Когнитивтік лингвистика



Дата15.04.2023
өлшемі14,21 Kb.
#82666

2.2 Когнитивтік лингвистика
Когнитивтік лингвистика заманауй лингвистиканың жаңа бағыттарының бірі. Ол үлкен екі ілімнен –жалпы тіл білімі мен когнитивтік ғылымнан негіз алады. 1) [ЛИНГВИСТИКАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ Жанар Жорабекқызы Есеналиева, 105 б].
Когнитивтік лингвистика — XX ғасырдың 70 жылдары Европада кең таралған лингвистикалық бағыт болып саналады. Бұл лингвистикалық бағыт өзінің пайда болған отаны Америка Құрама Штаттары. Когнитивтік лингвистика - тілдің танымдық табиғи болмысын зерттейтін ғылым болып табылады. 2) [ https://stud.baribar.kz/1680/kognitivtik-lingvistika-qalyptasuy/].
Когнитивтік лингвистика когнитивтік құрылымдарды қарастырумен қатар, адам санасында тілдік және тілдік емес білімдер жүйесінің құрылымын, сондай - ақ тілдік және тілдік емес ақпараттарды игеру, өңдеу, қолдану секілді әрекеттердің жүзеге асуын қарастырады. 3)[http://cms.arsu.kz/api/elibrary/, 35б].
Когнитивтік лингистикада тілдің таным кұралы және танымның алғы шарты екендігі басты назарда ұсталынады. В. Гумбольдт кезінде тілдің адам болмысы мен танымының барлық аясын қамтитын адами рухтың басты қызмет екендігін баса көрсеткен болатын.
Когнитивтік лингвистиканың алдына қойған міндеттері: біріншісі - дүниені игеру және тану процесіндегі тілдің ролі болса, екіншісі - дүние туралы ақпаратты кабылдау, жалғастыру (тасымалдау), қайта өңдеу болып табылады 4) [ https://stud.baribar.kz/1680/kognitivtik-lingvistika-qalyptasuy/].
Тарихи тұрғыда когнититивтік лингвистика Н.Хомскийдің генеративизиміне альтернатив ретінде пайда болды. Қазіргі когнитивтік лингвистика да екі теориялық бағытқа жіктеліп отыр. Бірі ол теорияны қабылдаса, екіншісі Хомскийдің теориялық ұстанымын мүлде қолдамайды. Қазіргі таңда когнитивтік лингвистиканың басты орталығы Калифорния университетінің Беркли және Сан-Диего бөлімдері, сондай-ақ, Буффалодағы Нью-Йорк университетінің Когнитивті ғылымдар орталығы. Европада когнитивті лингвистика әсіресе Голландияда, Германияда ерекше дамуда. Лингвистиканың өзекті мәселелері Ресейде когнитивтік лингвистика бағыты бойынша А.Н. Баранов, Е.С.Кубрякова, В.И.Карасик, Н.Н. Болдырев т.б. ғалымдар аса маңызды зерттеулер жүргізуде және бүгінгі таңда «когнитивтік лингвистика» лингвистиканың ерекше бағытының біріне айналды. Қазақ тіл білімінде профессор Б.Қалиевтің еңбектерін атап өтуге болады 5) [Б.Қалиұлы 2008.- 91 б. Б.Қалиұлы 2012.- 232 б].
Когнитивтік лингвистикалық зерттеулер Америкада – Хомский Н, Джонсон М., Лакофф Дж., Лангакер Р. және Ресейде – Апресян Ю.Д., Кубрякова Е.М., Караулов Ю.Н., т.б. еңбектерінен көрініс тапқан. Бірақ бір жүйеге түскен, нақты бір жерге тоғысатын пікір жоғы рас. Когнитивтік лингвистика саласында зерттеу жасап жүрген ресейлік Н.Н.Рябцева батыс және ресейлік лингвистикада когнитивтік деп санауға болатын бір де бір жалпы қабылданған анықтама жоқтығын көлденең тартады. Солай бола тұра, когнитивтік деп есептелген зерттеулердің көпшілігі когнитивтік емес, ал алдына когнитивтік негізде мақсат қоймаған семантикалық зерттеулердің мазмұнында бұл мүдде орындалғанын (Ю.А.Апресян, Н.Д.Арутюнова, А.Г.Шмелев, Г.В.Булыгина, В.Левонтина) жазады . Бұдан соң когнитивтік лингвистика қайдан пайда болды деген заңды сұрақ туындайды. 6) [Оразалиева Э. Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік парадигма (Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация) Алматы, 2007; 4.11].

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет