ жаңа оқу жылында рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамыту туралы бірлескен талқылау ұйымдастыруға, достық қарым-қатынастың, жауапкершілік пен бір-біріне деген құрметтің маңыздылығын ашуға кеңес беріледі.

2022-2023 оқу жылында тәрбие жұмысы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері шеңберінде іске асырылады, оның негізгі идеясы Абайдың «Толық адам» рухани мұрасында бейнеленген үйлесімді дамыған адамның ұлттық бейнесі болып танылады. «Толық адам» тұлғалық жеке қасиеттері білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында, Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» және «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» бағдарламалық мақалаларында және басқа да мемлекеттік тұжырымдамаларда айқындалған құндылықтар мен басымдықтарды жеке тұлғаны тәрбиелеудің бірегей жүйелік тәсілімен қамтамасыз ету үшін біріктіреді.
2022-2023 оқу жылының басталуына арналған 1 қыркүйек Білім күнін және «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында бірыңғай сынып сағатын өткізу Тұжырымдамасы.
Қыркүйектің бірінші күні білім беру ұйымдарында білім күніне арналған салтанатты жиын өтеді.
Өңірлік білім басқармалары жаңа 2022-2023 оқу жылын жариялайтын ісшараның жоғары идеялық-құндылықтық мазмұнын қамтамасыз ету мақсатында қажетті іс-қимылдарды үйлестіреді.
Білім беру ұйымдары оған бүкіл мектеп қоғамдастығының қатысуын қамтамасыз етеді.
Салтанатты жиын және алғашқы сынып сағаты бұл мектепте жаңа оқу жылының ашылуына арналған әрі білім берудің адам өміріндегі маңызы мен рөлін айқындайтын іс-шаралар болып табылады.
Салтанатты жиынды өткізу түрін, қатысушылар құрамын білім беру ұйымдары дербес айқындайды.
Мемлекеттік туды алып шығу және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіне сәйкес жүргізіледі 1.
Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру.
Міндеттері:

  • қатысушыларды өткен оқу жылының жетістіктерінен хабардар ету;

  • білім алушылардың бойында оқуға құштарлық пен білім алуға деген ұмтылысын қалыптастыру;

  • білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;

  • өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру.

Салтанатты жиынға келесі өкілдердің қатысуы ұсынылады:

  • аудан/қала/облыс әкімдері;

  • бөлімдердің/білім басқармаларының басшылары;

  • қамқоршылық кеңесінің мүшесі;

  • 1-сынып оқушысының ата-анасы/заңды өкілі.

Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарының/заңды өкілдерінің бірінің іс-шараларға қатысуының маңыздылығына назар аударамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет