Көкешова Әсемгүл,ҚТӘ-301 Эссе Даналық кітабының идеясы



Дата17.10.2023
өлшемі14,89 Kb.
#117309
Байланысты:
эссе


Көкешова Әсемгүл,ҚТӘ-301
Эссе
Даналық кітабының идеясы
“Диуани хикмет” немесе “даналық кітабы”,“ақыл кітабы” деп те атайды.Қожа Ахмет Яссауи дің сопылық идеясын жыр еткен,этикалық-дидактикалық мазмұндағы әдеби шығармасы.
“Диуани хикмет” кітабы әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейді.Қожа Ахмет Ясауи әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты деген түйін жасайды. Ал имандылық дегеніміздің өзі Алланың құлына ғана тән, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, оны құдай жолына салып отыратын киелі күш деп түсіндіреді. Ақынның айтуы бойынша, имандылықтың ең басты көрінісі – мейірімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарау болып табылады. «Диуани хикметте» әрбір адамға қажетті қанағат-ынсап сезіміне ерекше мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екенін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады. «Ақыл кітабы» адамның ішкі жан-дүниесінің түрлі теріс ой-пиғылдардан, жаман ниеттерден таза болуын талдап, Алла алдында пәк, кіршіксіз болуға шақырады.
Сөзді айттым кімдерге де етсе талап,
Ашық сөйлеп жақын жанды жанға балап.
Ғаріп, пақыр, жетімдердің басын сипап,
Діні қатты халайықтан қаштым, міне.
Қайда жүрсең көңіл жұмсақ, сыпайы болғыл,
Көре қалсаң мүсәпірді дәмдес болғыл.
Махшар күні құзырына жақын болғыл,
Менменсінген халайықтан қаштым, міне.
Қожа Ахмет Яссауидің хикметінен алар тәлім-тәрбие,берер білім ұшаң теңіз..Бұл дүниедегі адамдар арасындағы əр алуан қарым-қатынас:мансап пен байлық,билік,кедейлік пен қанағатшылдық,нәпсі мен тәубашылдық,хаққа сиыну секілді түйінді жәйттер дін талабы тұрғысынан сарапталады.Бұл дүниенің баянсыздығы мен ол дүниенің бақилығын салыстыра отырып, қанағат ,адамгершілік ,мейірім- шапағат,адалдық,ізеттілік жайыңда сөз қозғайды.Осыған орай ақын Мұхаммед пайғамбардан үрдіс болып келе жатқан жол:жиған малдың қызығын көру,өзге жетім-жесір,мүсәпірлерге де қайырымды болу,жасаған күнәңді дер кезінде түсініп, тәубаға келу,Аллаға сол туралы шын көңілден жалынып-жалбарынудың қажеттігін ұтымды түрде сипаттайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет