Кодекс Куманикус сөздігіне тақырыптық-мазмұндық шолу жасау; -бұл еңбектердің тілін зерттеген ғалымдардың еңбегіне баға беру



бет1/4
Дата07.04.2023
өлшемі208,68 Kb.
#80174
түріКодекс
  1   2   3   4

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

МӨЖ


Тақырыбы: «Кодекс Куманикус» сөздігіне тақырыптық-мазмұндық шолу жасау; -бұл еңбектердің тілін зерттеген ғалымдардың еңбегіне баға беру;

Орындаған: 7M01701-қазақ тілі мен әдебиеті


1 курс магистранты Аубакир Дана
Тексерген:Қосымова Гүлбану
(фил.ғыл., докторы, профессор)

Алматы, 2023 жыл


Тақырыбы: «Кодекс Куманикус» сөздігіне тақырыптық-мазмұндық шолу жасау; -бұл еңбектердің тілін зерттеген ғалымдардың еңбегіне баға беру;
Кіріспе

Негізгі бөлім



  1. Қыпшақтануға қосылған құнды еңбек

  2. «Кодекс Куманикус» қолжазба ескертішін зерттеген ғалымдар

Қорытынды


Пайдаланған әдебиеттер


Кіріспе


Мыңдаған жылдардан бері ұлы Далада тіршілік кешкен көшпенділердің ғажайып мәдениетінің қазіргі мұрагері қазақтар десек артық айтқандық емес. Сол ұлы өркениеттің арқауын үзіп алмай, күні бүгінге дейін жалғастырып келе жатқан халықтың өмір сүрген жері орта ғасырда «дешті қыпшақ» деп аталғаны белгілі. Алтын Орда дәуірінде қыпшақ даласындағы түркі халықтарының мәдениеті, әдебиеті қанатын кеңге жайып, жоғары дәрежеде дамыды. Аталған кезеңде әл-Хорезмидің «Мұхаббат намесі», Сайф Сарайдың «Гүлістан бит Түркиі», Құтбтың «Хосрау – Шырыны», Дүрбектің «Жүсіп – Зылихасы» және басқа да әдеби ескерткіштер дүниеге келді. Бұл жәдігерлермен бір қатардан орын алатын қыпшақ тілінің сөздігі – «Кодекс куманикус» атты кітаптың да маңызы мен мәні өте зор деп айтуға болады. Бұл кітап заман талабына сай жазылған туынды деп бағаланған.
Алтын Орда дәуірі кезеңінде ұлы даладағы түркі тайпалары әскери күш қуаты жағынан әлемде теңдесі жоқ күшке ие болып, олардың ықпал-әсері алыс-жақын елдерге өте жоғары болған және қыпшақ тілі халықаралық тіл дәрежесіне көтерілді. Бұның айқын дәлелі – куман-латын-парсы-латын, герман-латын тілдерінің сөздігі түзілген «Кодекс куманикус», яғни «қыпшақтар кітабы». Ол ескерткіш 1303 жылы жазылған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет