Сабақтың тақырыбы Дара және күрделі сан есім Мұғалімнің аты-жөні: Абдихожаева Гульнар Женисбековна



Дата31.12.2021
өлшемі30,71 Kb.
#21803
түріСабақ

Пән: қазақ тілі

Мектеп: Намазбай Ақшабаев



Сабақтың тақырыбы Дара және күрделі сан есім

Мұғалімнің аты-жөні: Абдихожаева Гульнар Женисбековна.

Сабақ мақсаттары

Сан есімнің дара, күрделі түрлерімен танысады; күрделі сан есімнің емлесін меңгереді; сан есімнің дара және күрделі түрлерін ажырата біледі;сөйлем ішінен сан есімдерді тауып, дұрыс сұрақ қоя алады.

Жетістік критерийлері

Сөйлем ішінен дара және күрделі сан есімдерді табады, оларды түрлеріне қарай ажыратады, топтастырып жазады.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, орыс тілі, ағылшын тілі сабағы

Акт қолдану дағдылары

Планшет, бейнеролик

Тілдік құзіреттілік

Сан есімдер

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

Сабақтың

басы

Ортасы


Психологиялық дайындық. Көршілерінің аттарының бірінші әрпіне байланысты сын есім айту. Мысалы: Рамазан – рақымды...
Үйге берілген тапсырманы жұптасып тексереді. Кезекші оқиды, қалғандары тексереді.

4-жаттығу.Берілген сын есімдерге қарсы мәндес сын есімдер тауып жазады.

Ауызша сын есім ережесі, қарсы мәндес сын есім ережесі сұралады.
Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбын хабарлаймын. Оқушылардан бүгінгі сабақта немен айналысатынын сұраймын.

Сабақтың мақсаты айқындалады. Сан есімдерді табады, түрлеріне қарай ажыратады. Ережесімен танысады.
Бағалау парағын түсіндіру, балаларға таратып беру.

-Балалар, біз бүгін сендермен «Теңіз қарақшылары» ойынын ойнаймыз. (Ойын шартымен танысады: Теңіздің картасын екі топқа үлестіру, карта арқылы қарақшылар ұрлаған сандық ішіндегі қазынаға қол жеткізеді, ол үшін тапсырмаларды орындап, Алтын теңгелерді топ қоржынына жинайды.)


Дәптермен жұмыс.Күн ретін және көркем жазу сәтін жүргізу.

Tt taýyq, taraq, tekemet.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. ӨБЖ Дескриптор құрастырады. (4 балл)

1.Сөйлемдерді оқиды

2.Сан есімдерді теріп жазады

3.Дара және күрделі сан есімдерді ажыратады, астын сызады

4.Сауатты, көркем жазады.

ӨБЖ. Тапсырмасын тексереді кері байланыс береді. Бағдаршам арқылы өзін-өзі бағалау. «қанша балл қойғанын, себебін анықтаймын)
Жаңа тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіледі. Дара және күрделі сан есім.

-Балалар, қане сан есім туралы не білдік?

Б.Ж.

Келесі порт: Өртті қарақшы тапсырмасы. Топтық жұмыс. (3 балл)



Топқа мәтінді беремін. Дескриптор:

1.Сөйлемдерді оқиды.

2.Дара және күрделі сан есімдері бар сөйлемдерді көшіріп жазады.

3.Қатесіз, көркем жазады.

І топ

Киттің түрі – жолақ кит. Оның ұзындығы отыз үш метрге дейін, салмағы 150 тоннаға дейін жетеді. Оның жаңа туған баласының ұзындығы алты метрден асады.


ІІ топ.

Табиғатта өмір бойы аяғынан тік тұруымен өтетін жануарлар бар.Олар – пілдер. Пілдің дене тұрқы- 8 метрге дейін жетеді.Салмағы тоғыз тоннадай болады. Олар жетпіс-сексен жыл өмір сүреді.


Әткеншек әдісі арқылы топтық бағалау.

Бөтелкедегі хабарлама.Топтық жұмыс(3 балл)

Дескриптор

1.Берілген сөздерді оқиды.

2.Сөздерден сөйлем құрастырады.

3.Дара және күрделі сан есімдерді ажыратады.
1 топ.

Búgіn aqpannyń on segіzі. Bіzdіń synypta jıyrma oqýshy bar.


2 топ.

Toqtar Áýbákіrov bіrіnshі qazaq ǵaryshkerі. Aptada jetі kún bar.

Топтар жұмыстары алмастырылып бір-бірінің жұмыстарын тексереді.

Топтық бағалау, кері байланыс береді.



Сергіту жаттығуы.

Шаршасаңдар,балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Бір, екі,үш,төрт,бес,

Саусақтармен ойнаңдар.

Денелерің шынықсын,

Саналарың тынықсын.
Ұшқыш етік тапсырмасы. Капитандар сайысы.

Кеме капитаны көңілді шумақтарды оқиды(3 балл)

Дескриптор.

1.Мәнерлеп оқиды.

2.Жаңылмай оқиды.

3.Қатесіз оқиды.

Капитандар бірін-бірі бағалайды.
1-топ: Же1 екен 1қазан:

Кей1 жемді 1қазан

1-ақ қойды жеп.

Кү1 етті ,

«Тойдым», - деп..

Естіп 1 кез дү1ді,

Жағадағы тү1ді

Паналауға жүгірді


Баласына ж2ріп

Ұрсып жатыр К2лік:

-2леніп, с2ріп,

Алып қапсың «2лік».

2ншілей «2ңді»

Көрсетпе!-деп ж2ді.

К2рейіп баласы,

2леніп таласып,

«Жоймасамба «2мді»!»

Деп б2нген с2лді,

2-топ: 3 тентек баласы

3інші класстың

Доп 3ін таласып,

К3терін сынасты,

Бір допты кішкене

3еуі ап құшаққа ,

Барынша к3ене,

Тартысты 3 жаққа...

3 досқа

Үйшікте


Жатқан кеп к3ік те,

Тұмсығын 3кілдеу

Көтеріп т3кірді.

«Жағдай м3кілдеу»,-

Дгендей 3 үрді –

Өзінше 3 досты

Басқанып , «3кірді» .
6 бала ел с6н баққан

Тепті ұзақ күн 6бақан .

Бөсті бізге 6ш тым:

-Тұрмаушы едім қ6рап,

Б6қта көп м6дым:

Жауырыным ж6рап,

Көрінбейтін б6рым.



Сабақтың соңы

Құпия хат. Топтық жұмыс (5 балл)

Хат ішінде сандар беріледі, сол сандарды дара және күрделі сан есімге топтастыру ( сандарды 3 тілде айтады). Тақтаға «Т» кестесіне іледі.

Дескриптор:

1.Өрнектің мәнін табады.

2.Мәндерді үш тілде айтады.

3.Дара және күрделі сын есімді ажыратады.

3², 4*7, 80:2, 20+21, 2*1,

6*10, 100-3, 8*4+2, 100:2+49, 10²

«Т» кестесіне өрнектердің мәнін топтастырады, жауабын дәлелдеп айтады.
Топтың жинаған қазыналарын санайды.

Бағалау парағының қорытындысын шығарып, бағаға айналдырады.

Бағалар шкаласы:

«5» 18-15

«4» 14-10

«3» 9-6


Үйге тапсырма беру.

Рефлексия

Пікір ағашына кері байланыс жапсырады. Оқушылар өз пікірін айтып жапсырмалайды.







Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет